Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктердің қасиеті



бет2/8
Дата05.06.2017
өлшемі0,81 Mb.
#17900
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Себебі:Бұл сабақ дәстүрлі сабақ түрінде жоспарланып, оқушыларға тапсырмалар денгей түрінде берілмеді,тек қана дарынды оқушылармен ғана жұмыс жасап кеттім.В-С денгейдегі оқушыларға мүлдем көңіл аударылмай қалды. Осы кемшіліктер үшін екінші зерттеу сабағының жоспарын құрғанда тапсырмаларды денгейге бөліп, В,С денгейлі оқушыларды сөйлетіп, жұмыс жасату керек екенін түсіндім.
Оқушыларға туған қиындықтар мен өзім көп сөйлеп, оқушыға сөйлеуге мүмкіндік бермегенім, С-денгейлік оқушыларға өте күрделі тапсырма бергенім.
Екінші зерттеу сабағы

Сабақтың тақырыбы: Тура теңдіктердің қасиеттері Күні:22.02.2016

Білімділік: тура теңдіктің қасиеттерін қайталайды. Есепті теңдеу құру арқылы шығара алады.
Дамытушылық: оқушылардың ой өрісі дамиды, өз бетімен жұмыс істеу дағдылары жетіледі.Шығармашылық жұмыстар орындай алады.
Тәрбиелік: отан сүйгіштік, ұжымдық сезімдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақтар (слайдтар)

Мектебіміздің бірінші және екінші денгейлік көшбасшыларымен ақылдаса келе екінші сабақты жоспарладық. Ақылдаса келе бұл сабақты бірінші оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Зымыран сұрақтар»арқылы бастаймыз деп шештік.Бірінші сабақтың соңында оқушылардан алынған кері байланысты ескере отырып, оқушыларға ұнаған ойыннан математикалық эстафета ойынын да осы сабаққа кіргіздік. Соны да ескере келе бұл сабақтада математикалық эстафета ойнады.Екінші зерттеу сабағында біріншіге қарағанда А,В,С –оқушылары да белсене сабаққа қатынаса бастады. А-денгейіндегі (Алтынай сұрақтарға толық жауап беріп, С-денгейдегі Бекзатты сабаққа қатыстырып, сөйлетіп топтық жұмыстарда постерді қорғауға көмектесіп отырды. Бұл сабақ қайталау түрінде болды.Математикалық эстафетада А,В,С дегейдегі де басқа да оқушылар белсенді болды. «Зымыран сұрақтарда да» оқушылар шуылдасып мен жауап берем мен жауап берем деп бір-бірімен таласып сабаққа жақсы қатысып отырды.Тақтаға бірнеше есеп шығарлды. Тест жұмысы, өздік жұмыстар берілді.







Екінші зерттеу сабағын қортындылай келе оқушылардан кері байланыс алғанда, оқушылар бұл сабақ көңілді ,қызықты өткенін айтып ертеңгі сабақтың да бұданда қызықты өтетініне сенімді екендерін айтты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет