Тарих indd



бет16/68
Дата17.08.2022
өлшемі0,96 Mb.
#148120
түріУчебник
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
репина док


Тарихи шығармалар мен көркем әдеби туындылардың қандай ортақ тұстары болуы мүмкін? Екеуінің де белгілі бір авторлары мен оқырмандары бар, екеуі де жазбаша мәтіндер түрінде беріледі. Ал негізгі айырмашылықтары тарихшы мен көркем шығарма авторының алдында тұрған міндеттерінде екен. Тарихшының міндеті – өткеннің шынайы бейнесін жасау. Ол сақталған құжаттық деректермен шектелуге мәжбүр болады. Көркем шығарманың авторы үшін ең маңыздысы – өзінің шығармашылық ойын сәтті жүзеге асыру мен оқырмандарын қызықтыра білу. Ол шындық немесе шынайы деп қабылданғанның бәрін ескеруге міндетті емес.
Тарих пен әдебиеттің өзара байланысына қатысты мұндай көзқарас кең тара- ған. Ол көзқарас кез келген адамға жазбаша мәдениеттің пайда болған уақыты- нан бастап шындық пен ойдан шығарылғанның, тарихи сипаттау мен көркемдік баяндаудың айырмашылығын ажыратуға мүмкіндік берді. Алайда әрдайым бұ- лай бола бермеген. Біз келтірген кең қолданыстағы көзқарас тек хіх ғасырдың екінші жартысына жататын ғылыми және гуманитарлық білімнің дамыған са- лыстырмалы қысқа ғана кезеңіне тән болды. Сол кезеңде «тарих – өткеннің оқи- ғаларын қайта қалпына келтіретін ғылым» деген түсініктер бекітілген. Аталған ғылыми бағытты ұстанушылар әдебиет пен тарихқа байланысты қандай да бір ортақ әрекеттің болуына қарсы болды немесе тарихшыларға өздерінің еңбекте- рін оқырман қауымға анық әрі түсінікті тілде жазуды ұсынды.
хх ғасырдың басында тарихи білімнің сипатын түсіну бағытында өзгеріс- тер орын алды. Өткенді қалпына келтіру ісінде тек деректерге ғана сенім арта бермеу туралы пікірлер айтыла бастады. Көпшілік жағдайда олардың материал- дары тарихшыны қызықтыратын дәуірдің толық бейнесін сипаттауға жеткілік- сіз болып шығады. Сол себепті оларға әрдайым тек өздерінің түйсіктеріне ғана сенім артып, қорқынышын жеңіп, тәуекел ете отырып әрекет етуге тура келе- ді. Бұдан бөлек, гуманитарлық ойда орын алған құрылымдық революциядан (XX ғасырдың 60-жылдары) кейін жазбаша мәтін тарихи зерттеудің негізі болып саналатыны туралы ой-тұжырым жасалды. Бұл дегеніміз – өткенді зерттеу тари- хи деректердің жазбаша мәтіндерін түсіндіруден басталады деген сөз. Мұндай интерпретацияның соңғы нәтижесі – жазбаша мәтін, яғни тарихи мақала неме- се монография. Зерттеуші өзінің заманындағы әдеби мәдениетте қолданыла- тын көркемдік құралдардың жинағы мен риторикалық тәсілдерді пайдаланған жазушы сияқты еңбек етуі керек. Осы көзқарас тұрғысынан қарағанда, тарихи шығарманы әдеби туындының ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Оның арнайы міндеті – өзінің оқырмандарын оқиғада бейнеленгендердің сипаты шы- найы екеніне сендіру.
Осылайша тарих пен әдебиеттің арасында өте тығыз байланыстың бар еке- ні байқалды. Кез келген прозалық шығарманың (әсіресе тарихи роман немесе реалистік новелла) авторы белгілі бір тарихи детальдарды білгені жөн. Егер та- рихшы өз еңбегінде қазіргі әдеби тәсілдерді пайдаланбаса, өткеннің оқиғалары туралы қандай да бір тұтас ой-түсініктерді жеткізе алмайды.
Антикалық кезеңнен бері тарихпен шұғылданудың шеберлікті талап ететіні белгілі болды. Алайда ежелгі гректер мен римдіктерде бүгінгі мағынасындағыдай

ТАРих ҚАЛАй ЖАЗЫЛАдЫ? 45
көркем әдебиет түсінігі болған емес. Ауызша шығармашылықтың (ауызша немесе жазбаша, поэзиялық немесе прозалық) барлық түрлері мимесистің (грек. mimesis
– еліктеу) әртүрлі типтерін білдіреді деп саналған. Сол себепті тарихшының ақын- нан айырмашылығы – ең алдымен, екіншісінің сол шындықты әсірелеп, әспеттеп жеткізетінінде емес, зерттеушінің шындықты алғашқы болып айтуында. Оларға әуел бастан еліктеудің түрлі нысандарымен жұмыс істеуге тура келді. Аристотель
«Поэтика» атты еңбегінде былай деген еді: «Тарихшы мен ақынның айырмашы- лығы – біреуінің өлеңмен, ал екіншісінің прозамен жазғанында емес (геродоттың туындысын да өлең шумақтарына жатқызуға болады, бірақ оның шығармалары бәрібір тарих болып қала бермек), бірінің – болған жағдайды, ал екіншісінің болуы мүмкін жайтты баяндауында. Өйткені поэзия жалпы туралы көбірек айтса, ал та-
рих жеке жайында көбірек сөз қозғайды. Жалпы дегеніміз – ол белгілі бір мінезге тән қажеттіліктен туындаған сипатта айту немесе жасау ықтималдығы… Ал жеке – бұл, мысалы, Алкивиадтың жасағандары мен қиыншылықтарды басынан өткеріп, теперіш көруі».4
Ертедегі тарихшылар жекелеген фактілерді жинау мен оларды тексеруге ерекше көңіл бөлген. Олардың пайымынша, тарих – моральдық және өмірлік- тәжірибелік тұрғыдан көмек көрсету үшін жинақталған мысалдарды сақтау- шы. Алайда тарих тек бұл міндеттермен ғана шектелмеген. Тарихпен айна- лысу шешендік өнердің бір бөлігі деп танылды. Фактілерді жинау мен тексеру тарихшы жұмысының тек бастапқы кезеңін ғана құрады, оның еңбегі осы фактілерді қаншалықты кәдеге жарата алатынымен өлшенді. Лукиан өзінің
«Тарихты қалай жазу керек» атты шығармасында «тарихшының басты мінде- ті – материалды нақты түсіндіре алуында, оған мәнерлілік бере білуінде» деп жазды. Тарихшы нені айтуды емес, қалай айтуды мұқият ойластыруы қажет: оның міндеті – оқиғаларды дәлдікпен орналастыру және оларды көркем түрде жеткізе білу.
Антикалық дәуірде өткеннің фактілерін шынайы баяндау мен тарихи шы- ғармалардың мәтіндеріндегі өзара байланыс әрі көркем түрде жеткізу ұстаным- дарының арасында айқын қарама-қайшылық болмаған. Ал егер қайшылықтар туындаған жағдайда, ол көркемдіктің пайдасына шешіліп отырды. Бұған мысал ретінде Цицеронның «Тарихтың бірінші заңы – қандай жағдай болмасын, жал- ғандыққа жол бермеу керек. Одан кейін шындықтан ешқашан қорықпау, сондай- ақ әділетсіздік пен ашу-ызаға бой алдырмау қажет» деген пікірін алуға болады. дегенмен оның досы – тарихшы Лукцей Цицеронның консул қызметін атқарған уақыты туралы тарих жазуға ниет білдіргенде, Цицерон көркем бейнеленген әң- гіменің жазылуына баса назар аударып, оған «тарихтың заңдылықтарынан бас тартуға» кеңес берді. XVIII ғасырдың соңына дейін тарих риторикалық өнердің бір бөлігі болып қала берді. Ағарту дәуірінің көрнекті тарихшыларының бірі Вольтер өзінің хаттарының бірінде XIV Людовиктің билігі туралы жазған шы- ғармасының ойын баяндайды. Ол Лукианның ұсыныстарын басшылыққа алған деп ойлауға болады: оқиғалардың ірі картинасын жасауды және оқырман наза- рын өзіне аударуды мақсат ете отырып, бір жағынан, тарихты экспозицияны, кульминация мен шытырманды талап ететін трагедия ретінде көрсе, ал екінші жағынан, оның ауқымды туындысында қызықты әзілдер мен қалжыңдарға да орын берілген.
46 ЕКінШі ТАРАу

хіх ғасырдан бастап тарих бұдан былай жалпы әдеби шығармашылық сияқты риториканың бір бөлігі ретінде қарастырылмайтын болды. дегенмен ол өзінің көркемдік қасиеттерінен толық айырылған жоқ. Бір көркемдеу тәсілінің орнына басқасы келді. Тарихшы енді өзінің шығармасының тақырыбы мен оқырманда- рына қатысты сыртқы артықшылық позициясын ұстануға тырыспады, кейіп- керлерге моральдық баға беруден бас тартты. Сонымен қатар ол өзін оқиғалар- дың қатысушысы ретінде бейнелеуге ұмтылды. Ағарту дәуірінің тарихшылары


«қашып құтыла алмайтын бақытсыздық» ретінде мойындалған ұсақ нақтылық- тар мен маңызсыз фактілер романтизм дәуірі тарихшыларының еңбектерінде сипаттаудың негізгі нысанына айналды. хх ғасырдың екінші жартысындағы француз философы әрі әдеби сыншысы Ролан Барт өзінің «Шынайылықтың әсе- рі» атты еңбегінде хіх ғасырдағы романтикалық мектептің тарихшылары мен жазушы-реалистер қолданған бейнелеу құралдарына талдау жасай отырып, та- рихи әрі әдеби шығармашылықтың өзара байланысы мен осы арқылы оларда бірін-бірі байыту процесінің болатыны жайындағы фактіні дәлелдеп шықты.
Шығармашылықтың мұндай түрлерінің тығыз байланысы кейінгі кезеңдер- де де сақталып қалды. О. де Бальзактың немесе Л.Толстойдың стилінде жазыл- ған роман-эпопеялар мен тарихшы-позитивистердің көптомдық еңбектері- нің арасындағы стильдік ұқсастықты аңғару қиын емес. М.Блоктың пікірінше, хх ғасырдың бірінші жартысында «Анналдар мектебінің» тарихшылары позити- вистік тарихнамадағы «баяндаудың алғашқы кезеңінде қалып, жетілмеген күйі қартайып, мағынасыз өмір сүріп жүргендеріне» қарамастан, өздерінің көпқа- батты аналитикалық әрі құрылымдық тарихи жобаларын ұсынды. Шамамен сол уақыттарда жазушы-модернистер дж. джойс, Ф.Кафка, Р.Музиль жаңа үлгідегі романдар жазған еді. Бірақ бұл туындылардың композициялық ерекшеліктері оқырмандарға ортақ сюжеттік тізбекті анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл ро- мандардың құрылымдық жүйесі анық емес, өйткені шығармалардың нақты бел- гіленген басы, ортасы мен соңын айқындау өте қиын еді. Олар оқу процесінде ғана «өмір сүреді». Бірақ хх ғасырдың екінші жартысында тарих пен әдебиеттің өзара байланысы мәселесі «жаңа интеллектуал тарихшылардың» еңбектерінде өзінің теориялық мәнін тапты.
ҮШІНШІ ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет