Табиғатта, энергияның жұмыс түрінде берілуін түрліше жағдайларда кездестіреміз. Дененің белгілі бір күш әсерінен қозғалуы нәтижесінде механикалық жұмыс істелінеді (механикалық энергия); зарядтардың электр өрісінде бағытталған қозғалысынан электр энергиясы пайда болады.
Бөлшектердің реттелген қозғалысы бұзылып, бағыт-бағдарсыз, ретсіз қозғалысқа айналғанда жұмыс жылуға айналады.
Ал, кез-келген ретсіз қозғалысты ретті бағытталған қозғалысқат көшіру үшін сырттан белгілі бір күш жұмсауды талап етеді, ал ретті қозғалыс ретсіздікке ешқандай күш әсерінсіз-ақ ауыса алады. Міне, сондықтан да жылу өз еркімен жұмыс атқара алмайды, ал жұмыс істелінген жерде, жылу құбылысы ылғи да байқалады.