Сонда айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады. Мұны бұдан былай тек жүйе деп қарастырамыз. Жүйе айналадағы ортадан белгілі бір нақты (фазааралық) бет арқылы бөлінеді және жүйедегі молекулалар саны өте көп болуы керек. Өйткені, термодинамикада молекулалар саны аз жүйелер қарастырылмайды.