Әл-Фараби жайлы еңбектер Англия, Испания, АҚШ сынды мемлекеттерде де жарыққа шықты.
Махмұд Қашқари
Толық аты-жөні Махмұд ибн ул-Хусайын ибн Мухаммаддин Қашқари. 1029-38 жылдар шамасында туылған. Деректерде әртүрлі айтылып жүр. М. Томанов 1030-1090 жылдарда өмір сүрген десе, кейбір деректерде 1029-1101 жылдары өмір сүрген делінеді. Қазіргі Шу өңірінде Барсған қаласында туылған, Қашқарда өмір сүрген. Әкесі, аталары атақты әскери адамдар болған. Әкесі белгілі Бограханның немересі. Оғыз-қыпшақ тайпасынан шыққан. М.Қашқари білімді алғаш Баласағұн, Қашқар қалаларына алған. Білім алуды кейін Орта Азиядағы орталықтары болған Самарқан, Бұқарада жалғастырып, Мерв, Бағдат қаласында толықтырады. Түркі араб-парсы тілдерін игерген.