Грамматикалық мағына дегеніміз – сөздің лексикалық мағынасына қосылған үстеме мағына, сөздердің түрлі–түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Сөздің грамматикалық мағынасы сөз формалары арқылы беріледі.
Тіл-тілде сөздің грамматикалық мағынасы әртүрлі амал-тәсілдер арқылы білдіріледі.
Грамматикалық мағына білдіретін тәсілдер мен амалдар ең алдымен ірі екі топқа бөлінеді: бірі – синтетикалық тәсілдер, екіншісі – аналитикалық тәсілдер.
Синтетикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: аффикстік тәсіл; дыбыстардың алмасуы және ішкі флекция тәсілі; супплетизм; редупликация; сөздерді біріктіру тәсілі.
Аналитикалық тәсілдер қатарына мынандай амалдар жатады: екпін және интонация тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі; көмекші сөздер тәсілі.
Бұл тәсілдердің барлығының да атқаратын қызметі аффикстер функциясына жақын.
Достарыңызбен бөлісу: |