ISSN 2617-7544; еISSN 2617-7552 The Journal of Psychology & Sociology.
№3 (66). 2018
41
Ерментаева А.Р.
жағдайы, жай-күйі де өзі үшін оңтайлы, тиімді
болады. Бұл – СЕ бағдарлы дейтін бәсекеге
қабілеттілік типінің қысқаша сипаттамасы.
Ал,
екінші жағынан, бәсекеге қабілеттілік
басқалардың алдында өзінің мықтылығын та-
ны ту; басқалардың алдында болып, жеңіс пен
жетістікке жету; басқаларға басымды лық-
пен, қыр көрсетіп, озық болу сияқты мотива-
циялардың жоғары деңгейімен, бағыттылықпен
сипатталатын тұлғалық қасиет ретінде мазмұн-
далып, тұжырымдалады. Мұнда бәсекеге қабі-
летті тұлға басқалардың өзіне деген қызға-
нышына, жеккөруіне,
өшпенділігіне себеп
болуы ықтимал. Өз кезегінде мұндай бәсекеге
қабілеттілік агрессиялық қылықтармен және
депрессиялық симптомдардың пайда болуымен
ұштасып кету қаупі болады. Осы орайда бәсекеге
қабілетті тұлғаның әлеуметтік-психологиялық,
эмоциялық мәселелерге душар болуы мүмкін.
Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттіліктің CW
типі деп аталатын формасының тұлға үшін
күрделі әлеуметтік-эмоциялық төлемі, құны
болады.
Бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі
немесе оның даму бағытындағы «шекаралық
аймақта» бәсекеге әсіре қабілеттілік анықталады.
Бұл тұлғаның өзіне де, оның ортасына да белгілі
бір жағымсыз ықпалын тигізетін жетістік пен
басымдылық жолындағы асқан белсенділікті
сипаттайды. Бәсекеге әсіре қабілеттілік СЕ
типінде де, CW типінде де орын алуы мүмкін
деп санаймыз.
Сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік жас
ерекшелікке, жыныс айырмашылығына, әлеу-
меттік-мәдени өзгешелікке байланысты сарала
-
нады. Әдебиетке
жасалған талдау психология
-
да жас ерекшелікке байланысты зерттеулердің
жалпылық сипатын (яғни, жеткіншек, жасөс-
пірім, ересек адамдар бойынша өзгеше
ақпараттардың болмауы) және бұл контекс-
те лонгитюдті, салыстырмалы мәліметтердің
жоқтығын, бәсекеге қабілеттіліктің генезисі
бойынша деректердің тапшылығын айқындады.
Бәсекеге қабілеттілік психологиясында
сан жағынан да, сапа жағынан да бірталай ген-
дерлік зерттеулер жүргізілген. Осыған орай
еңбектерде ер адамдар мен әйелдердің бәсекеге
қабілеттілігін салыстыруда көптеген стереотипті
деректер және
оларды жоққа шығарған бірен-
саран ақпараттар кездесті. Біз қарастырған
зерттеулердің барлығында дерлік ер адамдардың
әйелдерге қарағанда бәсекеге қабілетті екені
анықталған. Ер адамдар СЕ типінде де, CW
типінде де бәсекеге қабілеттіліктің әлеуметтік-
психологиялық, эмоциялық жағдайларында
әйелдермен салыстырғанда тұрақтылық, мық-
тылық таныта алатын көрінеді. Зерттеулер бой
-
ынша, әйелдер табиғатына байланысты CW,
кейде СЕ типтерінде әлеуметтік-психологиялық,
эмоциялық ауыртпалықта жалғыздық сезімі, де
-
прессия, жақын адамдармен тіл табыса алмау
сияқты мәселелерге көбірек кездеседі. Жалпы,
СЕ типі бойынша ер адамдар мен әйелдердің
бәсекеге қабілеттілігі тепе-тең мазмұнмен си
-
патталады.
Бәсекеге
қабілеттілік ерекше феномен
болғандықтан, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін
СЕ формасында және мақсат-бағдарлы да
-
мыту көкейтесті мәселе болады. Тұлғаның
бәсекеге қабілеттілігі өзі үшін де, басқалар
үшін де құнды, маңызды болуы шарт деп санай
-
мыз. Сондықтан, ЖОО-дағы кәсіби білім беру
жүйесінде болашақ мамандардың жасампаз іс-
әрекеттері мен ізгі қатынастарын анықтайтын
бәсекеге қабілеттілікті дамыту қажет. Оған пси-
хо логиялық, педагогикалық әдебиетте теория-
лық-әдіснамалық алғышарттардың бар екендігі
белгілі болды. Басқаша айтқанда,
болашақ
мамандардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың
әртүрлі аспектілерін теория мен практика
тұрғысынан ТМД зерттеушілері қарастырған.
Келешекте бәсекеге қабілеттіліктің әлеу-
меттік-мәдени және әлеуметтік-демографиялық
өзгешеліктер, жас ерекшелік, жыныстық айыр-
машылық, материалдық-қаржылық фактор
сияқты көптеген шарттарға байланысты си
-
паттары мен мазмұнын теориялық негіздеп,
эмпирикалық деректер алу қажеттігі бар.
Себебі, бұл шарттардың отандық психология
ғылымдарында осы кезге дейін бәсекелес мінез-
құлық пен тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін
дамытуда
ескеріліп, толымды зерттелмегені
қолжетімді ақпарат көздеріне жасаған талдаудан
айқындалды.
Бұл зерттеу нәтижесінде бәсекеге қабі-
леттіліктің мазмұны мен даму мәселесін
субъектілік парадигма тұрғысынан қарасты-
рудың өзектілігі айқын байқалды. Осыған бай
-
ланысты субъектілігі мен өзін-өзі дамытуға
психологиялық даярлықтың жоғары деңгейінің
шарттастығы ғана тұлғаның бәсекеге қабілет-
тілігін өзіне және өзгелерге құнды қасиет ретінде
дамытуды қамтамасыз етеді деп болжаймыз. Бұл
болжам да келешектегі зерттеудің негізі болады.