«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ



Pdf көрінісі
бет160/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ – САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
ИДРИСОВА М. К.
10 сынып оқушысы, Қ. Ыдырысов атындағы мектебі, 
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
ТОГТОХ С. 
жетекші, мұғалім, Қ. Ыдырысов атындағы мектебі, 
Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы
 
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің 
қанымызда бар қасиет. Білімнің салтанаты жалпыға ор тақ болуға тиіс. 


«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
222
223
Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам 
дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, 
жеңіл өзгер туге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді. 
Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең 
түсінуі керек. Жас тары мыз басымдық беретін межелердің қатар ында 
білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар 
жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.»- деп 
елбасы Н. Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты 
мақаласында «білімнің салтанат құруына» ерекше назар аударған еді 
[1]. Бүгінде білім беру үдерісінде психологиялық ахуалдың маңызы 
дау тудырмайтын аксиома іспеттес. Білім алушылар нәтижелерге 
өзара қарым-қатынас пен әрекеттесу, бірлескен әрекеттер арқылы 
жететіндігін біледі, сол себепті де олар үйренудің нәтижесіне деген 
өз жауапкершіліктерін түсінеді, бірлесе отырып, өздігімен білім алуға 
талпыныс жасайды. Сондықтан сабақтарда жағымды психологиялық 
климаттың, сенім атмосферасының алатын орны аса маңызды. Ғұлама 
ғалым Альберт Эйнштейн кезінде «Мен өз шәкірттерімді ешқашанда 
үйретпеймін; мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға 
тырысамын» десе, суда жүзу бойынша он бір Олимпиада чемпионын 
дайындаған атақты австралиялық жаттықтырушы Фред Корлайль 
«Мен чемпиондарды даярлап шығармаймын, мен тек жеңімпаздар 
қалыптасатын орта дайындаймын» деген екен. Ал С. Мирсейітова 
«сыныптағы ортада оқушылар арасында еркін қарым- идеяларды 
ұсыну мүмкіншілігі берілсе, онда олар ешнәрседен қаймықпай, 
берілген тапсырмаларды ынтамен орындайды» дейді [2, 155 б.]. 
Бұл секілді ортада бірінші кезекте жағымды психологиялық климат 
құрылады, яғни сынып ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен 
өнімді әрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар 
мен жағдайлар жасалады. Жағымды психологиялық климат сынып 
құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді. Бұл еркіндік 
өзара сыйласымдық, жолдастық, бір-біріне бейімделу және бөтен 
пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды 
түсінуге деген ұмтылыстан, оларға төзе білуден тұрады. Жағымды 
психологиялық климат құру - әр сабақтың және жалпылама алғанда 
нәтижеге бағытталған білім беру процесінің басты мақсаты. Оқушылар 
әр сабақта жағымды атмосфераны орнатуға ұмтылу - жақсылық пен 
ізгілік нышаны деп түсінгені абзал. 
Жағымды психологиялық климат құру мұғалім мен оқушыдан 
келесі ережелерді сақтауды талап етеді: Білімдену барысында 
қатынасушылардың әрқайсымен өзара сыйластыққа негізделген 
жеке қарым-қатынас орнатуға мүдделі болу. Сыйластық қарым-
қатынасты оқу процесінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл өміріміздің 
мәні мен мағынасы деген философиялық түйін ұстанып, осындай 
жүздесуді сабақтың негізіне айналдыру керек. Қарым-қатынаста 
қысымнан бас тартып, «жұмсақ» әдістерді қолдану.
Әрбір оқушы мен бүкіл топ жұмысына көмек пен жәрдем 
жасау, қол ұшын беруге дайындық. Сабақ барысында оқушылардың 
барлығы өздерінің ортақ іспен айналысып, маңызы бар проблеманы 
шешіп жатқандығын есте ұстауы қажет. Сол себепті де әркімге 
қол ұшын беру – бірлескен жұмыстың нәтижелігін арттырады. 
Ал мұғалімнің сабақ барысында әрбір оқушы мен топтың 
жұмысын, оның нәтижелерін қуаттап, қолдап, қолпаштап, олардың 
нәтижелеріне шын көңілден қуанып отыруы қажет.
Әрбір пікірді тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу. 
Білім дегеніміз әр адамның өзіндік түсінігі, пікірі, ұстанымы, 
тұжырымдамасы, көзқарасы, уәжі, ойлары, дәлелдері. Сондықтан да 
білім алу процесінде оқушылардың өзіндік көзқарас қалыптастыруға 
ұмтылуын ынталандырып, ондай әрекеттерін қуаттаған жөн.
Жағымды (позитивтік) және конструктивистік көзқарас 
ұстану, ешкімді де, ешнәрсені де (өзгенің пікірі мен көзқарасы) 
сөкпеу, даттамау. Жұмыс барысы мен нәтижесінде туындайтын 
сәтсіздіктердің алдын алу, оларды болдырмауға ұмтылу, ал сәтсіздік 
болған жағдайда кімнің кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін 
талдап, болашақта оны қайталамаудың жолдарын қарастыру. 
Жұмысқа әртүрлі тәсілдер мен құралдарды қолдану арқылы үнемі 
жаңалықтар енгізіп отыру. Бұл жәйт оқушылардың назарын білім 
алудың қиыншылықтарынан оның қызықты жақтарына аударады, 
оларды ынталандырады, еркіндік береді.
Шығармашылыққа негізделу, шығармашылық тұрғыдан 
қатысушылардың ашылуына мүмкіндік беру. Шығармашылық 
дегеніміз жаңалық ашу. Әр сабақта оқушыларды біреудің айтқанын 
қайталамай (репродуктивтік әрекеттер), жаңалық жасауға, ашуға 
ынталандырып отырған абзал.
Жағымды психологиялық климат құруда сабақ басында 
(қажет болған жағдайда сабақ ортасында) оқушылардың көңілін 
көтеру үшін және олардың назарын сабаққа аудару мен жұмысқа 
ынталандыру мақсатында ойсергектер қолданған тиімді [3, 147 б.].
Білім алушы мен мұғалім арасындағы өзара жайлы қарым-
қатынас, сыныпта жағымды атмосфералық ахуал туғызу – 
нәтижеге бағытталған білім беру үдерісіндегі әрі маңызды, әрі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет