«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет168/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
236
237
бағдарламалар рейтингі бойынша, Сингапур 3-інші, Ұлыбритания 
6-шы, ал Жапония 1-інші орындарға ие болды. Сонымен бірге 
кіріктірілген оқу бағдарлама бойынша барлық пәндер бір-бірімен 
тығыз байланыста болады. Мысалы, химия мен физика пәндері 
бірге өткізілуі мүмкін. Критериалды бағалау оқушының даму 
жетістігін бақылауға бағытталған үдеріс. Критериалды бағалау 
нәтижесі - кері байланыс, яғни мұғалім оқушыларға көмектесіп, 
кеңес беруді білдіреді. Мұғалім балаға оқу мақсаты мен бағалау 
өлшемдері алдын-ала таныстырылған жағдайда әр оқушының 
сабаққа дайындық деңгейін анықтай алады, оқушының білім 
алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындайды. 
Тиісінше, оқушы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізе алады, 
оқу мақсаттарын қаншалықты меңгере алғандығынан хабардар 
болады [5]. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қалыптастырушы 
мен жиынтық бағалау қолданылады. Қалыптастырушы бағалау 
белгілі бір оқу мақсаты аясында оқушы бойында білімді 
қалыптастырады, яғни өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің 
әр түрлі әдіс-тәсілдері арқылы кері байланыс беруімен оқушы өз 
білімінің қай жағы кемшін түсіп жатқанын біліп, өзіндік жұмыс 
жасайды. Оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты 
беру мақсатында қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіледі. 
Қалыптастырушы бағалауға баға немесе ұпай саны берілмейді. 
Тапсырманы қай деңгейде орындады, қандай қателік жіберді, 
қандай дағдыларын жетілдіру керектігі жөнінде сыныптастары 
мен пән мұғалімінен алған кері байланыс нәтижесінде көз 
жеткізеді. Жоғарыда сипаттанған әдіс бірнеше жылдар бойы шетел 
мемлекеттерде қолданылады. Мәселен, АҚШ, Ұлыбритания, Канада 
мемлекеттерінде бес балдық бағалау жүйесі өз кұнын жоғалтты, 
бірақ қазіргі бағалау жүйесі тиімдірек. Шетел мамандардың 
айтуынша, оқушы үшін кері байланыс пен бағаның түсіндірмесі 
психология жағынан маңызды. Түсіндірме арқылы оқушы келешекте 
қателіктерін қайталамай, оларды түзетуге тырысады [6]. Сонымен 
қатар, өз-өзіне деген объективті көзқарас қалыптасады. Жиынтық 
бағалау тоқсан бойы жиналған білімдерінен құрастырылады. 
Тоқсандық баға әлі де бес балдық ұпай жүйесі арқылы қойылады.
Біріншіден, жаңа бағдарлама арқылы оқушылар үш тілді 
бір деңгейде меңгере алады. Статистикалық мәлімет бойынша, 
халықтын 83 %-ы қазақ сыныптарында, 16 %-ы орыс сыныптарында 
және 1 %-ы ғана басқа тілдегі сыныптарында оқып жүр. Ал, 
Назарбаев Зияткерлік мектептер оқу бағдарламасы арқылы 
оқушылар жоғары оқу сыныптарында жаратылыстану сабақтарын 
ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар бере алады, соңдықтан НЗМ 
түлектері ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгере алады. Заманауи 
әлімнің стандарттары бойынша, ағылышн тілі-халықаралық тіл 
болып танылады. Жаңартылған оқу бағдарламасының арқасында 
оқушылар IELTS, ағылшын тілінен халықаралық тестілеуінде, 
жоғары ұпайға қолын жеткізіп, әлемдік әдебиетті еркін түрде 
қолдана алады, шетел мемлекеттеріне барып, дәстүрлерін тереңірек 
біліп, дүниетанымын кеңейтеді. Мысалы, 2016 ж. Павлодар 
қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік 
мектебінің түлектері IELTS бойынша мектеп ішінде 6.0. Әлемдік 
стандарттар бойынша аталмыш ұпай жоғары академиялық деңгейге 
сай [7].
Екіншіден, жаңартылған оқу бағдарламасы арқылы жалпы 
орта білім алатын оқушылар сыни ойлаумен тереңірек танысады. 
Назарбаев Зияткерлік мектепке түсу үшін талапкер критикалық 
ойлау сынағынан өтуді талап етіледі. Сонымен қатар НЗМ 
оқушылары жасампаз жекпе-жек және робототехника салаларында 
өз ерекше, қайталанбайтын ойлауын көрсете алады [8].
Үшіншіден, Назарбаев Зияткерлік мектептері рухани 
дамуына үлкен наразын аударады. Мектеп аясында көптеген 
шаралар өткізіледі. Олардың ішінде: «Poetry challenge», «100 
кітап» науқанына кіретін шығармаларды, өлеңдерді мәнерлі 
оқиды. Жоғарыда айтылған іс-шара арқылы оқушылар арасында 
мемлекеттік тілге, көркем әдебиетке деген құштарлығы арттырады. 
Жаңартылған оқу бағдарламасы арқасында оқушылар мектепте 
12 жылғы білім алады. Сонымен қатар, үлтілдік жүйе енгізіледі 
және Кембридж университетінің «А level» деп аталған экзамен 
тапсырылады [10]. Аталмыш бағдарлама әлемдік стандарттарға сай, 
яғни оқушылар әлемнің ең мықты университетеріне түсе алады және 
мемлекет ішінде халықаралық мектептер саны көбейеді. Оқушылар 
үшін жаңартылған оқу бағдарламасы үлкен мүмкіндік, себебі жаңа 
бағдарлама Кембридж, Гарвард, Колумбия университеттерімен 
тығыз байланыста болып, шығарылады. Тәжиребемен алмастыру 
үрдісі қарқынды дамуда [11]. Кіріктірілген оқу бағдарламасы рухани 
құндылықтарға ерекше назар аударады, яғни 2017 ж. 12 сәуір 
айында қабылданған «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасының 
басты мақсаты- ұлттық салт-дәстүрлердің, тіл мен музыка, 
әдебиет, жоралғылардың, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыздың 
бойымызда мәңгі қалуы. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет