«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет178/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

«ОҚУШЫЛАР
»
сериясы
«XVIII СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ»
252
253
басқа тілдің сөздерін араластырып сөйлейтіндерді жиі көреміз. 
Қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы
К. Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» 
деген сөзі ойыма еріксіз түседі. Ана тілін ұмытқан адам өз халқының 
өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Сондықтан да өз тілімізге 
жауапкершілікпен қарайық. Тіліміз – елді, қоғамды біріктіруші 
қуатты күш. Жасы да, кәрісі де тілін бұрап орыс тілінде сөйлеп 
жатқаны, өзім күә болған бір мысалды айта кетейін: трамвайда 
әжесі мен немересі орыс тілінде сөйлесіп отыр, әжесі немересіне 
акцентпен өз ойын жеткізем деп тырысуда. Сол немересіне қазақ 
тілін неге үйретпеске? Өз ана тілінде ойын жеткізуге не себептен 
үйренуге тырыспайтыны мен үшін түсініксіз. Неге орыс тілінде 
сөлейсің? – деп қазақ балаларынан сұрадым. Нәтижесінде, 
біріншіден араласатын адамдардың көпшілігі орыс тілінде сөйлейтін 
болғандықтан, екіншіден жоғарғы білім беретін мекемелердің орыс 
тілінде жүргізілетіндіктен, үшіншіден ақпараттық құралдардың 
атап айтсам: радио, теледидар, интернет желісінде қолданатын 
тіл орыс тілі болғандықтан деп жауап берді. Мағжан Жұмабаев: 
«Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл білу. Ұлттың тілінен 
қымбат нәрсе болмасқа керек» десе, Бауыржан Момышұлы: «Тіл 
– ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі», - депті. 
Қазақ халқының ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Ана 
тілі ана сүтіндей өте қасиетті. Ана тілі туралы ұлы адамдардың 
ой-пікірлері жеткілікті. Соның бірі – жүрегіме ұялаған жазушы 
Ғабит Мүсіреповтың сөзіне тоқтала кетсем. «Ана тілі дегеніміз 
– сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, 
бүгінгісін де, болашағын да танытатын сол халықтың мәңгілігінің 
мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары 
ғана оны аяққа басады» деген. Ұлттың тілін кемелендіретін, 
жетілдіретін, оның барлық байлығын, бейнелілігін, тереңдігін 
көрсететін ақындар, жазушылар, ғалымдар, өнер мен мәдениет 
қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, тілдің толыққанды өмір сүруі 
тұтас халықтың қолында, ал оны болашаққа жеткізетін бүгінгі 
балалар, мына біздерміз. Сонымен, тіл мен мәдениет сияқты екі 
құбылыс бір-бірімен бітісіп, бір-бірінің құрамдас бөлігі болып 
кетеді. Бір жағынан, тіл адам қызметінің бір түрі ретінде, «адам 
өмірінің түрлі аясындағы адам қызметі нәтижелерінің қосындысы 
ретінде, біздің өмір салтымызды сипаттайтын тәжірибелік дағдылар 
мен ойлардың әлеуметтік қосындысы» ретінде анықталатын 
мәдениеттен тыс бола алмайды, тіл мәдениеттің құрамдас бөлігі 
болып саналады. Екінші жағынан, егер тілді меңгеру тұрғысынан 
қарастырсақ, мейлі туған тіл болсын немесе шет тілі болсын, 
онда мәдениет компоненті тілдің бөлігіне айналады. Тілді оқып - 
үйрену бізге өз бетінше ойлай білу, есте сақтау қабілеттеріміздің 
жетілуіне, дүниеге рухани және эстетикалық көзқарастарымыз 
және мінез-құлқымыздың қалыптасуына, өз бетімізбен ізденіп 
жұмыс істеуімізге әсер етеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ 
тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге 
қыпшақ-ноғай тармағына жатады. 1929 жылдан 1940 жылға дейін 
латын графикасы қолданылып, 1940 жылдан қазірге дейін кирилл 
әліпбиі қолданылуда. 2025 жылдан қазақ тілі латын графикасына 
ауысуы жобалануда. 2020 жылға дейін өңдеуден өтіп қолданысқа 
латын жазуы енсе, 1929 жылдарға дейінгі шығармаларды оқи алатын 
боламыз. Тіл үйренуге не кедергі дегенде көпшілігі уақыттын 
тапшылығын айтты, бұл менінше тек сылтау. Алдына талап қойған 
адамға біздің елімізде көптеген мүмкіндіктер берілген. Тек ынтамен 
жауапкершілік қажет. Тәуелсіздік жылдарында 883 қазақ мектебі 
іске қосылған екен. Қазірдің өзінде еліміздің барлық 7721 мектептің 
ішіндегі таза қазақ мектептері 3788. Яғни, қазақ мектептерінің үлесі 
елу пайыздан асуда. Жастарға өнер-білім, тіл үйренуге, жан-жақты 
тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Қазақ халқының 
мақал- мәтелдерін жинақтай келе тіл туралы 70-тен астам, және 
ақын-ойшылдардың нақыл сөздерінің 30-дан астамын таптым және 
де басқа ұлт өкілдерінің тіл және сөз туралы мақал-мәтелдерін 
жинақтадым.
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті 
елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың 
мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, қасиетті қызыл тіліміздің 
үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа Жолдауында: 
«Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін 
қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға 
қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан 
кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп 
шығатын болады. Ол үшін біз бәрін де жасап жатырмыз» деген 
болатын. Өркениет өнегесі – өз тіліңмен өмір сүру. Әлі-ақ қазақ тілі 
тіршілігіміздің барлық саласында кеңінен қолданылатын болады. 
«Тілі өлген ел – тірі өлген ел» дегендей өз тілімізді қадірлеу, 
құрметтеу болашақ ұрпаққа жеткізу біздің басты мақсатымыз. 
Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет