«xviii сәтбаев оқулары» 1 Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет189/310
Дата07.04.2022
өлшемі4,76 Mb.
#138369
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   310
Байланысты:
614bfa4fc93940.60747302

15 Секция. Саясаттану 
15 Секция. Политология 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИМИДЖІН 
ҚАЛАЙ КӨТЕРУГЕ БОЛАДЫ?
ГАЗИЗОВА С. С. 
оқушы, Химия- биология бағытындағы 
Назарбаев Зияткерлік мектебі, Павлодар қ.
Имиджге байланысты мәселе Қазақстан үшін басым 
бағыттарының бірі болып табылады. Жалпы имидж дегеніміз 
бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы әлем елдерінің 
белгілі бір мемлекетке деген қызығушылығын арттыру болып 
табылады. Сонымен қатар, мемлекеттік имидж - басқа мемлекеттердің 
бойында елдің бірегей құндылықтарының, ұлттық мүдделер мен 
ерекшеліктерінің жиынтығын көрсететін күш. Отандық имидж 
бен бренд еліміздің әлемдегі алатын дербес орнын анықтап, 
беделін қалыптастыру үшін қажет. Имидждің реттелуі аймақтық 
қауіпсіздік, тұрақтылық пен экономикалық прогресін қамтамасыз 
ету жолдарына ықпал етеді. Барлық интеграциялық үдерістер, 
инвесторлық жобалар имидждің қалыптасуына тікелей тәуелді. 
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына 
Жолдауында, халықаралық аренада мемлекетіміздің мәртебесін 
көтеру мақсатында 2017 жылы Астанада «EXPO-2017» халықаралық 
көрмесі, Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтті. 2050 
жылға қарай Қазақстан 30 ең дамыған елдердің қатарына кіруді 
жоспарлайды, осы нысаналы қадамды жасау үшін Елбасымыз 
«Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт 
жоспарын ұсынды [1].
Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы және 
ең табысты посткеңестік мемлекеттердің бірі болып табылады. 
Біздің мемлекетіміз көптеген әлемнің жетекші елдерімен, соның 
ішінде Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия сияқты елдермен жақсы 
карым-қатынаста бола тұра оны дамытып нығайтуға ат салысуда. 
Қазақстанның табыстарымен бірге Азияның көпконфессиялы 
және көпұлтты орталығы ретінде мемлекетіміздің имиджін 
қалыптастыруға бағытталған әртүрлі жобаларды көруге болады. 
Халықаралық ынтымақтастық, экономика мен қауіпсіздікті (ТМД, 
ҰҚШҰ, ЕЭҚ, ШЫҰ, АӨСШК сияқты одақтар мен кеңестер) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   310




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет