II. «Американдық ерекшелік» идеясы Американдық тарихнамада Ф. Тернердiң жұмыстары пайда болғаннан кейін, Батыс тарихының мəселелерiн жүйелi түрде əзiрлеу басталды. Ф. Тернер, АҚШ-тағы капитализмнің дамуына көңінен үңіле отырып, бұл процесті капитализмнің тереңдей дамуынан бөліп тастады, оның мəніне АҚШ-тағы капитализмнің дамуына өзіндік ерекшелік беріп, өз зардаптары бойынша, теорияның жаңа нұсқасы «американдық ерекшелiк» еді. Ф. Тернердiң тұжырымдамасының шығуына елдегі iшкi саяси ахуалмен, сонымен бiрге сабақтас факторлар ықпал етті. Ф. Тернер популистік қозғалыс күшейе түскен кезеңінде, АҚШ-тағы демократияның фермерлік шекаралық пайда болу туралы сөйлей бастады. Ф. Тернер елдiң тарихындағы əлеуметтiк жанжалдар, скваттерлердiң қозғалысына мəн берді.
Ф. Тернердiң тарихи тұжырымдамасының идеяларының келесi дамуында «секциялардың теориясы» (секция – белгілі шаруашылықтың құрылысы мен физикалық-географиялық облыс жəне тұрғындардың ерекше психикалық қоймасы) болды. Ф. Тернерде секцияның əлеуметтiкэкономикалық құрылымын соңында географиялық жағдай анықтады. Ф. Тернердің ойы бойынша XVIII-XIX ғасырлардағы американдық тарихтың мазмұны - «динамикалық кеңейтiлетiн секциялардың» күресі болды. Ф. Тернердiң жұмыстарының əсерімен американдық тарихнамада əлеуметтiк қайшылықтардың тарихын зерттеу күшейді. Батыс тарихы бойынша зерттеулер кеңейтілдi. Бұл ұғымнамада, өнеркəсiптiк солтүстiк жəне құлиеленушiлiк оңтүстiктiң күресi солтүстік жəне оңтүстiк секциялардың күресі ретінде көрсетілген. Американдық ұлттық тарихты қарастыруда фокустi Батыс жаққа қарай қарату құлдықпен күрестiң рөлі жəне маңызын екiншi жоспарға жылжытып қойды. Тағы бір Ф. Тернердiң идеяларының салдары АҚШтағы өркендеу жəне демократияның кепiлi жаңа жерлерге жылжуды жариялау елдің, экспансиялық идеологиясының дамуына жағдай жасайтын болды.
XIX-XX ғасырлардың шегінде прогресистiк бағыттың ең iрi өкiлi, белгiлi американдық тарихшы Чарльз Остин Бирдтің (18741948) ғылыми қызметiн басталуын жатқызады. Ол тарихтың философиясына, американдық, еуропалық тарихқа, халықаралық қатынастардың тарихына назар аударған. Ол Англияда өз тарихи бiлiмiн аяқтап, əлеуметтiк мəселелерге назар аударып жəне лейбористiк шеңберге жақын болды. Ч. Бирд жаңа замандағы тарихи процестің басты қозғаушы күшін капитализмнің өнеркəсiптiк дамуынан көрдi. Ф. Тернердi адам үйлесiмi жəне табиғатпен араласып кетуді бақыт деп айтса, ал Ч. Бирд адамның бiртiндеп табиғаттан кететінін айтады. Ч. Бирдтің көзқарасы бойынша, өнеркəсiптiк даму, индустриализм Əлеуметтiк қайшылықтарды шешуге міндетті.
Бұл мектептiң тарихшылары АҚШ-та жұмысшы қозғалысы таптық сипатқа ие емес. Коммонсов-висконсин мектебінің болашақ дамуының негiздерін идеялық-теориялық қөзқарастарын, 1886 жылы «Америкадағы жұмысшы қозғалысы» атты кітап шығарған Джон Гопкинс университетінің профессоры Р. Т. Эли қалады. Ол көп құжаттар жинады, жұмысшы қозғалысының белгiлi қайраткерлерi Паудерли жəне Гомперстен өзi интервью алды. Р. Т. Эли АҚШтың жұмысшы қозғалысында социалистiк жəне тред-юнионистік – екi тенденциялардың барлығын көрсетті жəне соңғысын ұнатты. Р. Т. Элидің пiкiрiнше, жұмысшы мəселесін шешу үшін жұмысшылар арасында ағартушылық пен христиандық этикалық ережелерді бекіту керек болды.
Бұл либералды-реформистік идеяларды Висконсин университетінің профессоры Дж. Коммонс жəне оның мектебi жалғастырды. Олар жұмысшы қозғалысы туралы мəліметтерді мұрағаттар, кiтапханалар, жекеменшік коллекцияларын жинады жəне 1910 жылы жиналған деректердің бір бөлігін, материалдарды 10 томдық «Американдық өнеркəсiптiк қоғамның құжаттық тарихы» жинақтарында шығарды. Олардың зерттеушiлік тұжырымдамасында – американдық жұмысшыларға пролетарлық сана сезім емес, орташа таптың материалдық деңгейіне жетуге талпыныс тəн болып шықты.
XX ғасырдың басында АҚШ-тың отарлық тарихын зерттеуде империялық мектеп деп аталатын мектеп қалыптасты. Бұл мектептің тарихшылары Англияның американдық отарларын Британдық империя организмінің бiр бөлiгi ретінде қарастырды. Империялық мектептің тарихшылары өз көзқарастары бойынша англосаксон мектебінен шыққан, бiрақ бұл кезеңде АҚШ империялық менмендiктердi көрсете бастады, сондықтан бұл мəселе дегенмен қосымша ойлануды талап еттi.
Империялық мектептiң көрнекті өкілі Герберт Леви Осгуд (1856-1918) болды. Ол үш томдық «XVII ғасырдағы американдық отарлар» жəне 4 томдық «XVIII ғасырдағы американдық отарлар» атты жұмыстарын жариялады. Бұл еңбектерде Америкадағы отарлық басқарудың британдақ жүйесі зерттеу пəні ретінде американдық тарихнамада алғашқы рет қарастырылды. Г. Л. Осгудтың пiкiрі бойынша, американдық саяси институттар англо-саксон саяси мұрасының дамуы ғана емес, американдық жағдайларындағы өзгерістерін зерттеуді қажет. Саяси қағидаттарда пайда болған айырмашылық отарларды тəуелсiздiк үшiн күресуге жеткізді. Г. Л. Осгуд британдық мұрағаттардың материалдары негiзiнде метрополияның талпынысының отарларды басқарудың иiлгiш əдiстеріне көшуді қарап шықты. Г. Л. Осгуданы Англияның Солтүстiк Американың отарларымен қарымқатынастарының тек қана саяси жəне əкiмшiлiк жақтары қызықтырды.
Империялық мектептің тағы бір өкілі – Дж. Бир. Ол өзінің «Британдық отарлық жүйенiң тегi, 1578-1660» (1908) жəне үш томдық «Британдық отарлық саясат, 1754-1765» (1907) еңбектерінде Англияның жəне солтүстiк американдық отарлардың экономикалық өзара қарымқатынастарын қарастырды. Империялық мектептің мəселнамасын кеңейткен Чаннинг Эдвард (1856-1931) болды, ол Батысты игеруді қарастыруды ұсынды.
Империялық мектептiң тарихшылары тəуелсiздiк үшін соғысты зерттеуде жаңа акцентттерді енгізді, олар ағылшын билеушi топтары икемді саясатты жүргізгенде, Америкадағы көтерiлiстің басталуына жеткізбегенде соғыстың болмауы мүмкін еді деген пікірде болды.