Көптеген химиялық элементтер табиғатта олардың ядроларындағы нейтрондар саны әртүрлі болатындықтан, белгілі бір атомдар қоспасы түрінде болады. Ядросындағы протондар саны бірдей, бірақ нейтрондар саны бойынша өзгеше болатын атомдар изотоптар деп аталады. Мұндай элементтер Д.И.Менделеевтің кестесінде бірдей нөмірге ие болады, бірақ массалық саны әртүрлі болады. Химиялық элементтердің барлық изотоптарының ядроларын нуклидтер деп атайды.
Радионуклидтер – бұл массалық саны және атомдық нөмірі берілген радиоактивті атомдар. Ядролық реакциялардың көмегімен әрбір химиялық элементтің бірнеше радиоактивті изотоптарын алуға болады. Қазіргі кезде 300 жуық тұрақты изотоптар белгілі болса, ал радиоактивті изотоптар мөлшері 1500 асып кетеді. Элемент атомының массалық саны бірдей, бірақ ядросы әртүрлі энергетикалық күйде болатын болса, олар изомерлер деп аталады. Артық энергиясы болатын изомерлерді, метастабильді күйі деп атайды. Мұндай күйді символ түрінде массалық санымен қатар қойылған латын әрпімен (m) белгілейді (80mBr).

Табиғатта әртүрлі элементтердің массалық саны бірдей, бірақ атомдық нөмірі әртүрлі болатын атом-ядролары кездеседі. Мұндай атомдар изобарлар деп аталады. Әртүрлі элементтердің нейтрондар саны бірдей болатын ядро атомдары изотондар деп аталады. Мысалы, - бірінші элементтің ядросында алты протон және жеті нейтрон, ал екінші элементтің ядросында жеті протон және сегіз нейтрон болады.