Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей



бет1/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)
kz, Sport презентация, сандық әдістер. Тест, baitilenova (1), қазақ әдебиеті 11Б БЖБ№1, 7. РЕГЛАМЕНТ СОРЕВНОВАНИЙ БИАТЛОН, 6-апта.Ясауи тариқаты, Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы (1)

Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары
1- деңгей

  1. Ясауи ілімі туралы жазыңыз

Қожа Ахмет Яссауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Яссауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Яссауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет еткен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытадыҚожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Ясауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Ясауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады, Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес



  1. Ясауидің түркі дүниесіне жасаған қызметін анықтаңыз

Ясауидің түркі дүниесіне жасаған қызметін анықтаңыз
Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.Теориялық тұрғыдан Ясауи ілімі қалб, зауқ, илһам жолы аркылы мағрифатқа және батинға ден қояды. Яғни, оның ілімі рух пен нәпсіге мән беретін болса, карматилер толығымен саяси бағытта, сырт көрініске мән беретін акаидтық (ақаидтық) сипатта болды



  1. Ясауи ізбасарлары және түркі аймағына таралуын суреттеңіз

Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштержетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре Таптұқ Әмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.



  1. Ясауидің шығармаларын жазыңыз

Көпрүлүнің мәлімдеуі бойынша Х-ғасырдағы діни-сопылық шығармаларды “хикмет” деп атағанға ұқсайды. Ал бүгінгі хикметтер Ахмет Ясауидіңөлеңдері қамтылған жинақтың аты. Әйтсе де Ясауи жолындағылар осы шығарманы Құран Кәрімдегі Нахл сүресінің 125 аятындағы Аллаһ Тағаланың: “Адамдарды Раббыңның жолына хикмет (даналық) және көркем үгіт арқылы шақыр”, - деген бұйрығы бойынша, халыққа ислам дінін даналықпен (хикмет) шақыру мақсатында Ясауидің әйгілі шығармасын Диуани Хикмет деп атаған. Диуани Хикмет - түркі тілінде исламға дейінгі түркі жырауларының сөз саптау, өлең пішімдерін қолдана отырып діни-сопылық оймен жазылған алғашқы шығарма, яғни, ислам-түркі әдебиетінің “Құтты біліктен” кейінгі ең ескі шығарма үлгісі. Ф.Көпрүлүнің айтқаныны сияқты хикметтердің мазмұнын діни-сопылық элементтер, ал пішімін ұлттық элементтер құрайды. Бұл шығармада ислам дiнi, түркі сопылығы мен Ясауи тариқатының негіздері, сенімдер мен нанымдар, ахлақ т.б. Лекциятар қамтылған. Сонымен қатар аталмыш шығармада мінәжәт, мадақ өлеңдер, Аллаћқа деген ғашықтық, Аллаћтың бірлігі, оның шексіз қалауы мен құдіреті, Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға деген сүйіспеншілік, Хазіреті Пайғамбардың сүннеті, нәпсі тәрбиелеу, зүћд (дүние рахатынан аулақ жүру) пен тақуа (Аллаћтан қорқу), құлшылық, ислам ахлағы, ислам аңыздары, ахирет өмірі, қиямет жағдайы, жәннәт-жәћәннәмды (жұмақ-тозақ) суреттеу, алдамшы өмірден шағымдану, дәруіштердің артықшылықтары, жалған сопылар, мұсылман сопыларының қиссалары, зікір мен қылует сияқты Ясауи тариқатының әдептері мен негіздеріне байланысты Лекциятар қамтылған.
Диуани Хикметте Мұхаммед, Зәкәрия, Исмаиль, Мұса, Әййюб, Жүсіп сияқты пайғамбарлар, Әбу Бәкір, Омар, Осман және Али сияқты сахабалар, Махмұд, Зүннун Мысри, Шибли, Әдхам; Баязит, Мансұр сияқты атақты сопылар, Ләйлә-Мәжнүн, Жүсіп-Злиха сияқты ғашықтар баяндалады.
Диуани Хикметтің Ташкент және кейбір Қазан баспаларынан шыққан нұсқаларының басында немесе соңында Ахмет Ясауидікі деген бір рисале (шығарма) де орын алады Хаже Ахмет-и Йасауи рахмату-л-лаћи Тағала ғалайћи”, - деп басталады.).
“Фақр-наме (пақырнама)” атымен танымал болған бұл шығарма жеке өз алдына бір шығармаға қарағанда Диуани Хикметтің кіріспесіне (бір бөліміне) ұқсайды. Фақрды (пақырлық), сүлук (сопылыққа кіру әдебі) әдебі мен сүлук мәртебелерін қарастыратын бұл шығарманың Ахмет Ясауи тарапынан жазылмағандығы, тек Ясауи пікірін негізге ала отырып, оның жолын қуушы бір Ясауи дәруіші тарапынан жазылғаны анық. Ф.Көпрүлүнің пікірі бойынша бұл шығарма Хазинидің “Жәуаћиру-л-әбрар мин әмуажи-л-бихар”атты еңбегінен алынған.
Мирату-л-Құлуб (Көңілдiң айнасы) ХІ‡ ғасырда Шағатай тілінде көшірілген Қожа Ахмет Ясауидің тағы бір рисалесі Мирату-л-Құлуб Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисалені жинақтаған Қожа Ахмет шәкірттерінің бірі - Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.Мирату-л-Құлуб



  1. Ясауидің ұстанымдарын анықтаңыз

10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Ясауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Ясауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Яссауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменолы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстанымдардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстанымдар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Яссауидың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады.

  1. Ясауидің өмір жолын баяндаңыз

Кемеңгер түркі сопысы өз қол еңбегімен, ағаштан қасық, ыдыс-аяқ жонып күнелткен адам, осы кәсібін қылуетте де жалғастырған, Аллаға құлшылық жасаумен, ораза тұтумен, зікір айтумен, Диуани Хикмет жазумен айналысқан және сонда дүниеден озған. (Ахмет Ясауидің неше жыл өмір сүріп, қайтыс болғаны туралы ғалымдар арасында түрлі пікірлер бар. Мәселен, М.Ф.Көпрүлү оны 120 жыл өмір сүріп, 1166-67 жылы қайтыс болған десе, М.Жармұхамедов оны 125 жыл жасап, 1228 жылы қайтыс болған дейді, ал К.Эраслан 83 жыл жасаған десе, Сүйінішәлиев 73 жыл жасаған дейді. Ал Хисамиддин Сығнақи оны 130 жыл өмір сүрген дейді.)
Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Қожа Ахметтiң мәйітін жуған және жаназасын шығарған атақты “Қарабура ата” көрінеді. Кемеңгер бабамыздың мүрдесi осы бiр берекелi қонысқа жерленуiне орай Ясы қаласының одан сайын гүлденуіне жол ашылды, қарт Түркістан түркі дүниесінің астанасы, қасиетті қалаға айналды. Тiптi, Ахмет Ясауидің “Пір Түркістан”, “Әзіреті Түркістан” (түркі елінің пірі, шейхы) деп аталуына байланысты оның мүрдесi жатқан қала “Түркістан” деген атауға ие болды.
Ұлы бабамыз сопылыққа кірген алғашқы жылдарын суреттеп, сопылықтың бірінші жылы рухтардан әсер алып, екінші жылы Құрандағы ұлы пайғамбарлардың тақуалығын, олардың негізгі ерекшеліктерін өзіне үлгі еткенін баяндайды. Сонымен бірге өздерінің тақуалығымен Аллаћ Тағалаға жақын болған қырықәулие сияқты өмір кешуге тырысқанын да суреттеген.

  1. Ясауидің үш қызметін анықтаңыз

Ахмет Яссауидің өз халқына жасаған маңызы зор үш қызметі бар.
Қожа Ахмеи Яссауи өмір сүріп тұрған дәуірде, яғни 12 ғасырда өзге түрік ғұламалары еңбектерін араб, парсы тілдерінде жазды сол ғұламалардың арабша, парсыша еңбектерін қарапайым көшпелі отырықшы халық түсіне алмады. Сондықтан исламның жылдам түріктер арасында таралуына кедергі болды. Ал Ахмет Яссауи тұңғыш түрік ислам сонысы ретінде түріктерге исламды және сопылық жолды түсіндіру үшін, араб, парсы тілдерін өте керемет меңгергеніне қарамастан хикметтерін түрік тілінде жазды. Хикметтері түрік әлемінің түкпір-түкпіріне таралды.
Ахмет Яссауи исламды өз халқының, яғни түрік тілінде уағыздады. Түрік тілі қайтадан хандала бастады. Өйткені, Яссауидің жолындағылардың барлығы да түрікше сөйлейтін болды. Оның қызметіміздің арнасы қалыптаса бастады.
Түрік тілдерінің бүгінге дейін жетуіне Ахмет Яссауидің қызметі зор.
2. Яссауидің халқымызға жасаған қызметінің екіншісі, Құран мен сүннет негіздеріне сүйене отырып, адасқан ағымдарға түспестен, түрік халқының 90-95 мұсылман болып қалыптасуына белсенді үлес қосқан адам.
3. Яссауи жоғарыдағы екі қызметі арқылы өзіміздің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырды. Өйткені тіл мен дін бір ұлттық мәдениетінің негізгі іргетасы. Сондай-ақ Ахмет Яссауи жан-жаққа тарыдай шашылып кеткен көшпелі түрік тайпаларының отырықшылыққа айналып жатқан кезінде исламның біріктіруші негіздерін қолданып, үлкен әсер етті. Сөйтіп, түрік ислам мәдениетінің негізгі әргетасын қалады. Тек қана Орта Азия мен Қазақстанға ғана емес, Анадағы Анадолы (кіші Азия), Балқан, шығыс Еуропадағы түрік халықтарының басқа халықтарға сіңіп кетпестен, түрік ұлты болып орналасуына, көгеріп гүлденуіне белсенді әсер еткен Ахмет Яссауи және оның шәкірттері болатын.

  1. Ясауи кесенесінің құрылымын суреттеп жазыңыз

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - орта ғасырлық сәулет өнерінің үздік асылы болып табылады. Түркістан қаласында орналасқан . 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Кесене үлкен порталды - күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Бұл теңдессіз сарайлар кешені 30 әр түрлі бөлмелер мен залдардан тұрады. Негізгі күмбездің сыртқы диаметрі - 40 м жоғары, дөңгелек - 130 м, мұнараның биіктігі - 12м.

  1. Қ.А.Ясауи тұлғасын түркі халықтары тұтастығының символы ретінде көрсетіңіз



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет