Ясауитану пәнінен бақылау сұрақтары 1- деңгей


Ислам – бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні



бет5/15
Дата20.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#159069
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ясауитану жауаптары (1)
kz, Sport презентация, сандық әдістер. Тест, baitilenova (1), қазақ әдебиеті 11Б БЖБ№1, 7. РЕГЛАМЕНТ СОРЕВНОВАНИЙ БИАТЛОН, 6-апта.Ясауи тариқаты, Ұлы Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы (1)
6. Ислам – бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні
Исламның тағы бір мақсаты: адамзатқа деген сүйіспеншілік, адам құқығына құрмет етуді жүрекке орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбіт-шілік пен тыныштықты сақтау. Дініміз бұл мақсатта көптеген қағидалар қойған. Бір-бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрмет көрсету нағыз мұсылман болудың шарты.



  1. Мұхаммед пайғамбар с.а.а өмірбаянын жазыңыз

Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы тұрғысынан өз ішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаћ, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін атасы Әбдiмүттәлiптiңқолында қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади* 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандықөмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. ¤мірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді. Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 63 жасында Аллаћтың рахметіне бөленіп, ћижри* 11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади 8-маусым) Мединеде қайтыс болды.



  1. Ясауи іліміндегі Шариғат пен Тариқат анықтамасын жазыңыз

Тариқаттың 6 міндеті (уажиб): кемелдікке жетуте талаптану;Хақка жақындауға тырысу;Хаққа қауышу үшін жан сала ұмтылу;Хақ жолында қауып пен үміт халінде болу;үнемі зікірде болу; үнемі Хақикат туралы сөйлеу.Тариқаттың 6 түрлі дәстүрлі жолы (сунна): көппен бірге намаз оқу;таң сәріде ояу болу;үнемі дәретті, таза болу;өзін үнемі Алланың құзырында сезіну; Алланы ешқашан естен шығармау (зікір ету);салиқалы және кемел адамдарға тағатты болу.Тариқаттың 6 ерекше касиеті (мустаһаб): қонақжайлылык; жағдайына қарай қонақ күту; конақтың коп қонуын ырыс деп білу;қонақтың көп болуына көңіл бөлу;қонақтың тілегін орындау;Қожа Ахмет Ясауиге және өз уақытының шейхына дұға, тілек ету.Тариқаттың 6 этикалық тәртібі: екі тізерлеп, қарапайым, әдепке сай отыру;өзін барлық адамнан төмен санау;барлық адамды өзінен артық санау;ұстаздарды құрметтеу;шейхтардың алдында рұқсатсыз сөз сөйлемеу;олардың айтқан ақылдарын естен шығармау.Тариқатқа кірген мүридтің кемелдікке жетуінің 4 шарты: макан (кеңістік),аман (уақыт),михуан (бауырмалдық — өзара ынтымақтастық),рабт-и Султан (мемлекет басшысына риясыз берілгендік).
Сопылық жол бойынша заһир ілім - шариғат ілімі, батыни ілім - хақиқат ілімі. Шариғат ілімін адам оқу, үйрену арқылы меңгере алса, хақиқат ілімін меңгеру Аллаһтың һидайет, лүтуфына (қайрымдылығына) байланысты. Бірақ Аллаһтың шариғат ілімін меңгермеген адамға батыни ілімді беруі мүмкін емес.
Сопылардың пікірінше жүрекпен сезінетін (батыни ләдүнни) ілімді меңгерген құлдың
ғайыптан (көрінбейтін әлем) хабары болады. Ғайыптан хабар алушылар да кәміл нәпсіні бойына жинақтаған сопы болып есептеледі. Кәміл нәпсіге қол жеткiзген сопы ғайыпты өздерінің адамдық тұлғасымен емес, адамдық тұлғадан өтіп, Хақтың сипаттарын иемдене отырып біледі. Сондықтан олар өздерімен емес, Хақпен бірге, Аллаһ арқылы көреді. Аллаһтың арқылы көргеніне байланысты олар үшiн ұзақтық, жақындық - бір. Міне мұны “керемет” (көзді ашып жұмғанша ұшып бару, су бетінде өз аяғымен жүре беру, жалаң аяқ шоқ басу т.б.) деп аталады. Ал керемет Аллаһтың рұқсатымен әулиелердің қолынан ғана келеді. Ал “әулиелер” деп “кәміл нәпсіні” иеленген адамды атайды. Қ.А.Ясауидің хәл ілімі:
Алла, адам және әлем қатынасында. Жаратушы бар , ол-Бір.
Оның жаратқандары да бар.Алланың болмсы шексіз ақиқатты бідіреді. Алла болмыстарды өзінің сипаттары мен есімднернің нұры арқылы жаратқан. Болмыстың негізі нұр.Сопылық дүниетаным адамды жаратылыстардың ішіндегі ең құрметтісі ретінде таниды. Адам –Алланың жер бетіндегі орынбасары, яғни халифасы.Имам Раббани еңбегінде адамды жиынтықтардан тұратын болмыс ретінде танытады. Онда адам он негізгі ұнсырдан тұрады. Лардың бесеуі татрия әлемі, қалған бесеуі нұр әлемінен құралған. Сондықтан адам бойында материяның қатт, сұйық, газ халдері барадамда материияның тағы бір көрініс болып табылатын от та бар. Адамның қуаты дейтін нафс оның бесінші элементі. Адамның нұрдан тұратын бес бөлімі бар. Жүрек-бұйрық әлемінің бірінші баспалдағы, рух-екінші дәрежесі,сыр-үшінші дәрежесі, сырдың үстіңгі жағы-хафи (тереңдік), хафидің үстіңгі жағ-ахфа (ішкі тереңдік).

  1. Исламның иман шарттары туралы жазып беріңіз

1 - шарт: Аллаһқа иман келтіру. Бұл шарт иманның мына мәселелерін өзіне қамтиды:

  • Аллаһ Тағаланың раббылығына яғни, Оның Раббылығы - Жаратушы, жаратылысындағы істердің Меңгерушісі әрі ондағы Өз әмірін жүргізуші екендігіне сену.

  • Аллаһ Тағаланың - Иләһи(1) яғни, Оның шынайы Құдай екендігіне, ал Одан өзге құлшылық қылынатындарды бекер екендігіне сену.

  • Аллаһтың есімдерімен сипаттарына иман келтіру. Бұл дегеніміз - Аллаһ Тағаланың Өз кітабымен Оның пайғамбары Мұхаммедтің (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінде келгені бойынша Аллаһтың көркем есімдерімен жоғары сипаттарының бар екендігіне сену.

2 - шарт: Періштелерге иман келтіру. Періштелер - Аллаһтың құрметті құлдары. Аллаһ Тағала оларды жаратқанда, олар Аллаһтың ғибадатына беріліп, тағатына(2) бой ұсынған еді. Аллаһ Тағала оларға әр түрлі қызметтерді тапсырды. Періштелердің ішінде Жебрейіл періште бар, Аллаһ Тағала оған Өзі қалаған пайғамбарына уахиды(3) жеткізуді тапсырды. Ал, Микаил періште болса, жаңбырдың жаууымен өсімдіктердің шығуына міндеттелген. Сол сияқты, олардың арасында Исрафил періште бар, ол қиямет күні адамдар қайта тірілерде сүр(4) үруге міндеттелген. Және періштелерден малакул-Маут яғни, "өлім періштесі" бар. Ол адамдардың жанын алуға міндетті.
3 - шарт: Кітаптарға иман келтіру. Аллаһ Тағала Өз елшілеріне тура жол, жақсылыққа және ізгілікке толы кітаптарды түсірген еді. Түсірілген кітаптардың кейбірі бізге белгілі, олар:

  1. Таурат - Аллаһ Тағала оны Мұса пайғамбарымызға түсірді. Бұл Исраил ұрпақтарына түсірілген кітаптардың ең ұлысы еді.

  2. Інжіл - Аллаһ Тағала оны Иса пайғамбарымызға түсірді.

  3. Забур - Дәуіт пайғамбарымызға берілді.

  4. Ибраһим пайғамбарымыздың нұсқалары.

  5. Қасиетті Құран Кәрім. Аллаһ Тағала Құранды елшілердің ақырғысы, пайғамбарымыз Мұхаммедке (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түсіріп, бұрынғы түскен кітаптардың барлығының үкімін жойды. Өйткені Құран Кәрім барлық жаратылыстарға қиямет күніне дейін айғақ ретінде қалуы үшін Аллаһ Тағала бұл кітабының сақталуын Өз міндетіне алды.

4 - шарт: Пайғамбарларға иман келтіру. Аллаһ Тағала Өз пенделеріне елшілерін жеберген еді. Олрдың алғашқысы Нұх пайғамбар болса, ақырғысы Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз . Барлық пайғамбарлар, Мәриям ұлы Иса болсын, Узейір болсын, барлығы Аллаһтың жаратқан пенделері. Және де оларда Раббыға тән ерекшеліктердің біреуі де болмаған. Олар тек пайғамбарлық берілген Аллаһтың құлдары. Аллаһ Тағала Мұхаммед (Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарымызды барша адамзат баласына ақырғы пайғамбар қылып жіберіп, одан кейін бірде-бір пайғамбар келмейтінін хабарлады.
5 - шарт: Ақырет күніне иман келтіру. Ақырет күні - Аллаһ Тағала адамдарды мәңгі рахат немесе мәңгі азапқа қалулары үшін қабірлерінен қайта тірілтіп, барлық жаратылыстарды алдына жинайтын қайта тірілту күні. Яғни, ақырет күніне иман келтіру дегеніміз - өлімнен кейін болатын қабір сынағы, оның рахатымен азабына және қабірден кейінгі қайта тірілу, махшарға(5) жиналып есеп беру, одан кейін жаннат және тозақтың бар екендігіне сену.
6 - шарт: Тағдырға иман келтіру. Тағдыр дегеніміз - Аллаһ Тағала білімінің озғаны мен даналығын жүргізуі бойынша барлық болмыстарды өлшеп, мақлұқтарды жаратқанына иман келтіру. Бұның барлығы Аллаһтың біліміне белгілі, Оның қасындағы "лаухуль махфузда"(6) жазылған. Сондықтан болмыстағы бар әрбір нәрсе Оның қалауы мен ұйғаруы және жаратуы бойынша бар болады.

  1. Ахмет Ясауидің от басы, ата-анасы туралы жазыңыз

Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған. Шейх Ибраћим орынбасарларының бірі - Мұса Шейхтың қызы Айша Хатунға (Қарашаш ана) үйленген, одан Гауһар Шахназ деген бір қызы және Ахмет деген бір ұлы туылған (Насабнамада келтірілгендей Ибраһимнің Ахметтен басқа Исмаил ата деген тағы бір ұлы болған екен.) Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
Ахмет Ясауидің ата тегі туралы ғалымдар арасында түрлі көзқарастар болғанымен Алматы кітапханасында табылған “Насабнама” бойынша Ахмет Ясауидің ата тегі оның 15-інші атасы - Хазіреті Алиге барып тіреледі, яғни Ахмет Ясауидің тегі хазіреті Алидің әйелі ардақты Пайғамбардың қызы Фатимадан емес, хазіреті Алидің кейінгі әйелі Ханифадан туған Мұхаммед Ханифадан тарайды.
Аңызға қарағанда Ахмет Ясауидің Ибраһим атты бір ұлы болған. Бірақ Қожа Ахметтің тірі кезінде-ақ баласы қайтыс болған екен. Ахметтің одан басқа Гауһар Шахназ және Гәуһар Хошназ атты қыздары болған. Бірақ кейбір мәліметтерде Ахметтің бір қызы болған деп көрсетсе, кейбірінде екі қызы болған деп көрсетеді. Яғни, бұл жөнінде ғалымдар арасында түрлi пiкiрлер бар.



  1. Қожа Ахмет Ясауидің отбасы өмірі туралы баяндаңыз

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды,Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған «Насаб-намедегі» секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген.Көзі қарақты, зиялы да тәрбиелі ортадан шыққан Ибраһим ата, осы «Шежіреде» айтылғандай, зейінді де зерек 6-7 жасар баласы жас Қожа Ахмет Яссауидің сондағы Шаһабиддин Исфиджаби деген ғұламаға алып келіп, «Сүйегі біздікі, еті Сіздікі, иншалла, артымызда лайықты мұсылман қалсын деген ниетіміз» деп қолынан жетектеп әкеліп өзі тапсырған делінеді. Ол кісі шашы да, сақалы да, тіпті, қасы да қудай аппақ болғаны себепті «Ақ Ата» деп аталып кетсе керек.

  1. Дін және ислам туралы жазыңыз

ХІ-ХІІ ғасырларда жасаған атақты түркі сопысы, кемеңгер ойшыл, дарынды ақын Ахмет Ясауи Исфиджаб (Сайрам) қаласында дүниеге келген. (Ахмет Ясауидің қай жылы дүниеге келгендігі жайында ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. Мәселен, К.Эраслан оны 1083 жылы туылды десе, М.Жармұхамедов 1103 жылы туылды дейді, А.Ахметбек 1093-94 жылы туылды десе, Дәуітұлы 1040 жылы туылды дейді.)
Ахмет Ясауидің үлкен ғұлама болуына әкесі Ибраһимнің еңбегі зор дей аламыз. Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ахмет анасынан жастай айрылған, әкесі Шейх Ибраһим де, Ахмет жеті жаста болғанда қайтыс болған. Ахметтің одан кейінгі өмірі әпкесі Гауһар Шахназдың қамқорлығында қалды. Ахметтiң әкесi - Ибраћим Исфиджабтың ең атақты шейхтарының бірі болған. Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайдыАхмет жастайынан зерек, ислам ілімдіріне ерекше ықыласты болып өскен. Ол кішкентай кезінде бізге беймәлім бір себеппен әпкесі екеуі Ясы қаласына көшіп келген. Осыған байланысты өз атына қосымша “ясылық” деген мағанадағы “Ясауи” деген атауға ие болған.
Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді[1]:
...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
….Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,

  1. Ахмет Ясауидің халқына жасаған үш қызметi туралы баяндаңыз

Яссауидің өз халқына жасаған маңызы зор үш қызметі бар.
Қожа Ахмеи Яссауи өмір сүріп тұрған дәуірде, яғни 12 ғасырда өзге түрік ғұламалары еңбектерін араб, парсы тілдерінде жазды сол ғұламалардың арабша, парсыша еңбектерін қарапайым көшпелі отырықшы халық түсіне алмады. Сондықтан исламның жылдам түріктер арасында таралуына кедергі болды. Ал Ахмет Яссауи тұңғыш түрік ислам сонысы ретінде түріктерге исламды және сопылық жолды түсіндіру үшін, араб, парсы тілдерін өте керемет меңгергеніне қарамастан хикметтерін түрік тілінде жазды. Хикметтері түрік әлемінің түкпір-түкпіріне таралды.
Ахмет Яссауи исламды өз халқының, яғни түрік тілінде уағыздады. Түрік тілі қайтадан хандала бастады. Өйткені, Яссауидің жолындағылардың барлығы да түрікше сөйлейтін болды. Оның қызметіміздің арнасы қалыптаса бастады.
Түрік тілдерінің бүгінге дейін жетуіне Ахмет Яссауидің қызметі зор.
2. Яссауидің халқымызға жасаған қызметінің екіншісі, Құран мен сүннет негіздеріне сүйене отырып, адасқан ағымдарға түспестен, түрік халқының 90-95 мұсылман болып қалыптасуына белсенді үлес қосқан адам.
3. Яссауи жоғарыдағы екі қызметі арқылы өзіміздің ұлттық мәдениетімізді қалыптастырды. Өйткені тіл мен дін бір ұлттық мәдениетінің негізгі іргетасы. Сондай-ақ Ахмет Яссауи жан-жаққа тарыдай шашылып кеткен көшпелі түрік тайпаларының отырықшылыққа айналып жатқан кезінде исламның біріктіруші негіздерін қолданып, үлкен әсер етті. Сөйтіп, түрік ислам мәдениетінің негізгі іргетасын қалады. Тек қана Орта Азия мен Қазақстанға ғана емес, Анадағы Анадолы (кіші Азия), Балқаш, шығыс Еуропадағы түрік халықтарының басқа халықтарға сіңіп кетпестен, түрік ұлты болып орналасуына, көгеріп гүлденуіне белсенді әсер еткен Ахмет Яссауи және оның шәкірттері болатын.



  1. Ясауи ілімінің таралу аймақтарына тоқталыңыз

Қожа Ахмет Ясауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді.Тарихымызда көшпелі рулық, тайпалық одақ­тарды біріктіріп тұрған қандық-генетикалық бай­ланыстың ыдырап, орнына «діни-идеялық-үммет­тік мұсылмандық» байланыстың орнауын­да Ясауи ілімінің тікелей ықпалы болды. Ясауи ілімі трансформациялық-трансляциялық тәсілдер арқылы өз болмысын көрсететін дәстүрлі түр­кілік дүниетанымның аксиологиялық-мазмұндық түлеуіне алып келді
Ясауи тариқаты 12 ғасырда Мауераннахр, Түркістан, Ферғана, яғни казіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Тәжікстан аумақтарына таралды. Осы жерлерде Ясауидің ілімі мен рухани құндылықтарын жалғастырушылар өзіндік із қалдырды. Сондай-ақ түркі мәдениеті негізінде құрылған барлық тариқатгар осы тариқат негізінде калыптасты. Мұны Нақшбандийа мен Кубраийа (Нажмаддин Кубра) силсиласында Қожа Ахмет Ясауи шәкірттерінің кезігуінен көруге болады

  1. Ислам діні қайнарлары туралы жазыңыз

  1. Исламның иман шарттарын анықтаңыз

  1. Ясауи іліміндегі зикр мен хылуеттің анықтамасын жазыңыз

  1. Діннің анықтамасы мен түрлері, қоғамдағы қызметтерін жазыңыз

  1. Ясауи іліміндегі мақам мен хәл ұғымдарын жазыңыз

Сопылықтағы төрт асу бар: Шариғат, тарихат, мағрипат және хақиқат. Сопылық әдістерде: Зікір, қылует, мақам, хәл және нәпсі дәрежелері.Сопылық жолға түскен адамның рухани шынығуы (риязет), тырысуы (мүжаһеде) арқылы жеткен дәрежесі болады. Мұны сопылықта “мақам” деп атайды. Белгілі бір мақамға өз күшімен жеткен сопы, сол мақамда тұрақтап қалмай, келесі мақамға жетуге тырысуы шарт. Ал ол мақамның белгілі шарттарын толық орындамайынша мақам дәрежесін иемдену мүмкін емес. Сопылыққа кірудің алғашқы мақамы – тәубе, кейін кезегімен құдай жолына кіру - “инабе”, арам нәрселерден ұзақ болу - “уәра”, дүние ләззатынан бас тарту - “зүһд”, ырза болу - “риза”, қанағатты болу - “қанағат”, тәуекел ету “тәуәккүл” болып келеді.
Сонымен қатар сопылықта “халь” деген тағы бір ұғым бар. Халь құлдың жеткен рухани жетістігінен кейін ие болған жақсы мінез-құлықтардың онда орналасуы нәтижесінде құдайдың рақымшылығымен жүректе пайда болатын шаттық, мұң, қайғы, жайдарылық, айбат, шабыттылық, есінен тану және толқыныс сияқты жағдай, яғни бұл құлдың өз еркінсіз пайда болады. Бұл хальдер құдайдан келгендіктен құл өз еркімен хальді жүрегінен кетіре алмайды.



  1. Ясауи рухани ілімін ерекшелігін анықтаңыз

Ясауи ілімі ең алдымен, рухани-моральдық ілім. Яғни, хал ілімі. Қазақ халқының діни - ислами түсінігі Ясауи ілімінің аясында қалыптасқан. Ұлы Тұран даласында туылған ғалымның еңбегі исі мұсылман қауымын тәнті етіп отыр.Бүгінде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын қалпына келтіруге ықпал етеді.Ясауи дүниетанымы ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін ілім.Ясауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды.
Ясауи ілімі-қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені, яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең сұхбаттың, бауырластықтың, махабаттықтың, діни-рухани ұстанымдарын қамтитын біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.
Ясауитану ілімі - қазақтану, түркістантану. Елімізден шыққан ұлы тұлғаны насихаттау арқылы ұлтымыздың тектілігін танытамыз.

  1. Қожа Ахмет Ясауидің отбасылық өмірі туралы жазыңыз

Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Ясауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Ясауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды.
ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.
Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
… Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Ясауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің «Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар» атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.






  1. Ясауи іліміндегі Мағрифат пен Ақиқат анықтамасын жазыңыз

Aхмет Ясaуидің тaным
мен шaриғaттың ең сенімді бaстaуы ретінде
Құрaн мен Мұхaммет Пaйғaмбaрдың сүннетіне
де берік болғaндығы Хикметтеріндегі көптеген
өлең жолдaрынaн кездестіре aлaмыз. Бaсқaшa
aйтaр болсaқ, aдaм шaриғaтты толық меңгермей,
шaлa білімімен одaн aры рухaни өрлеуі мүмкін
емес.
Шaриғaтсыз қaдaм қоймaс тaриқaтқa,
Тaриқaтсыз қaдaм қоймaс хaқиқaтқa,
Бұл жолдaрдың негізі бaр шaриғaттa
Бә­рін оның шaриғaттaн білмек керек. [10, 125 б.]
Aлaйдa, Ясaуидің көзқaрaсы бойыншa тaным
іліммен, шaриғaтпен ғaнa шектелмейді. Мұндaй
тaным түрі – қaтaрдaғы aдaмдaр мен шaриғaт
иелерінің тaнымы. Бaсқaшa aйтaр болсaқ
сaнaлық тaным көрініп тұрғaн мынa әлеммен
ғaнa шектеледі. Негізінде көрініп тұрғaн мынa
әлемнен бaсқa ғaйып әлемі де бaр. Ең шынaйы
тaным – көрініп тұрғaн мен ғaйып әлемді бірдей тaну. Осы дүниелік тaным шaриғaт тaнымы
болсa, ғaйып әлемінің тaнымы – мaғрифaт.
Мaғрифaт – суфилердің пікірі бойыншa aдaм
бaс көзімен емес, жүрек көзімен көріп, aқиқaттың
дә­мін тaту aрқылы қол жеткізілетін тaным. Бұл
– тaным aдaмның ішкі әлеміне терең еніп, өзінің нысaнaсы болып тaбылaтын Жaрaтқaн иемен
қaуышу, aқиқaттaрды өзімен емес Aллaмен білу
деген сөз. Сондықтaн шынaйы тaным мaғрифaт
деп есептеп, Aхмет Ясaуи мaғрифaттaн бaсқa
тaным түрлерін сенімсіз деп білген:
Мaғрифaт дүр білім нә­рін aлсa дә­руіш,
Өзге жолдaр сенімсіз білсе дә­руіш [9,99 б.].
Мaғрифaттың aлғaшқы бaстaмaсы – илмaл-яқин. Мұны көңілдегі күмәндерді тaмырымен қопaрып, ғaйып әлеміне тән ерекшеліктер
aйқындaлa бaстaғaн aйнa-л-яқин жaлғaстырaды.
Aл соңғы мәртебе бүкіл перделер aшылып жә­не
тaжaлли нұрлaры (құдaйдың көрінісі) жүрекке құйылaтын хaққa-л-яқин болып тaбылaды. Мұны ұлы бaбaмыз еңбектерінде былaй жеткізген:
«Құл Қожa Aхмет Хaқ сөзін сөйлеп өтті,
«Ғaйнул-л-иaқин» тaриқaттa боздaп өтті.
«Ғилму-л-яқин» шaриғaтты көздеп өтті,
«Хaққу-л-иaқин» хaқиқaттaн aйтым міне». [9,42 б.]
Ұлы бaбaмыздың сөзімен aйтaр болсaқ, илмaл-яқин – шaриғaт, aйнa-л-яқин – тaриқaт, хaққaл-яқин – aқиқaт. Шынaйы aқиқaтқa, ең жоғaрғы
тaнымғa осы aқиқaт деңгейлерінен өтіп, соңғы
деңгейінде ғaнa қол жеткізуге болaды. Соңғысы «мaғрифaт» деген aтaулaрмен қaтaр, «ирфaн»
терминдерімен де түсіндіріледі.
Суфидің мaғрифaттық тaнымғa қол жеткізуінде жүректің aлaр орны ерекше. Себебі, aдaм әлемнің темір қaзығы болсa, жүрек
aдaмның, оның мaтериaлдық, рухaни әлемінің
өзегі болып тaбылaды. Тіпті суфилердің түсіндіруі бойыншa жүрек мaтериaлдық әлем мен рухaни, ғaйып әлемінің көпірі қызметін aтқaрaды.
Сондықтaн сопылық жолғa кірген aдaм өзінің
ішкі әлеміндегі aқиқaтты тaбу үшін жүрек көзін
жaпқaн, тұмшaлaнып қaлғaн кірлерден aрылу
қaжет.
Ясaуи ілімінде aлғa қойылғaн бaсты мaқсaт –
рухaни кірлерден aрылғaн жүрек көзімен Aллaны
тaну жә­не жүрек aрқылы оғaн қaуышу. Міне, бұл
– тaнымдaрдың ішіндегі ең ұлысы, мaғрифaттың
өзегі. «Жүректерімен сезінбей ме?» (әл-Хaж
22/46) – деген Құрaн aяты тaнымның негізі жүректе екендігіне дә­лел болa aлaды. Демек, жүрек
– шынaйы мaғрифaттың, мистикaлық тaнымның
өзегі.
Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Ясаауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.
Мағрифат (араб.: مَعْرِفَة‎ — ағарту) – сопылық сатының бірі. Сопы рухани халдерді басынан өткеру кезінде рухани және құдайлық ақиқаттарды танып, ішкі тәжірибе (экзотер. тәжірибе) арқылы Мағрифатта болады. Осы халде Алла туралы ілімді толықтырады, мұндай білімге қолы жеткен сопыларды ариф дейді. Мағрифат өкілдері жайында ғалым Қушайри былай дейді: “Салиқ (жолшы) алдымен Хақты, оның сипаттарын таниды, кейіннен құлшылық пен риязат жасау, нәпсілік қажеттіліктен арылу, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы Хаққа жақын (муқарриб) болады. Сонда ғана Алла өзін “тануға” мүмкіндік береді, осы танымға ие болғандарды ахл-ил-мағрифат (мағрифат өкілдері) атайды”. Әбу Бәкір “Мағрифат жолындағы салиқ оған жету үшін ұзақ мерзім қажеттігін “құлдық мақамда” түсініп, абсолютті ақиқатқа көз жеткізеді” дейді. “Кемел адам” қалпына жетіп, жаратқан хақпен дидарласып, әлемдік ақыл-оймен бірігу үшін төрт сатыдан өту қажет, олар:
Шариат
Тариқат
Хақиқат
Мағрифат
Мағрифат сатысындағы сопы о дүниелік рухтармен еркін дидарласып, дүние сыры да, жаратушысы да адамның өз “менінде” жатқандығын таниды. Бұл жайында Қожа Ахмет Иасауи “өзіңді танығаның хақты танығаның” дейді.



  1. Ясауи мектебі өкілдерін атаңыз

Халық арасындағы аңыздарға қарағанда Ахмет Ясауидің дүниенің төрт бұрышынан келген 99 000 шәкірті болған екен. Ұлы бабамыздың рухани софрасынан нәр алған осы iзбасарлары көпшiлiктiң көңiлiне құдайдың нұрын септi, халықтың көңiл сарайын ашты, Хаққа алып баратын тура жолды көрсетiп бердi. Тарихи жазбалар мен халық аузындағы аңыз-әпсаналар бойынша Қожа Ахметтiң атақты орынбасарлары мыналар: Әмір Әли Хәкім, Хасан Бұлғани (Бұлғари), Имам Мерғази (Мәруази), Шейх Осман Мағриби.
Тарихи мәлiметтерге қарағанда Ясауидiң Мирату-л-Құлуб деген шығармасын жинақтаған атақты орынбасары - Сопы Мұхаммед Данышменд Зернуки ұстазынан алған бiлiмiн отырарлықтарға насихаттаған және сол қалада дүниеден өткен.
Халық аузындағы әңгiмелерге және Диуани Хикаметке қарағанда ұлы бабамыздың жоғарыдағы орынбасарларынан өзге Машын баба (Баба Мешін) атты iзбасары болған және ол - хикметтер тәрiздi “Әрбайн”, “Қылует” атты еңбектердiң авторы, тіпті Қожа Ахметпен бірге үш рет қылуетханаға түскен деген мәліметтер де бар.
Әзіреті Сұлтанның жолын басушы атақты iзбасары - әйгілі Арыстанбабтыңұлы Мансұр ата. Халық аңыздарына қарағанда Мансұр ата ұстазынан кейiн Ахметтiң қара шаңырағына иелiк еткен, одан кейін қара шаңырақ Тәж Қожаға өткен (Бұл атақты Зеңгі бабаныңәкесі).
Түркі халқына ең танымал Ахмет Ясауидіңүшінші ізбасары – Сүлеймен Хәкім ата Бақырғани екенi баршамызға аян. Әз Ахметтің жөн сілтеуімен ол Хорасан өлкесінде софрасын жайған және Хәкiм ата - «Ақырзаман кітабы», «хазіреті Мәриям кітабы» атты шығармалардың авторы.
Аңыздық мәлiметтерге қарағанда Хәкім ата аталмыш өлкеде көптеген дәруiштер жетiлдiрген. Орынбасарлары iшiндегi аты аңызға айналған атақтысы - Зеңгі баба. Зеңгі ата – Атын Орда хандарының мұсылман болуына себепкер болған ¦зын Хасан ата, Сейіт ата, Садыр ата және Бәдір атаның ұстазы.
2. Ахмет Ясауидіңқыпшақ өлкесiндегi ізбасарлары. Қожа Ахмет Ясауидің атақ-даңқы тек Орта Азия өлкесiне ғана емес, қыпшақтар арасына да кеңінен танымал болған. Әзіреті Сұлтанның нұсқауымен тікелей барған шәкірттері де, шәкірттерінің шәкірттері де қыпшақтар арасында Ясауидің ілімін таратқан. Солардың бірі - Бираш сопы. Жоғарыда баяндалғаны сияқты Бираш Ясауидің нұсқауымен аталмыш өлкеге жіберілген. Бираш сопының iзбасары - Ешмехмет те 36 жыл шейх болған және «Шейх Баба» деген атпен қыпшақтар арасында танымал болған. Қыпшақтар арасында Ясауи жолын қуушылардың бiрi - атақты Шейх Хаятуллаћтың шәкiртi Ыдырыс та - Ясауи жолындағы дәруiш. Сондай-ақ Ыдырыс сопының орынбасары деп қазандықҚасым Шейхты айта аламыз. Ақ Еділдің жоғарғы жағында Ясауи шәкірттерінің тағы бірі - Қожа Әмір Келалдыңқабірі бар.
3. Батыс түркi халықтары арасындағы Ясауидiң iзбасарлары. Аңыз бойынша Ахмет Ясауидің рухани әсері Анадолы, Балқан,Әзірбайжан қысқасы бүкіл батыс түркілеріне кеңінен мәлім болған. ¦лы бабамыздың тікелей жөн сілтеуімен, көптеген дәруіштері Рұм өңіріне ағылғанын аңыздардан білеміз.
Әулие Челебидің мәлімдеуі бойынша Аушар Баба, Пір Деде, Ақязылы, Қыдемлі Баба Сұлтан, Гейіклі (Киікті) Баба, Абдал Мұса, Хорос Деде сияқты аталған өлкеде Ясауи дәруіштерініңқабірі көптеп кездеседі.
Сонымен қатар аңыз бойынша Жин Осман, Шейх Нүсрет, Гажгаж (Гыжгыж) Деделер - Ахмет Ясауидің шәкірттері.
Әзiретi Ахмет Ясауидің Анадолыдағы мәшһүр жолын қуушысы – Қажы Бекташ Уәлi. Батыс түркiлерi арасындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қажы Бекташ Уәлi Ясауи жолын қуушы - Лұқпан Перенден Хорасанда-ақ дәріс алған. Әпсана желiсiне қарағанда оған Анадолыға (Анатолия, Кiшi Азия) бару жүктелген, Қыршећирде (Сулуджа қараћөйүк) ол рухани софрасын жайған және көптеген дәруiштiң көңiл көзi ашылуына себепкер болған. Қажы Бекташ Уәлi – бүгiнгi Бекташилiк тариқатының құрушысы. Аталмыш түркi дәруiшiнiң атақты iзбасарлары - ТаптұқӘмре, Сары Салтұқ, Барақ Баба. Ал бүгiнгi өлеңдерi мен дүниетанымдары көпшiлiк қауымға мәшһүр Жүнiс Әмiре ТаптұқӘмренiң берекелi рухани софрасынан рухани нәрмен сусындаған.



  1. Сопылық ілім анықтамасын жазыңыз

Сопылықтағы төрт асу: Шариғат, тарихат, мағрипат және хақиқат. Сопылық әдістер: Зікір, қылует, мақам, хәл және нәпсі дәрежелері.
Сопылық жолға түскен адамның рухани шынығуы (риязет), тырысуы (мүжаһеде) арқылы жеткен дәрежесі болады. Мұны сопылықта “мақам” деп атайды. Белгілі бір мақамға өз күшімен жеткен сопы, сол мақамда тұрақтап қалмай, келесі мақамға жетуге тырысуы шарт. Ал ол мақамның белгілі шарттарын толық орындамайынша мақам дәрежесін иемдену мүмкін емес.
Сопылыққа кірудің алғашқы мақамы – тәубе, кейін кезегімен құдай жолына кіру - “инабе”, арам нәрселерден ұзақ болу - “уәра”, дүние ләззатынан бас тарту - “зүһд”, ырза болу - “риза”, қанағатты болу - “қанағат”, тәуекел ету “тәуәккүл” болып келеді.
Сонымен қатар сопылықта “халь” деген тағы бір ұғым бар. Халь құлдың жеткен рухани жетістігінен кейін ие болған жақсы мінез-құлықтардың онда орналасуы нәтижесінде құдайдың рақымшылығымен жүректе пайда болатын шаттық, мұң, қайғы, жайдарылық, айбат, шабыттылық, есінен тану және толқыныс сияқты жағдай, яғни бұл құлдың өз еркінсіз пайда болады. Бұл хальдер құдайдан келгендіктен құл өз еркімен хальді жүрегінен кетіре алмайды.
Сопылық көзқарас бойынша адам рухани метафизикалық әлемнен қазіргі өмір сүріп жатқан мына көрінетін, жаралған әлемге түсірілген. Сонымен қатар адам нәпсінің жетегінде кеткеніне байланысты өзіне лайықты мақамнан төменгі дәрежеге түсіп, өзінің негізгі құндылығын жоғалтқан. Ал сопылықтың мақсаты - өзін тану, сосын адамды өз дәрежесіне (мақам) көтеру. Сопылық түсінігі бойынша адамды өз дәрежесіне жеткізу үшін оның көңiл көзiн ашуға, рухын тәрбиелеуге, мағнауи шынығуға, көңіл кірлерінен арылуға мән берiледi. Міне, сонда ғана инсан камиль-кемел адам дәрежесiне жетерi анық.
Сопылықтың ең төменгі дәрежесі “нәпсі әммаре (әмір етуші)ден” адам рухани дәрежеде биіктей отырып, “кәмиле нәпсі” сипатына, яғни сопылықтағы ең жоғарғы рухани дәрежеге жоғарылай алады. Бірақ бұл дәрежеге жететін сопылар өте сирек. Өйткені, бұл дәрежеге жетемін деп мақсат қойған сопы сопылықтың қиын да шерлі, соқпақты жолдарынан өтуі керек және бұл өте ауыр жол.
Сопылардың түсіндіруі бойынша жамандыққа баруға бұйырушы нәпсі “әммаре нәпсі (әмір етуші нәпсі)” деп аталады, бұл нәпсі дәрежелерінің ең төменгі сатысындағы - дүниеге құмартқан нәпсі. Нәпсі әммареде менменшілдік, құмарлық, надандық, зұлымдық, шәһуетке тұтқындық сияқты жамандықтарға бейім сипаттар кездеседі. Бұл нәпсіні иеленген адамды “азғын адам” деп айтуға болады. Міне, сопылық жол аталған нәпсімен күресуді ұсынады. Азғындаған бұл нәпсімен күресуді “үлкен күрес” деп атайды. Адамның “ләууаме нәпсі” деп аталатын екінші дәрежеге жоғарылаған нәпсісі істеген жамандықтарының жаман екендігін біледі. Осыған байланысты ол өзін қинайды, жамандықтарды істегісі келмейді, бірақ, сәті түскенде жамандық істерге бас ұрады. Бұл нәпсіде біршама жақсы сипаттар да кездеседі. Ләууаме нәпсіде сүйіспеншілік ұшқыны байқалып, хазіреті Пайғамбардан өнеге ала бастайды. Бірақ жамандыққа бармауға тырысқанмен, әммаре нәпсінің кейбір сипаттары кездеседі.


2- деңгей

  1. Диуани хикметтегі Арыстан баб туралы мәліметтерді суреттеңіз

Ясауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Аңыздар бойынша Қожа Ахмет Иасауиге алғашқы ұстаз (пір) болған Арыстан баб кесенесі Түркістаннан 70 шақырым жерде орналасқан. Арыстан баб есімі Отырар, Сайрам, Иасы өңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған. Оның ұрпақтары да кейін Иасауи құрған сопылық ұйымдар жетекшілері болды. Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Арыстан баб есімі Қожа Ахметтің «Диуани Хикметінде» жиі аталады. Даналық кітабында Арыстан бабтың ұстаздық қызметі айқын байқалады. «Диуани Хикмет» бізге Арыстан бабтың тәлім-тәрбиесінің мазмұны сопылық, ал ол адамның рухани жағынан жетілу жолы екенін уағыздайды. Арыстан бабтың қабірі көне Отырар қаласы маңында. Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынғанХалық арасындағы аңыздарға қарағанда Арыстан баб 500 немесе 700 жыл жасап, Пайғамбарымыздың аманатын (құрма) Ахметке берген екен. Алайда бір адамның 500 немесе 700 жыл жасауы мүмкін емес екені белгілі. Ал біз Арыстан бабтың ата-бабасы арқылы немесе оның шейхтары арқылы Пайғамбарымыздан ең соңғы болып, Арыстан баб оның тақуалық, әулиелік, исламдық жолын Ахметке үйреткен. Осыған байланысты аңыздарда да Диуани Хикметте де Пайғамбарымыздың осы тақуалық, әулиелік, сопылық жолын астарлы мағынада “құрма” деп баяндағанға ұқсайды. Диуани Хикметте те мұны "Жол көрсеттім адасқанды салдым жолға”, - деп қуаттап отыр.

  1. Ясауи дүниетанымының негізін түсіндіріңіз

Иасауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр. Сопылық –басқа танымдардан ерекше исламдық дүниетаным формасы. Осындай мәнге толы, терең сырлы құбылыс туралы зерттеулер, рухани тәжірибелер жазылды, жазылып та жатыр. Дегенмен сопылық жолдың белді тұлғасы Иасауи мәдениетін, жолын, ілімін тану әлі күнге дейін бір ізге түспеген өзекті мәселе болып отыр.
Иасауи дүниетанымы өз алдына танылмаған ғарыш. Оның мирасы да өз алдына бір ғарыштық мәтін. Сондықтан бүгін оқушы мен мәтін арасындағы қатынастың көпқырлылығы мен қиындықтарына тоқталғанды жөн санаймыз. Сопылық танымды, Иасауиді осы саланың маманы басқаша ал, маман еместер басқаша қабылдап таниды. Мамандар сопылардың еңбектерінен пайдалана алады, ал маман еместер сопылық туралы еңбектерді жете түсіне алмайды. Мұның өзіндік себептері бар. Ең басты себеп, құдайлық таным мен адамдық таным арасындағы қатынас мәселесінде жатыр. Құдайлық танымның объектісі – мәтін, Құран Алланың сөзі. Мәтін мен “Иасауидің” ішкі тәжірибесі немесе ойлау жүйесі арасындағы ең үлкен қиындықтардың біріншісі, шектеулі сөздер феномендерінің “шексіз рухани ақиқаттарды” жеткізу тұрғысынан жеткіліксіз қалуы. Яғни, сөз арқылы сопылық ақиқатты жеткізу шектеулі, әрі қиын. Сопылықта сөз екінші орында, бірінші кезекте хәл тұрады

  1. Ахмет Ясауидің от басына нәпақасын қалай тапқаныны туралы аңызды жазып көрсетіңіз

Шейх Ахмет Ясауидің өзі қарапайым өмір сүрді, отбасымен бірге жұмыс істеді, қолөнершілермен қатар жұмыс істеді. Жеке өмірінің үлгісі ретінде ол адамдарды жақсылық пен махаббат заңдарын ұстануға шақырды, ашкөздік пен ашкөздікті жек көруді үйретті. Ахмет Ясауидің ең басты еңбегі-ол араб тілі мен фарсидің үстемдігі кезінде теологиялық бағыттағы және әдеби шығармаларды туған түркі тілінде, оғыз-қыпшақ диалектісінде жасап, оны әдеби қолданысқа енгізгені. Ақын аскетикалық өмірді өз ілімін көшпенділердің халықтық дәстүрлеріне шебер бейімдей отырып, Ислам канондарын Шығыс сопылық ілімдердің пантеизмімен, жергілікті түркі тайпаларының шаманистік көзқарастарының элементтерімен икемді үйлестіре отырып, адамгершілік жетілуге жол ретінде қарастырады

  1. Ясауи іліміндегі адамды азғындыққа түсіретін жол туралы өз сөзіңізбен түсіндіріңіз

Адамды туралықтан айырып, азғындық жолға түсіретін жаман жолдың бірі - дүниеге қызығу, бірі нәпсінің жетегінде кету.
Адам жүрегіне Аллаћқа деген махаббатты емес, дүниеге деген махаббатты орнықтырса, ол адам - азғын адам. Себебі, дүние рахатына ұмтылған адамнан түрлі қылмыстар мен күнәларды кездестіруге болады және оның ахиреттегі өмірі жәћәннам болмақ.
Дүние үшін қам жеме, Хақтан өзгені айтпа,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет