Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ислам дінінің ерекшеліктерін тізбектеңіз



бет16/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Ислам дінінің ерекшеліктерін тізбектеңіз

1.Ислам - соңғы дін. Осы дінді насихаттаған Хазiретi Мұхаммед те (ғ.с.) соңғы пайғамбар. Ислам дінінен кейін басқа дін де, пайғамбар да келмейді.
2.Ислам - әлемдiк дін. Әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діні белгілі қауымға жіберілген болса ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін.
3.Ислам дінінің үкімдері бүкіл адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей етіп керемет қамтылған. Осы себепті өзге дінге қажеттілік жоқ.
4.Ислам діні өзінен бұрынғы Аллаһ Тағала тарапынан жіберілген пайғамбарлармен құдайлық қасиетті кітаптарды растайды.
5.Ислам діні әуелгі пайғамбарлардың үгіттеген діндердің үкімдерін жаңалайды. Өйткені, ол үкімдер тек қана бір немесе бірнеше қаумға жіберілген еді. Алайда ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген дін және қиямет қайымға дейін өзінің негізін сақтайды.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді.

  1. Мұхаммед пайғамбар с.а.а өмірбаянын жазыңыз

Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 570 (571) жылы яғни піл жылы рабиу-л-әууәл айының 12-жұлдызына қараған дүйсенбінің таңында дүниеге келді.
Хазiретi Мұхаммедтiң әулеті Құрайш руының Хашим ұлдарынан еді. Оның жанұясы тұрғысынан өзішінен абзал отбасынан болатын. Әкесі - Абдуллаћ, шешесі - Әмина. Дегенмен, Хазiретi Мұхаммедтiң туылуынан 2 ай бұрын әкесі Абдуллаћ, 6 жасында шешесі Әмина қайтыс болған. Жас Мұхаммед 8 жасына дейін атасы Әбдiмүттәлiптiңқолында қалды. Құрайштың белдi ақсақалдары саналатын Әбдiмүттәлiп адамгершiлiгi мол, жомарттығымен, мәрттiгiмен аты шыққан, сабырлы, ақылды, түсiнiгi мол жан болған. Немересi Мұхаммедтi қайда барса қасынан тастамай алып жүрдi. Әбдiмүтәлiп милади* 578 жылы сексеннен асқан шағында мәңгiлiкке көз жұмды. Мұхаммедтi (ғ.с.) немере ағасы Әбу Тәліп жанына алды. Хазiретi Мұхаммедтiң осылайша балалық шағы тап-таза және жетімдікпен өтті. Оның жасөспірімдік, бозбалалық, бойдақтық және үйлі барандықөмірі де ешкімге нәсіп болмаған үлкен абыройлықпен өтті. ¤мірінде ешбір өтірік айтпады, айлакерлік істемеді. Оны дос-дұшпандары Мұхаммеду-л-Әмин (сенімді Мұхаммед) деп атайтын болды.
Ол 25 жасында намысты және бай жесір әйел болған 40 жастағы Хадиша анаға үйленді.
Хазiретi Мұхаммед (ғ.с.) 63 жасында Аллаћтың рахметіне бөленіп, ћижри* 11, милади 632 жылы раби-у-л-әууәл айының 12-күні дүйсенбіде (милади 8-маусым) Мединеде қайтыс болды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет