Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуда қолданылған жазу өрнектерінің сипаттарын, жазулар мағынасына талдап көрсетіңіз
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазу және өсімдік тектес сипатта түсірілген өрнектер мәні ғылыми зерттеулерде қарастырылған
Ислам тірі табиғатты бейнелеуді тиым салған кезеңде, көркем сипаттағы жазу ислам сәулет өнерінің, көркем-қолданбалы қолданбалы өнердің ерекше дамып, қолданыста болған бір түріне айналды.
Ғимаратты өрнектеуде қара, көк, аспан көк, ақ түсті өсімдік сағақтары, хадистер, мұсылмандық баламалар сульс, куфи қолтаңбалары қолданылған. Ирек өрнек ислам мәдениетінде ислими секілді Жаратушыны тану, Жаратушығы деген ұмтылыстың, жолдың үлгісі сипатында қабылданды.
Көркемдеуде қолданылған өсімдік сағақтары, иірімдер сипатындағы құрылымдар өте ежелден Таяу Шығыс, Орта Шығыс елдерінде кең тарады. Кесененің ішкі және сыртқы бөліктерінде ислам өнерінің талаптарына сай көркем әшекейлі жазулар түсіріліп өрнектелген. Қазандық бөлмесінің әрленуіне назар салғанда қабырхана бөлмесіне кіретін есіктің жоғарғы тұсына, керамикалық тақтайшаға Әмір Темірдің жеті атасының есімі жазылған.
Кесенеге арнап жасалған Тайқазан, шырағдандар, лауха сияқты заттардың сыртына сулс, насх, куфи қолтаңбаларымен әшекейленіп жазулар түсірілген. Кесененің сыртқы бөлігінің жоғарғы және орта бөліктеріне ислам өнерінің даму сипатына сай сульс және геометрияланған, гүлденген куфи қолтаңбаларымен жазулар түсірілген. Жоғарғы жағындағы жазулар Құранның алынған сөздер.
Кесененің солтүстік беті үш бөліктен тұрады. Оң қанат, сол қанат және қас бет деп бөлуге болады. Көркем жазулармен қабырғалар, бұрыштағы ұстындар, қас бет ойықтардың ішкі бөліктері әрленген. Бұл қабырғадағы жазулар мәтіні келесі сипатта: «Ойластыратын Алланың құлы, айқындаушы Алла». Солтүстік қас бетті әрлеуде көптеген эпиграфикалық құрылымдар қамтылған. Ойықтардың ішкі қабырғалары кірпішті мозайкалармен қапталған
Ахмет Ясауи кесенесінің Үлкен Ақ сарай, Кіші Ақ сарай бөлмелерінің атқарған қызметі туралы жазып көрсетіңіз
үлкен ақсарай мен кіші ақсарай – мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана исламды уағыздау және діни ағарту ортылығы