Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы Рәбия Сұлтан бегім кесенесінің сипаты, құрылымына байланысты тұжырымдарды көрсетіңіз
Рәбия Сұлтан бегім кесенесі[1] – байырғы сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. XV ғ-да Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңт.-шығысынан 60 м қашықтықта тұрғызылған. 5 бөлмелі кесененің алдыңғы беті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған. Рәбия Сұлтан бегім кесенесінің орталық бөлігі цилиндр тәрізді биік барабанға орнатылған күмбезбен жабылған. Құлпытасында “бұл құдіретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті ұлы сұлтан Ұлықбек Көрегеннің қызын, ақсүйек (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері” деп жазылған.
Рәбия Сұлтан бегім Кесенесі– ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші (XV ғ.). Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығысында 60 м жерде. Әмір Темірдің немересі, Ұлықбектің қызы, Әбілқайыр ханның әйелі, белгілі хандар Көкенші мен Сүйініштің анасы Рәбия Сұлтан бегімге арнайы салдырылған. Бұл кесененің құлыптасы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесінен табылған. Құлыптаста Бегімнің Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендегі,1485 жылы қаза болғандығы жазылады. Алғашында 8 бұрышты бір камералы, цилиндр тәріздес барабанға бекітілген биік күмбезі бар құрылыс ретінде салынып, кейіннен көп камералы шаршы жоспарлы құрылыстармен толықтырылған. Кесене - өте үлкен архитектуралық кешен. Оның құрамына 5 үлкен бөлме кіреді. Кесененің қасбеті сүйір ұшты биік арка түрінде жасалған, 8 бұрышты залы және осы залға жапсарлас салынған ұзынша келген тікбұрышты 2 үй-жай бар. Кесененің айналасынан табылған майоликалық және глазурланған тақтайшаларға қарап, оның полихромды қаптамамен қапталғанын көруге болады. Кесененің оңтүстік-шығыс бөлігінде жерасты қабірханаға кіретін есік бар. Қабірхана сыланып, боялған. Онда терімен қапталған ағаш табыттар қойылған. Рәбия Сұлтан бегімнің табытында – «бұл құдіретті Әмір Темір Көрегеннің ұлы, азапты ажалдан қаза тапқан, құдіретті, ұлы сұлтан Ұлықбек Көрегеннің қызы, ақсүйек, (құдай) кешіріп, рақымшылық жасаған, ізгі жасанды Рәбия Сұлтан бегімнің тыныштық тауып жатқан жері» деген жолдар бар. Кесене түркістандық жергілікті архитектуралық дәстүр негізінде салынған алғашқы кесене ретінде өте маңызды. 1980 жылдан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.