Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Ясауидің түркі дүниесіндегі орнын түсіндіріңіз



бет7/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған
195.Намаз үйренейік, Дәрігердің үшінші қаруы
Ясауидің түркі дүниесіндегі орнын түсіндіріңіз

Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикметжазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы БекташЖүніс ӘміреСүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. ХІІ ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Түркі жұрты мен мұсылман ортасында белгілі орта ғасырлық ғалымдардың бірі исләмнің таралуы үшін дүниеге әкелген сопылық философиялық трактаттардың иесі Қожа Ахмет Ясауи келешек ұрпаққа елеулі мұра қалдырды. Оның «Диуани Хикмет» атты туындысы адамгершілік, имандылық, әділдік, инабаттылық тәрізді күрделі мәселелерді сипаттап ашып көрсетуге арналған 



  1. Ясауи кесенесінің құрылымын суреттеп жазыңыз

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мешіт бөлмесіндегі, басқа да бөлмелердегі, жалпы ғимараттағы жазулар, әшекей өрнектер кірпіштік мозайка, майолика, ойылып, кашиннен жинақталып, өрнектелген жиналмалы мозаика сипатында түсірілген. кесенелер күмбезді, каллиграфиялық жазулармен әрленген, мұнаралы, қас бетті, мұнаралы болып келеді. Ясауи кесенесі, ұстаздары мен шәкірттерінің мазарларының құрылысы осы бір үлгіге негізделген. Сәулет өнеріне тән сипат қас беттегі портал және қабырғаларды сызба өрнектер түсірілген терракоталармен қаптау Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салып, әрлеуде қолданылған. Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде үлкен сегіз бөлмесі әр түрлі қызмет атқаратын бөлмелер жинақталған. Кесененің негізгі үш күмбезді бөлмелері қабырхана, Қазандық, Мешіт бөлмелері деп аталады.
Кітапхана кесененің батыс бөлігінен орын алған.
Асхана батыс бөлікте, құдыққана шығыс тұсында орналасқан. Кесененің қас беті оңтүстік-шығысқа, ал бүйір беттері оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығысқа қаратып салынған. Келген адам орталық Қазандық бөлмесіне көркем есік арқылы кіреді. Қазандық - кесенедегі ең үлкен бөлме. Қазандық бөлмесінен ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауидің жатқан жері қабырхана бөлмесіне кіреді. Кесененің оңтүстік-батыс тұсында кіші мешіт бөлмесі орналасқан.
Оңтүстік- шығыс тұсында асхана бар. Мұнда бұрынғы замандарда дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халім асы әзірленді. Кесененің қас бетінде бұрынғы құрылыстан қалған ағаштар қазіргі кезге дейін сақталған.
1405 жылы Әмір Темір қайтыс болған соң барлық құрылысшыларды Самарқандқа Бибі ханым кесенесін салуға алып кеткен.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазу және өсімдік тектес сипатта түсірілген өрнектер мәні ғылыми зерттеулерде қарастырылған. Кесененің ішкі және сыртқы бөліктерінде ислам өнерінің талаптарына сай көркем әшекейлі жазулар түсіріліп өрнектелген.
Кесененің солтүстік беті үш бөліктен тұрады. Оң қанат, сол қанат және қас бет деп бөлуге болады. Көркем жазулармен қабырғалар, бұрыштағы ұстындар, қас бет ойықтардың ішкі бөліктері әрленген. Бұл қабырғадағы жазулар мәтіні келесі сипатта: «Ойластыратын Алланың құлы, айқындаушы Алла». Солтүстік қас бетті әрлеуде көптеген эпиграфикалық құрылымдар қамтылған. Ойықтардың ішкі қабырғалары кірпішті мозайкалармен қапталған.

Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің көзге түсер ерекшелігі оның ауқымдылығы мен салтанатты байлығы. Осы факторлар мемлекеттің қуаттылығын, күштілігін көрсетуге арналған. Осы концепцияны іске асыруда сәулет ғимараттарының кейбір бөліктері ерекше орын алады. Мысал ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің мұнаралары мен қасбетін алуға болады. Кесененің мұнаралары екі түрлі ойға келтіреді. Оның орасан биіктігі ресми діни орталығының орнын айқындап көрсетсе, екінші жағынан – ғимараттың сәнін келтіреді. Жалпы айтқанда мемлекет басшысының қуатын көрсетіп, Ислам дінінің осы жерде басшылығын айқындайды. Кесененің қасбеті де сол қызметтерді атқарып тұр.Ғимараттың құрылымдық элементтері де маңызды ақпарат беруі тиіс еді. Күмбездің рәміздік қасиеттері туралы ойларды бірнеше ғалымдар білдірген болатын. Әмір Темір тапсырыс беруші ретінде өзі де күмбездерге көп көңіл бөлгені белгілі [2, 12 бет]. Өзінің қатысуымен ол осы тұрпаттың қалыптасуына үлкен үлесін қосты.


Орта Азиядағы Әмір Темір дәуірінің сәулет өнерінің ескерткіштерін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа сәулет ғимараттарының тұрпатын полихромдық (түрлі-түсті) әшекейлендіру айқындайтын ғимараттар жатады. Екінші топқа керісінше, полихромдық әшекейлендіру сәулет ғимаратын «жұтып», оның негізгі құрылымдарын көрсетпейтін ғимараттар жатады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ғимараттардың бірінші тобына жатады. Бұл ғимарттың декоративтік әшекейлендірілуі кесененің сәулет құрылым-дарын анық, күшейтіп көрсететіні анық көрініп тұр. Бұл топқа және Ақ-Сарай мен Бибі Ханымның кесенесін жатқызуға болады.Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сәулет ескерткішінің құрылымы жағынан атап өтуді жөн көрдік. Құрылысты жүргізуді Әмір Темір өз дуанында игілікті істермен шұғылданатын Мәулен Убайдулла Садырға жүктейді [3, 8 бет]. Кесенені салу жедел қолға алынып, сол заманғы деңгейден қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Негізгі және қосалқы бөлмелерді салу кезінде құрылысшылар қолдарындағы архитектуралық сызбалар мен ғимарат жобасына сүйеніп отырды. Архитектуралық көлемдер мен олардың бөлшектерінің асқан шеберлікпен салынғандығының себебін тек осылай ғана түсіндіруге болады. Әмір Темірдің болашақ кесене жобасын жасауға тікелей қатысып, құрылысшыларға нақты нұсқау бергендігін әр-түрлі жазба деректер де дәлелдейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет