Ясауитану пәнінің міндеттері мен мақсаты туралы жазыңыз


Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қарахан дәуірде салынған қабырхана, мешіт бөлмелері туралы жазып көрсетіңіз



бет60/68
Дата26.05.2022
өлшемі16,79 Mb.
#145104
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Байланысты:
Ясау толықтырылған

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қарахан дәуірде салынған қабырхана, мешіт бөлмелері туралы жазып көрсетіңіз

Ахмет Ясауидің сүйегі жатқан бөлме көрхана деп аталады, ол Қарахан дәуірінде тұрғызылған, кейін Темір Ахмет Ясауиге рухани байланғандығына байланысты ескі бейітке жалғастырып, үлкен зәулім сағана салдыртты. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болған соң жерленген жер XII ғасырмен мерзімделеді. Күмбезді бөлмеде Әмір Темір бұйрығымен арнайы алдырылған нефрит тастан жасалған қабыртас қойылған. Қабырхана төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген таяздау ойықтары бар кең бөлме. Қабырхананың күмбезі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Қабырхананың сыртқы күмбезі қатпарлы болып келген. Күмбез өсімдік сипатты өрнектермен, мозаикамен қапталған. Қатпарлы күмбездің сыртқы диаметрі 10 метр, 52 қатпар бар, жалпы биіктігі 21 метр.


Мешіт- Мешіт бөлмесі төрт бұрышты (6,4х9,4 м), жарық түсетін он алты терезесі бар, күмбезді құрылыс. Мешіт бөлмесінің ішкі құрылымындағы михраб, мінбердің, сырты күмбезді болуы - ислам дінінің мешіт эстетикасының талабына сай келеді.
Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт ойығы) құбылаға қараған көгілдір реңде оюланған. Мозаикалар, өсімдік сипатындағы өрнектер түсіріліп, майоликалық тақтайшалармен әрленген. Мұнда Құран сүрелерінен көркемделе түсірілген жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Михрабтан сулс қолтаңбасымен, ақ боялармен түсірілген әріптердің, жалатылған алтынның сілемдерін көруге болады.



  1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ең үлкен бөлмелерін тізбектеп беріңіз, әр бөлменің атқарған қызметін көрсетіңіз

Кесене негізінен 35 бөлмеден тұрады. Оның ең негізгі үлкен 8 бөлмесі бар. Қазандық деп аталатын бөлме - ежелгі тайпалар өміріндегі қазанды қасиет тұту дәстүрі бейнелесе, мешіт – ислам идеологиясының негізгі символы, ал үлкен ақсарай мен кіші ақсарай – мемлекеттік мәселелерді шешетін ақсақалдар алқасы мен қазылық, билік айтатын орын, кітапхана исламды уағыздау және діни ағарту ортылығы. Ахмет Ясауидің сүйегі жатқан бөлме көрхана деп аталады.
Қазандық-бұл бөлмеге біз көркем есік арқылы кіре аламыз. Бұл кесенедегі ең үлкен бөлме, және бөлмеде үлкен қазан орналастырылған.
Үлкен Ақсара, Кіші Ақсарай - XVI-XVIII ғасырларда, Түркістан қаласы қазақ хандарының орталығына айналған шақта, осы Ақсарай хан сарайы ретінде пайдаланылған
Көрхана- Қазандық бөлмесінен ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Ясауидің жатқан жері қабырхана бөлмесіне кіреді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болған соң жерленген жер XII ғасырмен мерзімделеді. Күмбезді бөлмеде Әмір Темір бұйрығымен арнайы алдырылған нефрит тастан жасалған қабыртас қойылған. Қабырхана төрт бұрышты (7,5х7,5 м), қабырғаларында сталактиттермен әшекейленген таяздау ойықтары бар кең бөлме. Қабырхананың күмбезі қос қабатты күмбезбен көмкерілген. Қабырхананың сыртқы күмбезі қатпарлы болып келген. Күмбез өсімдік сипатты өрнектермен, мозаикамен қапталған. Қатпарлы күмбездің сыртқы диаметрі 10 метр, 52 қатпар бар, жалпы биіктігі 21 метр.
Мешіт- Мешіт бөлмесі төрт бұрышты (6,4х9,4 м), жарық түсетін он алты терезесі бар, күмбезді құрылыс. Мешіт бөлмесінің ішкі құрылымындағы михраб, мінбердің, сырты күмбезді болуы - ислам дінінің мешіт эстетикасының талабына сай келеді.
Мешіттің михрабы (Мекеге бағышталған мешіт ойығы) құбылаға қараған көгілдір реңде оюланған. Мозаикалар, өсімдік сипатындағы өрнектер түсіріліп, майоликалық тақтайшалармен әрленген. Мұнда Құран сүрелерінен көркемделе түсірілген жазулар сан алуан реңді өсімдік өрнектермен сабақтасып жатыр. Михрабтан сулс қолтаңбасымен, ақ боялармен түсірілген әріптердің, жалатылған алтынның сілемдерін көруге болады.
Кітапхана- кесененің батыс бөлігінен орын алған.
Асхана- Оңтүстік- шығыс тұсында асхана бар. Мұнда бұрынғы замандарда дүйсенбі мен жұма күндері кедей-кепшік пен дәруіштерге тегін үлестірілетін тағам — халім асы әзірленді. Кесененің қас бетінде бұрынғы құрылыстан қалған ағаштар қазіргі кезге дейін сақталған.
Құдықхана-келер болсақ бұл жаугершілік заманда қажеттіліктен салынған деседі. Халық қорғанға тығылған уақытта бүкіл халықты сумен қамтамасыз етіліп отырған жалғыз құдық осы кесене ішінде орналасқан. Бұл құдықтан күнделікті су алынып қазандыққа да толтырылып отырылған. Асханаға су осы құдық арқылы тасылған.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет