Юнеско бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті
24.11.2015 ж. Әлихан Бөкейханов Сұлтанхан АҚҚҰЛЫ Юнеско аясында бүкіләлемдік дара тұлға деп танылды2016 жылы Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында өтетін болды. Халықаралық ұйым кезекті 38-сессиясында осындай қаулы қабылдады. Енді жауапкершілік – Қазақстан Үкіметі мен Алаш көсемінің өмірін, сан қырлы қызметін, баға жетпес мұрасын зерттейтін ғалымдар мойнында. ЮНЕСКО Бас конференциясының 2-18 қараша аралығында өткен 38-сессиясы «Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысу туралы» Атқарушы кеңестің ұсынысын бекітті. Ол жөнінде Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілетті уәкілі Сатыбалды Бұршақов хабарлады.«Бүкіләлемдік шынайы даңқты қайраткер» деп