З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет16/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың барысы: бұлшық ет-жүйке препаратын дайын- дап, миографқа бекіту. Электр тітіркендіргіш арқылы жүйкені ор- таша ток күшімен тітіркендіре отырып, бұлшық еттің қалыпты жиырылуы қисық сызығын барабанға жазу. Шонданай жүйкесі
мен бұлшық еттің жалғасқан жеріне микроинъекция немесе аппли- кация арқылы миорелаксантпен әсер ету. Жүйкені одан әрі тітір- кендіре отырып, бұлшық еттің жиырылу қабілеті толық жоғалған- ша жазуды жалғастыру. Нәтижесінде, синапста қозуды өткізу қабі- летінің жоғалу уақытын анықтау қажет.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жабыстыру және белгілеу. Миорелаксанттың синапсқа әсер ету механизмін түсіндіру.


ҚОЗУДЫ ӨТКІЗУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Қозуды өткізу жылдамдығы бірдей ме? а) жеке миелин талшықтар ар- қылы; ә) пойкилотермді және гомойотермді жануарлардың жүйкелері арқылы.

  2. Жүйке талшықтарындағы натрий иондарының орташа концентра- циясынан 15 есе асып тұрған ерітіндісіне жүйкені салса қозуды өткізу жылдамдығы өзгере ме?

  3. Жүйке клеткаларын зерттеу тәсілдері.

  4. Жүйке талшықтарының классификациясы және миелинді, миелинсіз талшықтардағы қозуды өткізу механизмдері.

  5. Аралас жүйке арқылы қозуды өткізу ерекшеліктері.

Жүйке арқылы қозудың өтуіне (таралуына) тән бірнеше ерекшеліктер бар.


Физиологиялық және анатомиялық тұтастылық. Жүйке талшығы морфологиялық функционалды зақымданбаған, сау бо- луы керек. Мұны жүйке талшықтың анатомиялық және физи- ологиялық біртұтастылық заңы деп атайды. Егер талшықты ке- сіп қиса немесе оның бір бөліміне жоғарғы не төменгі темпера- турамен, улы заттармен, анестетиктермен әсер етсе, ол арқылы қозу өтпейді. Мысалы, жергілікті анестетиктердің (новокаин, лидокаин және т.б.) әсері потенциалға тәуелді Na+-каналдары- ның тосқауылына негізделеді. Сезгіш жүйке талшықтарының физиологиялық тұтастығының бұзылуы анестезияны (сезгіштік- тің жойылуы) тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет