Жұмысты қорытындылау: тәжірибенің барысын дәптерге жазу. Тәжірибенің сызбасын салу. Табиғи жағдайда қозуды жүй- ке қалай өткізетіндігін түсіндіру.
11-жұмыс. Жүйкенің біртұтастығы туралы зандылық және оны бұзу
Жүйке талшығы бойымен қозудың таралуы оның анато- миялық және физиологиялық біртұтастығына байланысты. Егер жүйкені байласа, салқындатса, фармакологиялық, нарко- тикалық заттармен әсер етсе, олардың физиологиялық біртұ-
тастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Жүйкенің өткіз- гіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физи- ологиялық құрылысымен жақсы таныс болу керек және сонда ғана ондағы өткізгіштік үдерістерді фармакологиялық жолмен реттей аламыз. Мысалы, новокаин миелинсіз жүйке талшық- тарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол оқшауланбаған мембранамен әрекеттесе отырып, аксоплаз- мадан К+ иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде жүйке талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалардың қозғыш- тығының төмендеуіне әкеп соғады.
Жұмыстың мақсаты: пайда болған қозудың жүйке бойы- мен таралуын фармакологиялық және физикалық жолдармен бө- геу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: вертикальды бекіткі- ші бар миограф, кимограф, қағаз, сия, 2% новокаин ерітіндісі неме- се 10% спирт ерітіндісі, рингер ерітіндісі. Сорғыш қағаз, мақта, эфир. Жұмыс бақамен орындалады.
сурет. Жүйке бойымен қозудың өтуін тежеу: а – фон; ә – жүйкеге наркоти- калық заттармен әсер еткеннен кейінгі еттің жиырылуы; б – толық тежелу.
Жұмыстың барысы: Алдын ала дайындалған бұлшық ет- жүйке препаратын миографқа бекіту. Ортадан жоғары ток күшін таңдап алып, жүйкені тітіркендіре отырып, бұлшық еттің жиырылу қисығын кимограф лентасына жазу. Спиртпен немесе новокаинмен шыланған мақтадан жасалған жіңішке тампонды электрод пен бұлшық еттің аралығына орналастырады. Әр ми- нут сайын жүйкені тітіркендіре отырып, еттің жиырылу қасиеті- нің жойылу уақытын белгілейді. Бұдан кейін тампонды алып
тастап, жүйкені рингер ерітіндісімен әбден жуады. 5 минут өт- кеннен кейін жүйкені тітіркендіріп, еттің жиырылу қисығын лентаға қайта жазу керек. Тәжірибенің соңында электрод пен бұлшық еттің арасын жіппен байлап, жүйкені тітіркендіреді де, нәтижесін кимограф лентасына жазады. Алынған кимограмма- ны эталонмен салыстырады (14-сурет).
Нұсқағыш наркотикалық заттардың әсер ету сәтін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |