Жұмыстың мақсаты: рефлекстерді Тюрк тәсілі бойынша анықтай отырып, олардың пайда болу уақытының тітіркендір- гіштер күшіне тікелей тәуелді екеніне көз жеткізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялы құрал- саймандар жиынтығы, штатив, күкірт қышқылы ерітіндісі (0,1%, 0,2%, 0,3%, 0,5%, 1,0%), су, бес медициналық стакан, секундо- мер, мақта. Тәжірибе бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: жұлыны сақталған, бас миы бұзылған бақаны кимографтың ілмегіне астыңғы жағы арқылы қыстыра- ды. Тәжірибені бас миын бұзып, 10-15 минут өткеннен соң бас- тау керек. Артқы бір аяғын 0,1% күкірт қышқылы бар стаканға батыра отырып, қорғаныс рефлексі пайда болу уақытын анық- тайды. Одан кейін ол аяқты бірнеше қайтара сумен жуады да, бұл тәжірибені 2-3 минуттан кейін үш рет қайталап, орташа көр- сеткішті алады.
Осы әдісті 0,2%, 0,3%, 0,5% және 1,0% күкірт қышқылы ерітіндісімен қайталайды. Қышқылдың деңгейі барлық стаканда бірдей болуы керек және әрбір тәжірибеден кейін бақаның ая- ғын сумен бірнеше рет қайтара жуып отыру қажет (17-сурет).
17-сурет. Жұлындық рефлекстерді демонстрациялау. Тюрк әдісі бойынша рефлекстер уақытын анықтау
Жұмысты қорытындылау: тәжірибенің барысын көшіріп жазу. Алынған деректерді мына кесте түрінде толтыру
Тітіркендіргіштердің күші (күкірт кышқылы-
ның конц.) %
|
Рефлекс уақыттары
|
Орташа көрсет- кіштер
|
|
1
|
2
|
3
|
|
0,1
|
|
|
|
|
0,2
|
|
|
|
|
0,3
|
|
|
|
|
0,5
|
|
|
|
|
1,0
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |