З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева


жұмыс. Оттегінің максимальды пайдалану деңгейін анықтау



бет92/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

жұмыс. Оттегінің максимальды пайдалану деңгейін анықтау


Оттегінің максимальды пайдалану (ОМП) мөлшері, негізі- нен, тыныс алу мен қан айналу жүйелерінің дамуына байланыс- ты. Дене еңбегі кезіндегі энергия көзі оттегінің қатысуымен жү- ретін үдеріс болғандықтан оттегін максимальды пайдалану дең- гейі бойынша адамның физикалық еңбек қабілеті жөнінде қоры- тынды жасауға болады. Адамның еңбек қабілеттілігінің объек- тивті көрсеткіштеріне ОМП деңгейі жатады (ОМП/кг). Оны анықтау үшін экспериментте алынған массаны зерттелушінің дене массасына бөледі (кг).


Эксперимент мәліметтері мен ОМП деңгейі негізінде зерт- теушілер адамның жұмыс қабілетін бағалайтын критерийлер жа- сады (3-кесте). Соңғы жылдары жұмыс қуатының деңгейіне жә- не жүрек соғысының жылдамдығына байланысты оттегін макси- мальды пайдалану мөлшерін жанама әдіспен есептеу тәсілдері жасалды. Бұл екі көрсеткіш физикалық жүктеме кезінде степ- тест (биіктігі 30-40 см болатын баспалдақпен көтеріліп, түсу)
деп аталатын құралдың көмегімен анықталады. Бұл жұмысты орындағанда жүрек соғысының жылдамдығы артады. Тұрақты жағдай қалыптасу үшін жұмысты 5 минут бойы орындау ұсыны- лады. Бесінші минутта бір минуттағы циклінің санын санайды, жүктемеден кейін алғашқы 10 секунд бойындағы пульс жылдам- дығын анықтайды.



    1. кесте

Оттегіні максимальды пайдалану (ОМП/кг) көрсеткіштері бойынша адамдардың еңбек қабілеттілігін бағалау



ОМП/кг (ерлер)

ОМП/кг (әйелдер)

Бағалау

55 – 60

45 – 50

Өте жақсы

55 – 54

40 – 44

Жақсы

45– 49

35 – 39

Қанағаттанарлық

44 және одан төмен

34 және одан төмен

Қанағаттанғысыз

Зерттелушінің дене салмағын, сатының биіктігін және 1 ми- нут ішіндегі цикл санын білгеннен кейін мына формула бойын- ша жұмыс күшін есептейді:


N = P h n 1,5 ,


мұндағы N – жұмыс күші; p – зерттелуші денесінің салмағы; h – баспалдақтың биіктігі; n – цикл саны, 1,5 – көтерілу мен түсу коэффициенті.


Оттегін максимальды пайдалану деңгейін анықтау степ-тес- тегі жұмыс күшін (кгм/мин), бесінші минуттағы пульстің тұрақ- тылығы мен зерттелушінің жасын ескертетін Добельн формула- сы бойынша есептелінеді:
N
ОМП = 1,29 K,
H – 60

мұндағы N – жұмыс күші (кгм/мин), H – 5-минуттағы пульс (мин/соғу), К – жасқа байланысты коэффициент (4-кесте).



    1. кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет