З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет10/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмыстың мақсаты: бұлшық ет жиырылу амплитудасы- ның тітіркендіргіш күшіне тәуелді екендігіне көз жеткізу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық ас- паптар жиынтығы, миограф, кимограф, Рингер ерітіндісі, пи- петка, электр тітіркендіргіші, қағаз, сия. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: балтыр ет пен шонданай жүйкеден тұ- ратын препарат дайындап, миографқа бекітіп, тітіркендіре отырып, оның жиырылу амплитудасын миограф барабанына жазу. Күші аз тітіркендіргішке ет әлсіз, күшті тітіркендіргішке барынша жиыры- луымен жауап береді. Бұл еттердің қозғыштығы әртүрлі болып ке- летін ет талшықтарынан тұратындығын көрсетеді.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын дәптерге көшіріп жазу. Алынған кимограмманы дәптерге жабыстырып, белгілеу. Бұлшық ет жиырылу амплитудасының ток күшіне тәуелді екендігінің себептерін түсіндіру.


  1. жұмыс. Бұлшық ет жиырылуының тітіркендіргіштер жиілігіне тәуелділігі. Жеке жиырылу.


Тісті және тегіс тетанустар

Тәжірибе жағдайында сүйек еттері жеке-дара тітіркендір- гіштерге дербес жауап береді. Тітіркендіруге ет бірден жауап қайтармай, біраз уақыт өткеннен кейін жауап қайтарады. Ті- тіркендіруден бастап жиырылуға дейінгі уақытты жасырын (латентті) кезең деп атайды. Латентті периодтан кейін жиырылу периоды, ол босаңсу периодымен алмасады.


Тітіркендіруден бастап жауап реакциясының ақырына дейінгі уақытты еттің жиырылу периоды деп атайды. Жануар- лардың түрлі еттерінің жиырылу кезеңдері түрліше болып ке- леді. Мысалы, бақаның сүйек еттерінің жекелеген жиыры- луының ұзақтығы 0,11-0,17 с аралығында болады:

  1. Латентті кезеңі – 0,01 с.

  2. Жиырылу кезеңі – 0,08 с.

  3. Босаңсу кезеңі – 0,08 с.

Жұмыстың мақсаты: бұлшық еттің жекелеген жиырылу- ын, тісті және тегіс тетанустарды графикалық тіркеу.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кимограф, миограф, хирургиялық құрал-жабдықтар жиынтығы, электр тітіркендіргіш, рингер ерітіндісі, дәке. Жұмыс бақамен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет