З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет20/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: жұмыстың барысын жазу. Алынған кимограмманы кезеңдері бойынша дәптерге жабыс- тырып, оны белгілеу.
Бақылау сұрақтары:



    1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес?

а) тірек-қимыл жүйесі тірек, қимыл және қан айналу қызметтерін атқарады
ә) бірыңғай-салалы бұлшық еттердің жиырылу типі – сергіту
б) бірыңғай-салалы бұлшық еттердің жұмысы вегетативті жүйке жүйесімен реттеледі
в) бұлшық еттер қызметтік белгілері бойынша бүгу мен жазу
д) бірыңғай-салалы және көлденең-жолақты бұлшық еттердің ұлпа- лары бірдей құрылысты



    1. Қаңқа бұлшық еттерінің қызметі: а) қимылды қамтамасыз ету

ә) тыныс алуды қамтамасыз ету б) дененің күйін сақтап тұру
в) суықтың әсерінен жылудың пайда болуы
д) артериялық қан қысымы мен қанның көлемін реттеу



    1. Созылған физикалық жүктеме кезіндегі бұлшық ет қажуының себеп- теріне жатпайтынын көрсетіңіз:

а) метаболиттік ацидоз ә) метаболиттік алкалоз
б) гликоген деңгейінің төмендеуі, энергетикалық қорлардың әлсіз- денуі (кф, атф)
в) электролиттердің дегидратациясы мен дисбалансы д) бұлшық ет мембраналарының қозуының өзгерістері



    1. Физикалық шыдамдылықты жаттықтыру кезіндегі қаңқа бұлшық ет- теріндегі бейімделу өзгерістерге жатпайтынын көрсетіңіз:

а) бәсең талшықтардың гипертрофиясы
ә) миоглобилиннің, тотығу ферменттерінің жоғарылауы б) миоглобилиннің, тотығу ферменттерінің төмендеуі в) митохондрияның көлемі мен санының артуы
д) капиллярлардың тығыздығының артуы.



    1. Қаңқа бұлшық еті көлденең түтікшелерінің жүйесі қандай қызмет ат- қармайды?

а) кальций иондарының депонирленуін
ә) клетка ішіне әсер ету потенциалын өткізуін
б) клетка ішілік емес сұйықтықтан кальций иондарын саркоплазма- лық ретикулумның цистерналарына айдалып шығуын
в) кальций иондарын байланыстыратын кальсеквестриннің болуын д) әсер ету потенциалының генерациясын



    1. Цианидтермен өңдегенде жүйке клеткаларында қандай өзгерістер байқалады?




    1. Жүйкені протеолитикалық ферменттермен өңдесе әсер ету потен- циалының генерациясы-мен байланысты механизмдері зардап шеге ме?




    1. Тасбақалардың бір түрінде жабық сақина тәрізді жүйке бағанасы бо- лады. Егер осы сақинаның қандай да бір нүктесіне қоздыру жіберсе, онда пайда болған қозу тітіркену орнынан екі жаққа таралады. Кез- дескен қозудың екі толқыны бір-бірін басады. Пайда болған қозудың тоқтаусыз шеңбер жасап қозғалуы үшін тәжірибе қалай қою керек?


    1. Сақтау мерзімі өткен тағам өнімдерінде (ет, балық, сапасыз консерв- лер) ботулин деген микробты токсин болуы мүмкін. Оның мионев- ральді синапстарға әсері олардан кальций иондарын шығарып тастау- мен тең. Неге улану өлімге әкелуі мүмкін?




    1. Бұлшық ет жұмысының физикалық және физиологиялық түсініктері сәйкес келе ме?

2-тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет