З. А. Аска- рова, Г. Т. Сраилова, С. С. Маркеева



бет30/116
Дата20.10.2022
өлшемі6,74 Mb.
#154173
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы бойынша зертханалық сабақтарға жетекші құрал оқу құралы by Аскарова З.А. (z-lib.org)

Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын дәптерге жазу. Екі жағдайдағы рефлекстер уақытын дәл белгілеу. Екі түр- лі жағдайдағы рефлекстер уақытының айырмашылықтарына тү- сінік беру.

4-жұмыс. Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың таралуы (иррадиация)


Орталық жүйке жүйесіндегі қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Эксперимент жағдайында иррадиацияны жануар- ларға орталық жүйке жүйесінің тежеуші блокаторы болып есеп- телетін стрихнинді енгізу немесе физикалық күшпен әсер ету арқылы анықтайды.


Жұмыстың мақсаты: жұлыны сақталған бақада қозудың таралу зандылықтарын анықтау.
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: хирургиялық құрал- жабдықтар, секундомер, ілмекті штатив, су, стакандар. Жұмыс бақамен орындалады.
Жұмыстың барысы: бас миы бұзылып, жұлыны сақталған бақаны 10-15 минут бойы ілгекті штативке қыстырып қояды. Одан кейін артқы аяқ саусақтарын пинцетпен ақырын қысады. Қысуды көбейте отырып, рефлекторлық үдеріске басқа да аяқ- тардың тартылғанын байқауға болады. Егер бақаны алдын ала мұзды суға салып салқындатса, тәжірибе өте дәл шығады.
Осы бақаға арқа терісінің астына 0,5 мл 0,1 % стрихнин ерітіндісін жібереді. Біраз уақыт өткеннен кейін саусақтың не- месе пинцеттің ұшын оның денесіне тигізсе, бақада жалпы құ- рысу-тырысу (судороги) сияқты құбылыс пайда болады, бұл қорғаныс рефлексі емес.
Жұмысты қорытындылау: жұмыстың мазмұнын көшіріп жазу. Иррадиация ұғымын түсіндіру. Орталық жүйке жүйесіне стрихниннің әсер ету механизмін түсіндіру.


  1. жұмыс. Рефлексті жүзеге асырудағы жүйке жүйесі қызметтік жағдайының маңызы




Жұмысқа қажетті: құрал-саймандардың жиынтығы, шта- тив, үш медициналық шыны, фильтрлі қағаз, су, 0,1% күкірт қышқылының ерітіндісі, эфир, бақа.
Жұмыстың барысы: бақаның артқы аяғын 60 минут ішін- де мұзда суытуға дейін және суытудан кейін, сонымен қатар оның термокамерада (38оС) жылуға дейін және жылытудан
кейін 0,1 % күкірт қышқылының ерітіндісіне салып, рефлекстің уақытын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет