3. Тұлғаның психологиялық құрылымы Адамдардың әртүрлі жағдайларда және түрлі уақытта өзгермейтін сипаттамалармен әрекеттес, құрылымды тұжырымдамалар - кез келген тұлға теорияларының негізгі бітісі болып табылады. Осындай тұрақты сипаттамалар адам психикасының негізгі құрастырушы болоктарының рөлін атқарады. Осы мағынада олар жаратылыстану ғылымдарындағы атопмдар мен жасушалар сияқты ұғымдар сияқты. Алайда құрылымды тұжырымдамалар табиғатынан қатаң болжалды, оларды мидың нейрондары сияқты микроскоппен астынан көру мүмкін емес .
Адамдардың кім екенін түсіндіру үшін, персонологтар тұжырымдамалардан құралған өрнекті (мозайка) ұсынды. Тұлға бітістерінің тұжырымдамасы құрылымды тұжырымдамалардың ішіндегі едәуір танымалды үлгілерінің бірі. Бітіс – адамның әртекті жағдайларда өзін бітіслі бір түрде ұстау бейімділігі мен тұрақты сапасы ретінде қарастырылады. Тұлға бітістерінің танымал үлгілері түрінде таралғандары: албырттық, шыншылдық, сезімталдық пен жасқаншақтық. Тұлғаның мінез бітістерін зерттеу саласындағы үш жетекші беделділер Гордон Олпорт, Рэймонд Кеттел және Ганс Айзенк, тұлғаның құрылымын схема түрінде мінез-құлықтың негізіндегі болжалды қасиеттердің терминдерімен ұсынғанды жөн көрді.
Талдаудың келесі деңгейінде тұлға құрылымы тұлға типтері атты тұжырымдаманың көмегімен баяндалуы мүмкін. Тұлғаның типі қатаң көрсетілген шектері бар дербес категорияны құрайтын көптеген әртекті бітістердің жиынтығы түрінде сипатталады. Тұлғаның бітістерін қарастыратын тұжырымдамаларға қарағанда бұндай тұжырымдамалар мінез-құлықтың едәуір тұрақты, әрі едәуір жалпыланған сипаттарын болжайды. Адамдарға әртүрлі дәрежеде байқалатын мінез-құлық бітістері тән болғандықтан, оларды бір типке жатқыза сипаттайды. Мәселен, Карл Густав Юнг адамдардың: интроверт және экстраверт атты екі категорияға бөлінетінін көрсетті. Осы тұрғыда әрбір тұлға – міндетті түрде біріншісіне, немесе екіншісіне жатады. Кейбір теоретиктер көбінде бір бірімен тұтасқан жоғары дәрежеде күрделі және егжей-тегжейлі құрастырылған құрылымдарды ұсынады. Фрейдің тұлғаны – ид, эго және супер эго ретінде үш деңгейге бөлуі, оның құрылымы мен ұйымдасуын ерекше күрделі сипаттаудың бір үлгісі болып табылады. Яғни, тұлғаға жайлы ықпал пайдалы деп есептелінуге талаптанған кез келген, адам мінез-құлқының тұрақты, өзгермейтін қырлары қандай? деген мәселені қарастыруы қажет.