З. Б. Молдашева



бет1/14
Дата29.12.2022
өлшемі426,52 Kb.
#164855
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
уч.пособие фарм.


З.Б. МОЛДАШЕВА

Латын тілі және медициналық


терминология негіздері
(фармацевтикалық терминология)

Ақтөбе 2022 ж


КІРІСПЕ
Фармацевтикалық терминология белгілі бір жүйемен байланысты терминдер жиынтығы. Терминдердің қалыптасуы фармацияның қоғамдық және ғылыми-техникалық, дамуымен байланысты, дәрітану саласында жаңа түсініктердің пайда болуына байланысты сәйкес терминдермен белгіленеді. Терминология жүйе заманауифармацевтикалық саланың даму сатыларына сәйкестендірілген. Кейбір фармацевтикалық терминдердің түсініктемесі:


Дәрі-дәрмек дегеніміз - бұл өсімдіктен, мал мал өнімдерінің, минералдан және синтез әдісімен алынған зат. Дәрілік зат -биологиялық зат немесе химиялық косылыстардан тұратын дәрі. Дәрілік өсімдік шикізаты - медицинада қолданылатын өсімдік шикізаттары(шөп, тамыр, гүл, т.б.) Дәрінін түрі- өсімдіктің шикізатқа немесе дәрілік затка айналған қолайлы қалпы (ерітінді, таблетка, жағатын май, балауыз дәрі, пилюля ұнтақ, экстракт, т.б.) Дәрілік препарат - арнайы дәрілік түрлерінен тұратын дәрі-дәрмек. Ықпалды зат - терапевтік, профилактикалық және диагностикалық ықпал ететін дәрі бөлігі. Белгіленген мөлшердебірнеше ықпалды заттын бір дәрілік түрінді кіретін дәрі дәрмектерді құрастырылған дәрі-дәрмектер деп атайды.
§1 Дәрі заттардың тривиалдық атаулары
Көптеген дәрі заттар ретінде қолданылатын химиялық косылыстар өзінің қызметінде оларға химиялық номенклатура берілген атауларын да сақтайды (мырыш оксиды, салицил қышқылы, натрийдің хлориді т.б.). Бірақ көп жағдайда дәрілік заттар наоменклатурасында химиялық косылыстарңылыми, жүйелік атауларымен емес, тривиалдық атаулармен көрсетілген (лат. trivialis -кәдімгі). Бұл атаулар химиктерде келісілген ғылыми жіктелудің айрықша принциптерін емес, құрамын немесе құрылысын көрсетеді. Бұл қатынаста тривиалдық атаулар толығымен жүйелік атауларға жол береді. Жүйелік атаулар дәрілік заттардың атаулары ретінде рецептерде, этикеткаларда, дәріханаларда күрделігіне байланысты тиімді емес. Тривиалдық атаулар қысқа, қолайлы, тек кәсіби емес, жай қатынастада ыңғайлы. Мыс.:




Тривиалдық атауы

Ғылыми, жүйелі атауы

анальгин
дибазол

Analginum,i n
Dibazolum,i n

1- фенил 2,3 диметил -4 метиламино-пиразолон -5- N -метансульфанат натрий

2-Бензилтензимидазола гидрохлорид



Әрбір жаңа дәрінің саудалық атауы қазақ және латын тілінде екі транскрипциялық эквивалент түрде бекітіледі. Мыс. Dimedrolum,i n - димедрол , Asparcamum, i n - аспаркам, Dibazolum,i n - дибазол. Латын тілде тривиалдық атаулар бұл екінші септеу neutrum род түрінің зат есімдері.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет