29
салынған тақырыптарды және зерттеу саласын таңдауға еш шектеу
қойылмайды, әр ғалымның өз таңдауы болады. Ғылыми жетістікке үміткер кез
келген ғылыми нәтиже мұқият талданып, бағалануы тиіс. Нақты жағдайларда
бұл қағидаттың пәрменділігі көбінесе ғылыми ортада жұмыс істейтін ішкі
факторлармен де және сыртқы этикалық, әлеуметтік және материалдық
факторлармен де шектеледі.
Ғылыми жетістіктердің жалпыға бірдей болуы немесе ашықтығы.
Фундаменталды ғылыми зерттеулердің нәтижелерінде (өнертабыстармен
шатастыруға болмайды) зияткерлік меншік құқығы болмайды, себебі олар
бүкіл адамзатқа тиесілі. Тіпті автор да немесе басқа біреулер де ғылыми
нәтижелерді пайдалануға тыйым сала алмайды немесе қандай да бір өтемақы
талап ете алмайды, тек материалды пайдаланған адам авторлық сілтеме ғана
жасайды. Тиісінше, жаңа нәтижелер алған кез келген ғалым оларды
жариялауы тиіс, өйткені жаңа білім тек қана әлемнің ғылыми бейнесінің
құрамдас элементі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: