З. Забар араб әліпбиіндегі кыска дыбысты бiлдiретiн әріпүстi белгiсiнiң атауы забелов измайыл ибрагимович



бет2/4
Дата26.10.2023
өлшемі17,21 Kb.
#188425
1   2   3   4
Байланысты:
З

*ЗАЙЦЕВ РОДИОН НИКИТИЧ - ондіріс жетекшісі. «Қазақстанмұнай» бірлестігіндегі автокөлік кеңсесiнiң директоры болып жұмыс жасап жүрген кезiнде 1948 жылғы 8-ші мамырда КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталган.

Әдеб.: А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар...Бірінші бөлім.А., "Арыс, 2005 ж.

ЗАЙЫРОВ ҚАЖЕН (1907-1989) - еңбегі сіңген кызметкер. Новобогат аудандык аткару комитеті төрагасынын мал шаруашылығы жәнiндегi орынба сары болып, жұмыс жасап жүрген кезiнде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін 1945 жылғы 17 наурызда - Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 1945 жылғы 18-шi карашада - КСРО-ның Қызыл Жулдыз орденімен марапатталған. Соғыстан соң осы аудандағы «Жана талап» ұжымшарының төрағасы, Манаш ауылдык кеңесiнiң төрағасы болып, абыройға бөленді.

Әдеб.: «Ведомости ПВС СССР»: Атырау облыстык мемлекеттік мұрағаты: «Исатай ауданы. Шежіре». А., «Арыс», 2003 ж

ЗАМЯТИН АЛЕКСАНДР ГАВРИЛОВИЧ - еңбегі сіңген мұнайшы. Бұрғылау жұмыстарынын «Өзен» басқармасынын бұрғышысы болып жұмыс жасап жүрген кезiнде 1971 жылғы 30 наурызда Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Әдеб.: «Ведомости ВС СССР».

ЗАНА НИК ЭРДИНГ – БК кызметкері. «Шеврон» корпорациясындағы Еуразия орталыгынын бас директоры болып, жұмыс жасап жүрген кезiнде Қазақстан мұнайының 100 жылдығы құрметіне ҚР «Құрмет» орденімен (1999) марапатталды.

Әдеб.: ПҮАЖ; А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар... Бірінші бөлім. А., "Арыс", 2005.

«ЗАҢҒА ҚҰРМЕТ, ӘЛЕУМЕТКЕ ӘДІЛЕТ» тарихи-танымдык - кітап. Ол Атырау облысы прокуратурасының өткен тарихы мен бүгiнiн баян дайды. Алматыдағы <<Арыс» баспасынан 2003 ж.жарыққа шықты. Кітап түрлі түсті суреттермен безендiрiлген. Құрастырушы редакторы - белгiлi қаламгер, акын, Қазақстанның құрметтi жорналшысы Т. Жанабайұлы

ЗАХАРЕНКО АЛЕКСАНДР ЛУКЬЯНОВИЧ (1911, Грозный каласы - ө.ж.б.) - Қосшағыл мұнайлы кәсіпшілігінің 1939 жылдың 1-ші қыркүйегінен 1940 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықтағы бас инженері. Ұлты-орыс. Партияда болган жок. Мұнайшылар одагына 1931 жылдан бастап мүше болған. Бiлiмi жогары, 1930-1935 жылдары Грозный мұнай институтында окып, оны "бұрғылау жұмыстарынын инженерi" мамандығы бойынша бітірген. 1935 жылдын сәуір-шілде айларында - Доссор кәсiпшiлiгiндегi электрмен дәнекер леу цехынын инженерi, шiлде-караша айларында - Қосшағыл кәсіпшілігіне карасты Кулсары бұрғылау орнынын меңгерушісі, 1935 жылдын карашасынан 1936 жылдың қаңтарына дейiн - Қосшағыл кәсіпшілігінің бұрғылау шебері, 1936 жылдын кантарынан 1937 жылдын кантарына дейiн - осы кәсiпшiлiктегi бұрғылау жөнiндегi техникалык жетекші, 1937 жылдын кантарынан қазанына дейін осы кәсіпшіліктегі бұрғылау iсiнiн менгерушісі, 1937 жылдың қазанынан 1939 жылдың мамырына дейiн - "Ембімұнай" тресіндегі геологиялык барлау кеңсесінің аға инженері, 1939 жылдың 20 мамырынан 1 қыркүйегіне дейін Құлсары кәсіпшілігінің бас инженерi кызметтерiн аткарды.

Әдеб.: «Құтты мекен - Қосшағыл». А., «Арыс», 2005 ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет