*ЗАХАРОВ КОНСТАНТИН ФЕДОРОВИЧ - Өндiрiс озаты. Гурьев ма шина жасау зауытынын токары болып, жұмыс жасап жүрген кезiнде 1940 жылғы 4-ші қарашада кеңестік Қазақстанның 20 жылдығына орай Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамотасымен, 1948 жылғы 8-ші мамырда КСРО-ның «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Әдеб.:А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар...Бiрiншi болiм.А., "Арыс", 2005 ж
*ЗАХАРОВ ПЕТР ФЕДОТОВИЧ-өндіріс жетекшісі. «Қазақстанмұнайқұ рылыс» тресіндегі құрылыс-құрастыру жұмыстары баскармасының бастығы болып, жұмыс жасап жүрген кезiнде 1948 жылғы 8-ші мамырда КСРО-нын «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.
Әдеб.:А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар...Бiрiншi болiм. А., "Арыс", 2005 ж.
*ЗЕЙДЕ ЭФИМ СОЛОМОНОВИЧ - басшы кызметкер. Атыраудын Пе тровский атындағы машина жасау зауытының директоры болып, жұмыс жа сап жүрген кезiнде 1944 жылғы 24-ші қаңтарда Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Әдеб.:А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар...Бірінші бөлім.А., "Арыс, 2005 ж.
ЗЕЙІНОВА ЖҰМАҒАНЫМ (1943, Исатай ауд.Айбас а. -1995) - кеңестік ауыл шаруашылығының үздігі. Махамбет ауданындағы «Чапаев» кеңшарынын тракторшысы болып, ұзак уакыт енбек етті. 1966 жылғы 22 наурызда КСРО нын Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
Әдеб.: «Ведомости ВС СССР»; «Исатай ауданы. Шежіре».А., «Арыс», 2003.
*ЗИБНИЦКИЙ АЛЕКСЕЙ АНТОНОВИЧ (1907, Ресейдін Черни гов губ.Архиповское с. - ?) - Өндiрiс жетекшісі. Петропавел педтехнику ы (1928), Ортаазиялык геологиялык барлау институтын (1930), Мәскеу мунай институтын (1932) бітірген. 1925-1949 жж. Акмола обл.Богоду ковное с.Лениндік болатком жанындагы оку уйінін болыстык агартушы қызметкері, «Сахалинмұнай» тресіндегі Оха кәсіпш. пайдалану жұмыстары жөніндегі инженері, Гаромай кәсіпш.барлама бөлімнің меңгерушісі, Оха кәсіпш.бұрғылау цехынын меңгерушісі, №1 Оха кәсiпш директоры, Охадагы біріккен кәсіпш.бас инженері және «Сахалинмұнай» тресіндегі бөлімнің бастығы, осы трестегі бұрғылау кеңсесiнiн бас инженері, «Қазақстан мұнай» бiрлестiгiндегі Сағыз кәсіпш.бұрғылау жұмыстары жөніндегі аға инженері, Макат кәсіпшілігіндегі мұнай өндіру цехынын бастығы, Мақат кәсіпшілігінің директоры, «Қазмұнайбарлау» тресiндегi бұрғылау кеңсесiнiң директоры болып, абыройлы жұмыс жасады. Мақат кәсіпшілiгiнiн ди ректоры кезiнде 1948 жылғы 8-ші мамырда - КСРО-нын Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1945 жылы - "1941-1945 жылдардагы Ұлы Отан соғысындағы ерлiк енбегі үшін”, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Әдеб.: А. Әміржанұлы. Еңбек - бақыт, еңбек - ар...Бірінші бөлім. А., "Арыс", 2005 ж.; Атырау облыстык мемлекеттік мұрағаты
Достарыңызбен бөлісу: |