- 1. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар.
- 2. Мемлекет денi сау бала тууды қамтамасыз ету үшiн ананың денсаулығын сақтау жөнiнде жағдайлар жасайды.
- 3. Баланың денсаулық сақтауға құқығы:
- 1) баланың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қабылдау;
- 2) балалардың салауатты өмiр салтын насихаттау және ынталандыру;
- 3) балалардың денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердi мемлекеттiк қолдау;
- 4) баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайына бақылау жасау және балалар ауруларының алдын алу;
- 5) бiлiктi медициналық көмек көрсету;
- 6) баланың денi сау болып өсiп жетiлуiне қажеттi қолайлы қоршаған орта жасау;
- 7) балалар үшiн сапасы тиiстi деңгейдегі тағам өнiмдерiнің өндiрiлуiне және сатылуына бақылау жасау арқылы қамтамасыз етiледi.
- 4. Мемлекет Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаларға тегiн медициналық көмектiң көлемiне кепілдiк бередi.
- 5. Баланың өмiрiне, денсаулығына және дене бітімі мен психикасының қалыпты өсiп-жетілуіне зиян келтiретiн кез келген ғылыми тәжiрибелер немесе өзге де эксперименттерге тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |