14-1-бап. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету - 1. Жергiлiктi атқарушы органдар:
- 1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алуды жүргізеді және оның сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- 2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырылғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді;
- 3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.
- 2. Баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз етеді.
- Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалдауға (қосымша жалдауға) бере алады.
- Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған ақша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банктік шотына есептелуге жатады.
- Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
- Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары:
- 1) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін есепке алу;
- 2) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгілеу;
- 3) жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалдауға (жалға) тапсыру;
- 4) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.
- 3. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары және баланың заңды өкілдері жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |