4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ - 21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы
- Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
- 22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
- Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.
- 23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау
- Мемлекет бала тәрбиелеп отырған отбасыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен әлеуметтiк көмек беру арқылы қолдау көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |