Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақты ұстап ал» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Допты қағып алған топ сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі топқа допты береді.Сұрақтар:
Бөлінуге даярлық кезеңі қалай аталады?
Хромосоманың орналасатын орны?
Адамадағы хромосома саны?
Жасушаның бөліну әдістері?
Дене жасушаларның бөліну жолы?
Жыныс жасушасының түзілу тәсілі?
Гамета дегеніміз не?
Гаметадағы хромосома жиыны?
Бағалау: «Бағдаршам» әдісі
Көп нәрсені үйрендім
Ұнады, алайда түсінгесіз, ұғымдар бар
Маған қиын болды
Жаңа білімді меңгеруге дайындық:
«Сурет сыры» әдісі
Оқушыларға сурет көрсетіп, суретте не болып жатқанын жəне оның себебін түсіндірулері қажет. Осы әдіс арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Бүгінгі сабақта өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюін, биологиялық маңызымен танысамыз