Заманауи педагогикалық технологияларды қолдану арқылы әдіс-тәсілдерді тарих сабақтарында оқушылардың Қызығушылықтарын арттыру. Атахан Қанат Аханұлы



Дата23.05.2017
өлшемі92,42 Kb.
#16697
ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТАРИХ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ.
Атахан Қанат Аханұлы,

Өскемен қалалық әкімдігінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ,

ҚР педагог қызметкерлерінің бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсы бойынша сертификатталған тарих және география пәнінің мұғалімі.


«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде



сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз...»

Н.Ә.Назарбаев

Білім-теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ. Ондай адамдарды дайындайтын мұғалім. Ал мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол мұғалімнің бір-біріне ұқсамайтын жан-жақты өткізген сабақтары. Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім.

«Жаңа оқыту технологиялары» пәнінің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Оқытудың жаңа технологиялары, ең алдымен, оқу үдерісін қалай басқаруға болады, соңғы мақсатты нәтижеге қалай жетуге болады, нені үйрету керек, қандай тиімді әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының, дағды мен ой-өріс, білім-біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. [1]

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, заманауи технологияладың әдіс-тәсілдерін, элементтерін қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Оқу-тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

- қоғамның әрбір мүшесі үшін алынатын білімдер мен мәліметтердің түсініктілігі;

- жеке тұлғаның интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- білім мен тәрбиенің бірізділігі;

-жалпы компьютерлік сауаттылық;

- оқыту мен тәрбиелеудің жылдамдығы.

Нәтижелері:

- Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

- Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

- Инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуалдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

- отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

- Республикалық білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқару салаларының ақпараттық желісін құру.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарына арналған Мемлекеттiк бағдарламасының басым бағыттарының бірі-бiлiм беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгiзу болып табылады. [4]

Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Білім беру үрдісінде инновациялық технологияның ішінде мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолданамын, әрі мен үшін тарих сабағында көмекші құрал, әрі маңызды компонент болып табылады. Оны пайдалану барысында өз алдыма мынадай мақсаттар қоямын: [5]

1) Оқыту үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы, оқушының білім алу сапасын көтеру;

2) Түрлі белсенді тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушының шығармашылық және интелектуалдық деңгейін көтеру;

Өкінішке орай мектебімізде бір ғана интербелсенді тақта бар, соған қарамастан сабақ барысында пайдаланылатын ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың түрлері:

Презентациялар;

Видеофильмдер мен оның үзінділері;

Жеке электрондық материалдар;

Тарихи деректер;

Интернет-ресурстары;

Қолданбалы бағдарламалар арқылы жасалған кестелер, диаграмалар т.б;

АТ сабақ барысында пайдалану мен үшін мынадай жағымды жақтары бар:

1.Уақыт үнемділі( бор мен тақтаны пайдаланудың орнына)

2.Сабақтың негізгі мәселесі слайдта

3.Оқушыларға қажетті ақпараттың көз алдында болуы (егер өткен тақырыпты еске алу керек болса)

4.Осы кезеңде оқушының есту және көру жадтары жұмыс істеп, жаңа материалды тез ұғады.

5.Оқушы бойында қызығушылық оянып, алған білімін терең ұғады

6.Бағалау ашықтығы (бала алған бағасынын )

Оқушы үшін ақпараттық-технологиялардың нәтижесі:

Тарих сабағына және үлгеріміне деген қызығушылық;

Теориялық материалдарды толық ұғыну;

Оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеу және оны компьютерлік технологиялар арқылы өңдеу

Берген тапсырмасын презентация арқылы жасап, өз ойын нақты білдіру;

Оқушыға жеке бағытталған дербес жұмыс

Заманға сай технологияларды қолдана білудің нәтижесінде бәсекеге қабілетті жан-жақты тұлғаны қалыптастыру;

Ақпараттық технологияларды сабақ барысында пайдалану оқушыларға өте ұнайды, себебі жаңа білімді игеру тез, әрі ұтымды болады. Көрген нәрсеге қызығып, қызығушылығы тереңдей түседі. Ақпараттық технологияның қазіргі кезде басты құралы-компьютер, интербелсенді тақта. Оны оқыту процесінде мынадай түрде пайдаланамын.

Слайттарды пайдалану арқылы

Сабақ көрнекі, тартымды, әрі ұтымды;

Көрген ақпаратқа оқушы сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды;

Сабақ барысында оқушыларға мынадай тапсырма беру арқылы: кестені толтыр, сөйлемдегі бос орынды толтыр, қате жауапты тап, жазылған сөйлемді аяқта, сәйкестікті анықта, деректердің түр-түрін пайдалану арқылы-уақыт үнемделеді, әрі көп материал көрсетуге болады.

Мысалы:

1.Кестені толтыр



1465-1466ж

1517ж

2009 ж

200 мың

 

 

2. Сөйлемді толықтыр

Керей мен Жәнібек хандығынан бөлініп кетті. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағымен аралығын береді.

3. Дұрыс жауап тап:

Демократияға тән белгілер:

Халық билігі

Сөз бостандығы

Жеке басқа табыну

Сайлау еркіндігі

4.Артық сөзді тауып, түсіндір!



Сөздер

1

Шығай, Есім, Тәуекел, Есен бұға

2

Найман, дулат, керей, арғын

3

Ақбозат, көкбозат,Ер көкше, Жетіқарақшы

4

Отырар, Сығанақ, Семей, Йасы

Осындай тапсырмалар орындау барысында міндетті түрде оқушы оны түсіндіріп, өз ойын айту керек.

Сабақ барысында презентация қолдану мен оны жасау мұғалімнің көмегімен және оқушының өзіндік еңбегі де болады. Презентация жасау жобалық жұмыспен тығыз байланыста. Зерттеу жұмыстары жеке және топтық болып іске асырылады. Бірақ, соған қарамастан шығармашылық жұмыс болып есептеледі. Себебеі, оны жасауды түрлі қолданбалы бағдарламалар Power Point, Excel т.б. оқушының таңдаған тақырыпқа қатысты ойы, тұжырымдамалары мен анализі бейнеленеді.

Осы аталған инновациялық технологиялар мен тәсілдер тарих сабағында өзінің тиімділігімен тек қана оқушыларға оң әсерін тигізіп қоймай, біздер, ұстаздар қауымына заманға сай болуға оң ықпалын тигізіп жатыр.

Білім жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім бері үшін үлкен перспективалар ашады. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты бір қатарға және қажетті шартқа айналды.

Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-технологиясы білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. Ақпараттық-әдістемелік материалдар технологияға байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық-әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Білім-болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі-жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік-бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. [2]

Заманауи жаңа ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:



  • тіл байлығы жетіледі;

  • еркін ойлауға мүмкіндік береді және өз ойын еркін жеткізе алады;

  • оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;

  • жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;

  • өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады, жан-жақты ізденеді;

  • ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

  • ақыл-ойын дамытады;

  • шығармашылық белсенділігі артады;

  • ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. «Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.

«Ұстаздың бақыты-шәкіртінде» деп бекер айтылмаған. Олай болса, педагог Амонашвилидің мына сөздерін еске түсіруге болады. «оқушы дегеніміз-толтырылуға арналған шыны емес, ол жарқыраған шырақ, тек соны жаға білу керек».
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.

2.А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005 ж.

3. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық технологиялар», Алматы, 2003.



4.Қазақстан Республикасының Білім Заңы

5.Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі.] Алматы // 2001.-75б.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет