Заттардың ажырауы нәтижесінде қуат бөлінеді, осы қүбылыстардың арасында тепе-теңдік сақталған жағдайда ғана организм жетіліп, дамып, өзінен-өзі жаңарып отырады
Заттардың ажырауы нәтижесінде қуат бөлінеді, осы қүбылыстардың арасында тепе-теңдік сақталған жағдайда ғана организм жетіліп, дамып, өзінен-өзі жаңарып отырады.
Балалардың даму және өсу кезеңінде анаболикалық процесс катаболикалык процестен басым келеді. Бүл басымдылық, бір уақыт мөлшерінде салмағынын өзгеруін көрсететін, даму жылдамдығына сай келеді.
Зат алмасу процесі адам организміндегі жекелеген қүрылымдармен байланысты. Митохондрияларда зат алмасу процестерінің негізгі бөлігі, арнайы тотығу және энергетикалық процесс (Кребс циклі және т.б.) жүреді. Рибосомада белок синтезделеді, ол қажетті энергияны митохондриялардан алады. Протоплаз-маның негізгі заты гиалоплазманың гликолиз және басқа ферменттік реакцияларда маңызы үлкен.