Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеттері. Заттарды санау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Заттардың қасиеттері (пішіні, түсі, мөлшері) бойынша оқушылардың алғашқы білім деңгейін, құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын анықтау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекіліктері: тиін мен қоянның суреті, оқулық, дәптер, үлкен және кішкентай доп, мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала суреті.
Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі
- Балалар, бүгін бізге қонаққа қол ұстасып Тиін мен Қоян келді.
Олар бізіді шаттық шеңбер құруға шақырып тұр.
*Психологиялық дайындық. Әрбір адам - досым, сыныптасым,
Әрбір ісің - тіршілік, адамдық
Әрбір сабақ - үйрену, оқу, іздену,
Әрбір сөзін -шындық, бірлік, адалдық.
ІІ.Кіріспе сөз. Математика пәні және оның адам өміріндегі рөлі туралы әңгіме жүргізу.
*Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін анықтау.
Ауызша жұмыстар жүргізу барысында оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. Заттар мен заттардың топтарын (пішіні, түсі,мөлшері бойынша бірдей және әртүрлі ) таңдап алу.
Мысалы, көлемі бірдей, бірақ түсі әртүрлі бірнеше доп және текше, т.б. Заттың түсі, оның неден жасалғандығы, көлемінің қандай екендігі, балалардың олардың пішінін ажырата алатыныдығы анықталады. Ары қарай заттар аталған белгілері бойынша салыстырылады. (Мұғалім оқушылардың неше? деген сұраққа жауап бере алуын, санауды қалай жүргізгендерін анықтайды).
ІІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқулық және дәптермен таныстырып олардың атқаратын қызметіне түсінік беру.
№1 суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі.
- Суретте кім бейнеленген? (мектеп формасын киген оқушы және кішкентай бала).
№2 тапсырма екі суретті салыстыруға арналған.
№3 тапсырма мұғалімге оқушылардың санауды меңгеру деңгейін, зейінін, топтай білу дағдыларын анықтай алуына көмектеседі.
Барлық тапсырманы орындағаннан кейін оқулықты жапқызып , оқу құралдарының партада дұрыс орналасуын көрсету керек.
IV.Сергіту сәті.
Бір,екі, үш
Демаламыз , жинап күш.
Үлгілі оқушы боламыз,
Ылғи бестік аламыз.
V. Дәптермен жұмыс.
Дәптермен жұмыс алдында сергіту сәті өткізіледі. Содан кейін мұғалім оқушыларға дәптердің партада қалай орналасуын және жай қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетеді. Дәптердегі тапсырма бойынша жұмыс.
- Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай ойыншық суретін салғанын табындар.
- Неше пирамида (сайқымазақ, доп) бейнеленген?
-Әр ойыншықтың бейнесінің жанына сол ойыншық нешеу болса, сонша таяқша сыз.
№2 тапсырма суретте бейнеленген заттарды санауға, салыстыруға арналған. Балалардың санау, түс, мөлшер туралы түсініктерін анықтау үшін түсі, жуандығы, ұзындығы бойынша әр түрлі қарындашты аяқтап салуын сұрайды.
№3 тапсырманы орындамас бұрын дәптердің торкөздерімен таныстыру керек. Мұғалім үзік сызықтарды қаламмен бастыруды ұсынады.
№4 тапсырма балалардың фигуралар - дөңгелек, үшбұрыш, шаршы туралы білімдерін анықтау мақсатын көздейді. Сондай-ақ оларды бояу жұмысы саусақтарының бұлшық еттерінің жетілуіне көмегін тигізеді.
VІ. Сабақты қортындылау.
- Бүгін сабақта не білдік?
- Сабақта не ұнады?
VІІ. Оқушыларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |