рН деңгейі, яғни осы шаманың тұрақтылығынын қолдайтын.
Ол әлсіз қышқылдың рКаНА немесе әлсіз негіздің рКbB байланысты. Сонымен, ацетатты буферлі ерітіндінің рН тұрақтылығы рКа=4,76 шамасындай болады;
2) буферлеу ауданы, яғни рН тұрақтылығын сақтау мүмкіндігінің шегі.
Ол СНА:СМА немесе СВ:СВ*НА қатынасқа байланысты. Әдетте бұл қатынастар 1:10 немесе 10:1 аралықтан шықпайды. Сондықтан буферлеу ауданы тең болады:
3) ерітіндінің буферлік сыйымдылығы, бұл, қосылған қышқыл немесе сілтіні рН өзгертпей нейтралдау қабілетінің өлшемі. Ол, рН-ты бірлікке айналдыру үшін, 1 литр буферлік жүйе ерітіндісіне қосу қажет күшті қышқыл немесе күшті негіз грам эквиваленттерінің көлемімен өлшенеді. Буферлік қоспаның компоненттерінің концентрациясы неғұрлым жоғарылаған сайын, буферлік сыйымдылық соғұрлым үлкен болады. Буферлік ерітіндіге қосылатын қышқыл мен сілтінің мөлшеріне қарай рН өзгерісіне байланысты ерітіндінің тұрақтылығы ақырындап компоненттердің бірінің концентрациясының төмендеуі нетижесінде төмендейді. Буферлік жүйе эффектті болу үшін, бір компоненттің концентрациясы екінші компоненттің концентрациясынан 10 еседей аспауы керек.
Буферлік сыйымдылық – бұл, буферлі ерітіндінің рН бірге өзгерту үшін жұмсалатын қышқыл немесе сілті мөлшері (моль/л),
Ол былай анықталады:
,
мұндағы ∆С – қосылған күшті қышқыл немесе негіздің концентрациясы;
∆рН –рН өзгерісі
Буферлі сыйымдылық СНА=СМА және СВ=СВ*НА болғанда максимал болады; Ерітіндінің жалпы концентрациясы неғұрлым жоғары болған сайын, ол үлкен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |