Заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады



бет5/51
Дата16.04.2020
өлшемі9,86 Mb.
#62755
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
аналит.каз 2018


2. НСОО- ионының концентрациясын х арқылы белгілейміз. Сонда бұл қоспадағы сутек ионының концентрациясының екі мәні болады: құмырсқа қышқылының иондануынан түзілетін х г-ион/л және HCl диссоциациясынан түзілетін 0,01 г-ион/л. [H+]= (0,01+ х). [НСООН] = (0,1-х). Алынған мәндерді НСООН иондану константасының теңдігіне қойсақ:


Құмырсқа қышқылының иондану дәрежесі аз,сондықтан оны ескермеуге болады және есептеуді келесідей қысқартылған формулада есептеуге болады:

Осыдан



[НСОО-] анионының концентрациясы тепе-теңдік жүйеде 1,8*10-3(г-ион/л) тең.

Нақты жүйелердегі хииялық тепе теңдік

Кез келген ерітінді еріткіштен және еріген заттан тұрады. Егер олар арасындағы әсерлесу Егер олардың арасындағы әсерлесу және еріген заттардың иондарының бір-бірімен әсерлесуі тек обьектіліредің тәртіпсіз қозғалысымен аяқталса, онда ерітінді идеал ерітінді деп аталады. Оларға электролиттердің сұйытылған ерітінділері жатады.



Нақты ерітінділерде элементарлық обьектілердің тәртіпсіз қозғалысының соқтығысуымен қатар бірқатар басқа әсерлесулер қосылады. Бұл кезде еріген зат бөлшектерінің еріткіш бөлшектерімен сольваттануы орын алады.

Ерітіндідегі электролиттер электрлік зарядталған бөлшек-иондар түрінде болады. Иондар өте күшті сольваттанады – олар еріткіш молекулаларында индуциялық дипольдік момент енгізеді. Сонымен қатар, иондар арасында өте күшті әсерлесу болады.

Нақты ерітінділерде қосымша әрекеттесулер нәтижесінде қасиеттері өзгереді. Мысалы, электрөткізгіштіктің өлшеу нәтижелері, осмостық қысым, қайнау температурасының төмендеуі т.б. бұлыңғырланып келеді.

Жоғарыда келтірілген себептер бойынша күшті электролиттерге, сонымен қатар әлсіз электролиттердің концентрленген сулы ерітінділеріне массалар әрекеттесу заңын классикалық түрінде қолдануға болмайды.

Бұл қолайсыздықты болдырмау үшін активтік концентрация немесе активтік енгізеді. Активтік тепе-теңдік концентрациясымен қарапайым теңдеумен байланысқан. Мысалы, А ионы үшін аА=fA[A].

Пропорционалдық коэффициент f, активтік коэффициент деп аталады, иондардың электростатикалық әсерлесуі нәтижесінде жүйенің идеалдықтан ауытқу коэффициентін сипаттайды. Идеал жүйеде аА=[А], өйткені активтік коэффициенті бірге тең. Ол электростатикалық әсерлесу жоқ екенін көрсетеді.



Иондардың активтік коэффициентін есептеу үшін Дебай-Хюккель теориясын қолданады. Бұл теория бойынша ерітіндідегі ион, иондық атмосферамен қоршалған зарядталған бөлшек ретінде қарастырылады. Ол қарама – қарсы зарядталған иондардан тұрады, ал ионның иондық атмосферамен әсері электростатикалық сипатта болады. Активтік коэффициент шамасы ион заряды мен иондық атмосфераның параметрлеріне: оның тығыздығы мен өлшеміне байланысты болады. Иондық атмосфера параметрлері ерітіндінің иондық күшімен J анықталады:

i] – ионның тепе-теңдік концентрациясы;

zi – оның заряды.

Жеке иондардың активтік коэффициентін теория жүзінде Дебай-Хюккель формуласы арқылы есептеуге болады:



, егер I<0,01

, егер I<0,1

Мұндағы А және В – еріткіштің температурасы мен диэлектрлік өткізгіштігіне байланысты коэффициенттер, (су үшін 200С А≈0,5 және В≈0,3); ал – иондардың максималды жақындасу қашықтығы, әдетте а=3Å. Онда



Жеке ионның активтік коэффициентін эксперимент жүзінде есептеуге болмайды, өйткені бір ғана зарядтың иондарынан тұратын ерітінді алуға болмайды.


Бірнеше мысалдар қарастырайық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет