Эксперимент нәтижесі 25° С Ка = 1,8 · 10-16 көрсетеді. 1 л су (1000/18,016) 55,50 моль судан тұрады, оның ішінде 1*10-7 моль ионданған күйде, ал қалғандары ионданбаған молекула күйінде болады. Судың ионданбаған молекулаларының концентрациясы ионданған молекулалар концентрациясынан 555 млн есе үлкен екендігін біле отырып, оны тұрақты шама деп есептейді. Судың иондану константа теңдеуін өзгерте отырып, оған тәжірибе нәтижесінде табылған Ка мәні мен ионданбаған молекулар концентрациясын қойып, мынаны аламыз:
Бұдан
(t=25oC)
Ерітіндінің иондық күшінің 0,005-ке дейінгі мәні 1ге өте жақын. Бұл жағдайда Дебай-Хюккель формуласы қарапайым түрде жазылады:
Электролиттің күрделі қоспаларымен жұмыс істейтін және үлкен дәлділік жиі талап етілмейтін сандық анализде иондардың активНтілігін есептеуде 2.2. кестені пайдалануға болады. Сутегі және гидроксил иондарының активтілік көбейтіндісіне тең тұрақтысы судың иондық көбейткіші деп аталады.
3.1. - сурет. Судың екі молекуласының өзара ориентациясы
Химиялық таза суда [H+] және [ОН-] иондарының концентрациясы өте аз (1 г-ион/л). Сондықтан олардың активтілігі практикалық түрде концентрацияға тең:
a H+ · a OH - = [H+ ] · [ OH -] = 1·10 –14 (t = 25оC)
Демек, таза су үшін және өте сұйылтылған электролит ерітінділері үшін сутегі және гидроксил иондары концентрацияларының көбейтіндісі судың иондық көбейткішіне тең:
[Н+] · [ОН-] = Кн2о
(Судың иондануы жылу сіңіре жүретін эндотермиялық процесс болып табылады. Сондықтан Ле-шателье принципі бойынша температураны жоғарылату иондану теңдігі иондар түзілу жағына ығысады. Бұл К-ның үлкеюіне әкеледі. [H+] және [ОН-] иондарының концентрациялары бір-біріне қатысты кері пропорционал тәуелділікте өзгереді, бірақ ешқашан нөлге теңеспейді:
және
Теріс көрсеткішті дәрежемен берілетін сутек иондарының концентрациясы арқылы ерінділердің қышқылдығы мен негіздігін сипаттау ыңғайсыз болды. Сондықтан С.П.Зеренсен сулы ерітінділердегі реакцияларды сутектік көрсеткішпен сипаттауды ұсынды:
рН = - lg [H +]
Бейтарап ортада рН=7(25оС), қышқыл ортада рН<7 ,негіздік ортада рН>7. рН мәні неғұрлым аз болса, соғұрлым сутек иондарының концентрациясы мен ерітінді қышқылдығы жоғары болады. Анализдерде , химиялық өндірістегі технологиялық процесстерде сутектік иондардың концентрациясының маңызы жоғары. Сондықтан аналитикада ерітінділердің рН-ын тәжірибелік жолмен немесе теориялық есептеуге тура келеді.
7>
Достарыңызбен бөлісу: |