Заттың химиялық құрамы мен құрылысын анықтау әдістері жөніндегі ғылым. Аналитикалық химия сандық және сапалық анализден тұрады



бет42/51
Дата16.04.2020
өлшемі9,86 Mb.
#62755
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
Байланысты:
аналит.каз 2018


11.2.1 Екінші аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау

II аналитикалық топ катиондарын топтық реагент - хлорсутек қышқылының 2М ерітіндісімен сәйкес хлоридтер түрінде тұнбаға түсіреді. Бұл жағдайда Рb2+ ионы толық тұнбаға түспейді.

II аналитикалық топ катиондарының хлоридтерінің тұнбасына ыстық су қосып, тұнбаны центрифугамен жылдам бөліп алады. Осы кезде РbС12 біртіндеп ериді. Осы ерітіндіден қорғасын катионын KI немесе К2СrO4 ерітінділері арқылы анықтайды. Егер Pb2+ катионы анықталса, онда толық ерітіп тұнбадан бөліп алады. Ол үшін тұнбаны бірнеше рет ыстық сумен Рb2+ ионы толық жойылғанша жуып, сапалық реакция арқылы тексереді. Қалған тұнбаны концентрлі аммиак ерітіндісімен өңдейді, осы кезде күміс хлориді комплексті [Ag(NH3)2]+ катионын түзе отырып ериді, ал сынап (I) хлориді NH2HgCl↓ + Hg↓ тұнбаларының қоспасына айналады. Тұнбаның қараюы Hg22+ катионының бар екенін көрсетеді. [Ag(NH3)2]+ + Сl- + 2Н+ → AgCl↓ + 2NH4+.

2-сызбанұсқа

II аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау



11.3 Үшінші аналитикалық топтың катиондары Ва2+, Sr2+, Ca2+
III аналитикалық топ катиондарына сілтілік жер металдар: барий, стронций, кальций катиондары жатады. Бұлар Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі екінші негізігі топшада орналасқан. III аналитикалық топ катиондары жоғарғы поляризациялау қабілетіне ие болғандықтан тұздарының көбі (сульфаттары, карбонаттары, хроматтары, оксолаттары, фосфаттары) суда нашар ериді .

Үшінші аналитикалық топ катиондарының топтық реагенті этил спирті қатысындағы H2SO4 ерітіндісі, ол катиондардың аз еритін сульфат түрінде тұнуына көмектеседі (этил спиртінің қатысында CaSO4 толық тұнады). III аналитикалық топтың катиондарын зерттеу сульфат түріндегі тұнбаны карбонатқа ауыстырып, сірке қышқылының ерітіндісінде ерітіп сапалық реакциялар арқылы барий, стронций, кальций иондарын анықтауға негізделген.

Топтық реагенттің әсерінен (1М күкірт қышқылының ерітіндісі) Ва2+, Sr2+, Ca2+ иондары ақ кристалды сульфат тұнбаларын түзеді:

Ba2+ + SO42- ↔ BaSO4↓ ЕК = 1,1·10-10

Sr2+ + SO42- ↔ SrSO4↓ ЕК = 3,2·10-7

Ca2+ + SO42- ↔ CaSO4↓ ЕК = 2,5·10-5


CaSO4 тұнбасының ерігіштігі айтарлықтай жоғары, сондықтан тұнбаның ерігіштігін төмендету үшін этил спиртін қосады, өйткені оның диэлектрлік өткізгіштігі суға қарағанда нашар болып келеді. Сондықтан этил спирті III аналитикалық топтың катиондарының тұнбаларының ерігіштігін төмендетеді және ол Са2+ катионының толық тұнуына жағдай жасайды.

Барий, стронций, кальций сульфаттары қышқыл мен сілтілерде ерімейді, CaSO4↓ концентрлі (NH4)2SO4 ерітіндісінде еріп, комплексті қосылыс түзеді:

CaSO4↓ + SO42- [Ca(SO4)2]2-

Бұл реакция жүйелік талдауда кальцийді бөліп алу үшін қолданылады. Гипс суы ( CaSO4 қаныққан ерітіндісі) Ва2+ және Sr2+ иондарының сульфаттарын тұндырады :

CaSO4↓ ↔ Са2+ + SO42-,

Ba2+ + SO42- ↔ BaSO4↓,

Sr2+ + SO42- ↔ SrSO4↓.


BaSO4 ерігіштігі төмен болғандықтан, тұнба тез түзіледі. SrSO4 тұнбасының ерігіштігі жоғары болғандықтан ол жай, лай күйінде болды, тек қыздырған кезде тұнба түзіледі. Са2+ катиондары гипс суымен тұнбайды. CaSO4 (S(CaSO4)=5·10-3 моль/дм3) тұнбасының ерігіштігі жоғары болғандықтан SO42- ионы CaSO4 тұнуына жеткіліксіз болады. Гипс суымен Sr2+ иондарын анықтау үшін ерітіндіде Ва2+ ионы болмауы керек.

Карбонат иондары Ва2+, Sr2+, Ca2+ иондарын ақ кристалды тұнба түрінде тұндырады:



Ва2+ + СО32- ↔ BaCO3↓ ЕК = 4,0 ∙ 10-10,

Sr2+ + СО32- ↔ SrCO3 ЕК = 1,0 · 10-10,

Са2+ + СО32- ↔ СаСО3↓ ЕК = 3,68 · 10-9.


Карбонат тұнбаларын минералдық (НС1, HNO3) және сірке қышқылдары ерітеді:

BaCO3↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2О + СО2↑,

ВаСО3↓ + 2СН3СООН → Ва2+ + Н2О + СО2↑ + 2СН3СОО- .



Хромат иондары барий және стронций иондарымен сары түсті тұнба түзеді:

Ва2+ + СгО42- ↔ BaCrO4↓ ЕК = 1,2 · 10 -10,

Sr2+ + СгО42- ↔ SrCrO4↓ ЕК = 3,6 · 10-5.



Кальций хроматының ерігіштігі жақсы (=2,7·. ВаСгО4 және SrCrO4 тұнбалары минералдық қышқылдарда ериді:

2ВаСгО4↓+ 2Н+ → 2Ва2+ + Сг2О72- + Н2О.

SrCrO4 тұнбасының ВаСгО4 тұнбасынан ерекшелігі ол сірке қышқылында ериді:

SrCrO4↓ + CH3COOH → Sr2+ + HCrO4- + СНзСОО-.

Бұл қасиеттерді Sr2+ және Са2+ қатысында I топ катиондарын анықтауда және бөлуде пайдаланады. Сірке қышқылы ортасында К2СгО4 әсерінен III аналитикалық топ катиондары тек ВаСгО4 тұнбасын түзеді.

Оксалат иондары III аналитикалық топ катиондарымен ақ түсті кристалды тұнба түзеді:



Ва2+ + С2О42- ↔ BaC2O4 ЕК = 1,1 · 10-7,

Sr2+ + С2О42- ↔ SrC2O4↓ ЕК = 1,6 · 10-7,

Са2+ + С2О42- ↔ CaC2O4↓ ЕК = 2,3 · 10-9.


тұнбалары минералды қышқыл ерітінділерінде ериді:

BaC2O4↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2С2О4,

бірақ сұйытылған сірке қышқылында ерімейді, бұл қасиетін жүйелік талдау жолында Ва2+ және Sr2+ иондарын ерітіндіден бөліп алғаннан кейін Са2+ ионын алуға қолданады.

Са2+ иондарын анықтауда H2SO4 ерітіндісімен микрокристаллоскопиялық реакцияға түсіп, нәтижесінде CaSO4·2H2O кристалдық гипс түзіледі. Бұл кристалдарды микроскоп арқылы қарғанда BaSO4 және SrSO4 кристалдарынан айырмашылығын көруге болады, сондықтан бұл реакция Са2+ иондарын Ва +2 және Sr2+ қатысында анықтауға мүмкіндік береді.

11.3.1 Үшінші аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау

III аналитикалық топ катиондарын этанол қатысында 1М H2SO4 ерітіндісімен тұндырады. Этанол CaSO4 ерігіштігін төмендетеді. Сульфат тұнбаларын еріту өте қиын (сілтілік жер металдардың сульфаттары не қышқылда не сілтіде ерімейді), сондықтан тұнбаны карбонатқа айналдырып қайта тұндырады:



SrSO4↓ + СО32- → SrCO3 ↓ + SO42- .

Мұндай реакция BaSO4 үшін қалыпты жағдайда жүру мүмкін емес, себебі ЕК(BaSO4)<ЕК(ВаСО3). Бірақ есептеулер көрсеткендей концентрациялардың қатынастары  болғанда, сульфаттың карбонатқа айналуы толық жүреді, ол үшін тұнбаны бірнеше рет Na2CO3 ерітіндісін қосып қайнатады.

III аналитикалық топ катиондарының карбонат тұнбаларын сірке қышқылында ерітіп, Ва2+ иондарын К2СгО4 ерітіндісінің әсерімен анықтайды. Осыдан кейін Ва2+ иондарын ВаСгО4 түрінде бөліп алады , ерітіндіде Sr2+ мен Са2+ иондары қалады. Sr2+ иондарын гипс суымен қыздырып анықтайды. Са2+ иондары гипс суымен әрекеттеспейді. Sr2+ иондарын ерітіндіден қаныққан аммоний сульфатының ерітіндісімен бөліп алады. Бұдан SrSO4↓ түзіледі, ал Са2+ иондары ерітіндіде [Ca(SO4)2]2- түрінде қалады. SrSO4 тұнбасын центрифугалап (NH4)2C2O4 ерітіндісінен бөліп алғаннан кейін сірке қышқылы қатысында Са2+ иондарын анықтайды.

III аналитикалық топ катиондарының қоспаларының жүйелік талдау жолы 3-сызбанұсқада көрсетілген.

3-сызбанұсқа



III аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет