«Үздік флипчарт сабақ» аудандық байқаудың ережесі Жалпы ереже



Дата08.09.2017
өлшемі55,66 Kb.
#30430
ҚОСЫМША№1
«Үздік флипчарт сабақ»

аудандық байқаудың ережесі



  1. Жалпы ереже

Ереже байқаудың мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін, оны өткізу тәртібі мен мерзімін, байқауға қатысу шартын және оның қорытындысын шығару мен марапаттау рәсімдерін анықтайды.

  1. Байқауды ұйымдастырушылар

Байқауды ұйымдастырушы – Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі.


  1. Байқаудың мақсаты

Байқаудың мақсаты - оқыту процесінде интерактивті құралдарды қолданудың озық тәжірибесін жинақтау және тарату, ACTIVSTUDIO бағдарламасының көмегімен жасалған үздік сабақты анықтау және тарату, мұғалімдердің кәсіби деңгейінің өсуі мен әдістемелік шеберліктерін дамыту.


  1. Байқаудың міндеттері:

  • мұғалімдердің оқыту процесіне интерактивті құралдарды қолданудың кәсіби және ақпараттық игеруін анықтау;

  • қазіргі замандағы ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту процесіне енгізу шарттарына байланысты пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру;

  • интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалануда оқыту-тәрбиелеу процестерінде қолдануды дамыту;

  • дарынды мұғалімдерді анықтап, шығармашылық қолдау көрсету;

  • мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

  • ACTIVSTUDIO бағдарламалық құралының мүмкіндіктерін оқыту-тәрбиелеу процестерінде тиімді қолдануда мұғалімдердің жаңашыл педагогикалық тәжірибелер банкін толықтыру;

  • интерактивті құралдарды пайдалануда тиімді әдістерді анықтау.




  1. Байқауды өткізу уақыты

Байқау екі кезеңде (іріктеу, финал) өткізіледі:

І қезең – Аудандық. 2016 жылдың ақпан айының 25 күні сырттай өткізіледі.

ІІ кезең – Облыстық. ІІ кезеңге өткен үздік жұмыстар 2016 жылдың 3 наурызында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу –әдістемелік кабинетіне презентацияда қорғауға жіберіледі.

Байқауды қорытындылау мен марапаттау 2016 жылдың 3 наурызында өтеді.




  1. Байқауға қатысу шарттары

Байқаудың сырттай кезеңіне аудандағы жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері жіберіледі.

Байқаудың ІІ кезеңіне сырттай іріктеуден өткен үздік жұмыстар жіберіледі.



  1. Жұмыстарды байқауға жіберу реті

Өтініштер мен байқау материалдары электронды түрде (CD, DVD) 2016 жылдың 24 ақпанына дейін төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады.

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі, №11 кабинет.

Қосымша ақпараттар: 2-26-40, 87779432299 К.М.Медеров



2016 жылдың 24 ақпанынан кейін жіберілген жұмыстар қабылданбайды.

Байқау жұмыстары рецензияланбайды және қайтарылмайды.


8. Бағалау реті

І кезеңде (іріктеу) байқау жұмыстары төмендегідей бағаланады:

    • оқушылар үшін жаңашалық деңгейі;

    • интерактивті құралдар мен оқыту түрлерін тиімді пайдалану;

    • мазмұнының толықтығы және ғылымилығы;

    • сабақтың практикалық бағыты;

    • оқыту материалының жүйелілігі мен бірізділігі;

    • бағдарламаның міндеттеріне сәйкес оқыту материалының ашылу тәсілдері;

    • ресурстарды пайдаланудағы саны мен сапасы;

    • ACTIVSTUDIO құралдар жиынтығын дұрыс қолдану;

    • бағдарлама мазмұнының мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы;

    • безендірілуі;

    • мазмұны.


II кезеңде (финал) мыналар ескеріледі:

            • жобаны қорғау шеберлігі (нанымдылығы, дәлелділігі, сауаттылығы);

            • жоба мазмұнын көрсетудің бірегейлігі;

            • жобаны таныстырудың талапқа сәйкестігі (техникалық және ұйымдастырушылық дайындық).

Әр жобаны қорғауға 20 минут уақыт беріледі.

9. Байқаудың қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқау тұжырымдамасын, оны өткізу тәртібін анықтап, қазылар алқасын бекітеді. Байқау туралы ережелер мен ағымдағы құжаттарды дайындайды. Сонымен қатар байқау кезеңдері мен материалдарын бағалау мен сараптауды ұйымдастырады.

Қазылар алқасы тапсырылған жұмыстардың сапасын, мазмұны мен безендірілуін, шығармашылық және кәсіби деңгейін бағалай отырып, жұмыстың негізгі идеясының маңыздылығы мен дәйектілігін, бірізділігін қадағалайды.

Қазылар алқасының шешімі хаттамамен толтырылып, Ұйымдастыру комитетінің төрағасы мен хатшысының қолымен бекітіледі.


10. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі

    1. Жеңімпаздар қазылар алқасының шешімімен жоғарыда қойылған талаптар мен белгілерге сәйкес (7, 9 тармақтар) анықталады.

    2. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және аталымдармен марапатталады.


Байқауға қатысуға сұраныс


1.

Байқауға ұсынылатын материалдар туралы мәлімет

1.1

Пәні




1.2

Сабақтың тақырыбы




1.3

Сыныбы




1.4

Өткізу тілі




2.

Қатысушы туралы мәлімет

2.1.

Тегі




2.2.

Аты




2.3

Әкесінің аты




2.4.

Білімі




2.5.

Ғылыми атағы, дәрежесі




2.6.

Біліктілік санаты




2.7.

Педагогикалық өтілі




2.8.

Жұмыс орны




2.9.

Лауазымы




2.10.

Мекен-жайы




2.11.

Байланыс телефоны




2.12

Электронды поштасының мекен-жайы




Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет