Ms-Access-тің ішінде «MyWorld: мәліметтер қоры» атты терезе пайда болады.
Келесі команданы орындаңыз: Файл – Сыртқы мәліметтер – Импорт. Пайда болған терезеде Елдер.xls (папка Дайындаулар) папкасын табыңыз. Әрі қарай шебердің белгілерін қадағалаңыз. Нәтижесінде «MyWorld: мәліметтер қоры» терезесінде «Елдер» атты кесте пайда болады.
Егер Access-те маңызды элементтердің атаулары (мысалы, кестелердің атаулары және өріс деп те аталатын кесте бағаналарының атаулары) бос орынға ие болса, онда ол әрі қарай бірқатар мәселе туғызуы мүмкін. Сондықтан оларды қайта атаумен айналысамыз.
«Ауылдық ерлер» өрісінің атауын «АуылЕр» деп өзгертіңіз.
«Ауылдық әйелдер» өрісінің атауын «АуылӘйел» деп өзгертіңіз.
«Сақтау» батырмасын басыңыз және кейбір мәліметтердің жоғалуы мүмкін деген пайда болған ескертуге «Иә» (орындауды жалғастыру) деп жауап беріңіз.
Одан кейін конструктордың терезесінде «Түр» (саймандар тақтасында шетінен сол жағында) батырмасын шертіңіз және кестенің барлық мәліметтері өздерінің орнында екендігіне көз жеткізіңіз.