Зертханалық жұмыс №2
Мәліметтермен әрекеттесу тілі
Мақсаты: Мәліметтермен әрекеттесу тілін оқу.
Теориялық мәлімдеме:
Мәліметтермен әрекеттесу тілі (DML) пайдаланушыға реляциялық мәліметтер қорының мәліметтеріне нақты өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін SQL-дің бөлігі болып табылады. DML көмегімен пайдаланушы кестелерге жаңа мәліметтерді енгізуіне немесе бар болатын мәліметтерді жаңартуға және жоюға болады. SQL-де DML-дың үш негізгі бұйрықтары бар: INSERT, UPDATE, DELETE.
Жұмыстың орындалуы:
1.1-сурет:INSERT бұйрығының көмегімен кестеге мәліметтер енгізу
Кестеге жаңа мәліметтерді енгізу үшін INSERT операторы қолданылады. Оның түрі келесідей:
INSERT INTO кесте_аты
VALUES ('мән1', 'мән2', [ NULL ] )
Б) кестенің белгілі тік жолдарына мәліметтерді енгізу.
Егер де мәліметтерді кестенің барлық емес, тек белгілі тік жолдарына енгізу керек болса, INSERT операторында VALUES тізімімен бірге сәйкес тік жолдар тізімінде көрсеті керек:
INSERT INTO кесте_аты ('ТІК_ЖОЛ1', 'ТІК_ЖОЛ2',) VALUES ('МӘН1', 'МӘН2');
1.2-сурет: INSERT бұйрығының көмегімен шоттар кестесіне мәліметтер енгізу
Достарыңызбен бөлісу: |