Зертханалық жұмыс



бет2/3
Дата16.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#185776
1   2   3
Байланысты:
hromotografija-11kaz

Қажетті заттар :

  • 1,85% -этил спирті, бидай және фикус жапырақтары.
  • Хроматографиялық қағаз
  • Өзен құмы
  • Пластик тамшуыры
  • Қалам және сызғыш
  • Фарфор табақша және ұккіш
  • Шыны стакан - 50 мл
  • Шыны тамшуыры
  • Ақ фарфор плиткасы

Экспериментальды құрылғы

Жұмыс барысы

  • Бидай мен фикустың туралған жапырақтарын бөлек фарфор табақшасына салыңыз.
  • • Оларды 5 мл этил спиртіне салыңыз, 1 грамм бор мен 1 грамм өзен құмын қосыңыз.
  • • Алынған қоспаны мұқият үгітіңіз. Алынған ерітіндіні шайыңыз.
  • • Өлшемі 2х10 см фильтр немесе хроматографиялық қағаз алыңыз.
  • • Қағаздың төменгі жиегінен 1 см қашықтықта қарапайым қаламмен көлденең сызық сызыңыз.
  • • Көлденең сызыққа пластикалық тамшуырдың көмегімен алынған сығынды ерітіндісінің тамшысын тамызыңыз.
  • • Тамшыны құрғатыңыз
  • • Қағазды алкогольге тиіп кетпейтіндей етіп, 50 мл стаканға 2-3 мл этил спиртін құйыңыз.
  • • Қағазды ерітіндіге 10-15 минутқа қалдырыңыз. Фотосинтетикалық пигменттер келесі ретпен орналасады: төменде жасыл (хлорофиллдер), ортасында сары (ксантофилл) және ортасында (каротиноидтар).
  • • Пигмент жүретін қашықтықтың еріткішпен жүретін қашықтыққа қатынасы Rf тұрақтысы деп аталады . Молекуланың әр түрі өзінің Rf мәніне ие.
  •  

Жүмыс реті

Есептеулер

  • Пигмент өткен қашықтық мөлшерін еріткіш өткен қашықтық мөлшеріне бөліңіз

Пигмент өткен қашықтық
Еріткіш өткен қашықтық
Rf = Пигмент жылжыған қашықтығы (mm)
Ерітінді жылжыған қашықтығы (mm)

Оқушылар жұмысы


Өсімдік жапырақтарының пигменттері жолақтарға анық бөлінуі. Оқушылар Rf мәнін әрбір пигментке бөлек-бөлек табады.

Зертханалық жұмыс нәтижелерінің кестесі


Жолақ түсі

Өсімдік пигменті

Пигмент жылжыған қашықтығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет