Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Мамандықтар: 0705000 -«Пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу»



бет14/18
Дата31.01.2023
өлшемі0,73 Mb.
#166984
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
zerthanalyқ-zhұmystardy-oryndauғa-arnalғan-nұsқaulyқ

Бақылау сұрақтары:

  1. Электр шамының құрылысын ата.

  2. Қуаттың қандай бірліктері практикада қолданылады?

  3. Электр плиткасын жөндегенде оның спиралы алғашқы ұзындығының 0,1 бөлігіндей қысқартылған. Плитканың қуаты неше есе өзгереді?

  4. Неліктен электр қыздырғыш приборлардың спиральдарын меншікті кедергісі көп материалдардан жасайды?

  5. Тігін машинасының паспортында 220В, 0,5А деп жазылған. Машина двигателінің қуаты қандай?



19 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Линзаның фокус қашықтығы мен оптикалық күшін анықтау»
Мақсаты: Линзаның фокус қашықтығы мен оптикалық күшін анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру


Құрал жабдықтар: сызғыш, жинағыш линза, ақ түсті экран, шырақ.


Жұмыс барысы:

  1. Шырақты партаның бір шетіне, экранды екінші шетіне орналастырып, олардың арасына линзаны қою.

  2. Экранда шырақ жалынының анық кескіні пайда болғанша линзаны партаның бойымен жылжыту.

  3. Шырақтан линзаға дейінгі ара-қашықтықты (d1) және линзадан экранға дейінгі арқашықтықты (f1) анықтау.

  4. Линзаның бас фокус қашықтығын формула арқылы анықтау:

,
линзаның оптикалық күші:
.

  1. Егер үлкейтілген кескін алынған болса, екінші анық кескін линза экранға қарай жылжытылғанды алынады. Егер кескін кішірейтілген болса, онда екінші кескінді алу үшін линза шыраққа қарай жылжытылады.

  2. Шырақтан линзаға дейінгі ара-қашықтықты (d2) және линзадан экранға дейінгі ара-қашықтықты (f2) қайта өлшеу. Линзаның фокус қашықтығы мен оптикалық күшін анықтау.

  3. Линзаның бас фокус қашықтығы:

,
линзаның оптикалық күші:
.

  1. Линзаның бас фокус қашықтығы мен оптикалық күшінің орташа мәнін анықтау:

; ;

  1. Шырақ жалынының анық кескінін алатындай етіп, шырақты линзадан кез-келген қашықтықта орналастыру. d3 және f3 ара-қашықтықтарын өлшеп, дәптерге жазу.

  2. Фокус қашықтығы F мәнін біле отыра, линзадан экранға дейінгі қашықтықты есептеу.

  3. Формула бойынша есептеп шығарған және тәжірибе жүзінде анықталған f3 мәндерін салыстыру. Қорытынды жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет