Бақылау сұрақтары:
Жарықтың сыну заңы.
Сыну көрсеткіші дегеніміз не?
Абсолют сыну көрсеткіші дегеніміз не?
Қандай жағдайда сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші, ал қандай жағдайда үлкен болады?
Жасаған зертханалық жұмыста жарық қандай орталардан өтеді?
Түсу бұрышы мен сыну бұрыштарын салыстыр.
№ 16 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Конденсатордың электр сыйымдылығын анықтау»
Мақсаты: Конденсатордың электр сыйымдылығын анықтау барысында білімдерін,біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Құрал жабдықтар: ток көзі (4-6 В), миллиамперметр, сыйымдылықтары анықталған екі конденсатор, сыйымдылығы белгісіз конденсатор, екі полюсті кілт, жалғау сымдары.
Жұмыс барысы:
Электр тізбегін жинау. Тізбекке сыйымдылықтары белгілі конденсаторлардың бірін қосу:
Конденсаторды зарядтау: ол үшін оны кілт арқылы ток көзіне аз уақытқа қосу.
Миллиамперметрге аса назар аудара отырып, конденсаторды кілт арқылы өлшеу құралына жылдам қосу. Тілшенің ең үлкен ауытқуына сәйкес келетін бөлік санын анықтау.
Бөлік санының дәл мәнін анықтау үшін тәжірибені қайталау. Бөлік санының (n) алынған конденсатордың сыйымдылығына (C) қатынасын табу:
;
Сыйымдылығы белгілі екінші конденсатормен тәжірибені қайталау. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін кестеге жазу.
Тәжірибені сыйымдылығы белгісіз конденсатормен (Cx) қайталау. Бұл жолы бөлік санын анықтап (nx) келесі қатынастан сыйымдылығын табу:
;
Оқытушыдан зерттелетін конденсатордың сыйымдылығын біліп, оны кестедегі мәні ретінде алып, абсолютті және салыстырмалы ауытқуларды анықтау:
; ;
1) ; 2) ;
3) ; 4) ;
5) ; 2мкФ
6) ;
Достарыңызбен бөлісу: |